М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Кафедра: Химия және биология
СӨЖ
Тақырыбы: Бірінші реттік қабық тіндері. Анатомиялық, морфологиялық құрылысы және олардың жіктелуі. Ассимиляциялық және қор жинаушы ұлпалардың құрылысы мен қызметі. Аэренхима.
Курс: 1
Тобы: Б-21-3
Орындаған: Акынова Томирис
Қабылдаған: Бейсембаев Мақсат
Тараз 2022 ж.
Лекция №4
Жоспар:
1. Бірінші реттік қабық тіндері
2. Анатомиялық, морфологиялық құрылысы және олардың жіктелуі
3. Ассимиляциялық және қор жинаушы ұлпалардың құрылысы мен қызметі
4. Аэренхима
Бірінші реттік қабық тіндері
Өсімдіктердің клеткасының жануарлардың клеткасынан айырмашылығы сол, олардың жақсы жетілген, әдетте қатты қабықшасы болады. Клетка қабықшаларының жиынтығы өсімдікке мықтылық беретін, оның қаңқасын (скелетін) түзеді. Әр түрлі заттардың өсімдіктің бойына сіңірілуіне және тасымалдануына қабықшаның маңызы аса зор. Ол көп жағдайда протопластқа қарағанда ұзақ сақталады, соған байланысты тіпті өлі клеткалардың өзі әр түрлі қызметтер атқаруын тоқтатпайды.
Алғашқы қабықша. Алғашқы қабықша клетканың бөлінуінің нәтижесінде пайда
болады. Телофазаның соңына таман клетканың экваториалдық бөлігінде клеткалық табақша пайда болады, келешегінде ол орталық табақшаға айналады. Ол негізінен пектинді заттардан тұрады. Клеткалық табақшаға, әрбір жас клетканың протопласты алғашқы қабықшаны бөліп отырады. Оның қалыңдығы
0,1—0,5 мкм. тең. Алғашқы қабықшаның құрамына негізінен пектинді заттар, гемицеллюлозалар және целлюлоза (барлығы 10—12%), сонымен бірге көп мөлшерде су кіреді. Қабықшаның түзілуі және оның өсуі Гольджи аппаратының және плазмаллеманың тіршілік әрекетіне байланысты болады. Алғашқы
қабықшаның өсуі оған плазмаллеманың сыртынан синтезделетін целлюлозаның молекуласының және Гольджи көпіршігі жеткізетін аморфты пектинді заттардың өтуіне байланысты болады (1-сурет).
1-сурет. Алғашқы қабықшаның өсуі (сызба-нұсқасы): 1-диктиосома; 2-Гольджи көпіршіктері; 3-плазмалемма; 4-алғашқы қабықша; 5-пектинді заттар; 6-целлюлозаның микрофибрилдері
Екінші реттік қабықша. Алғашқы қабықшаның іш жағынан жаңа қабаттардың түзілуінің нәтижесінде пайда болады. Бұл жағдайда қабықша қалындап өседі, ал клетканың қуысының көлемі кішірейеді. Екінші реттік қабықшаның қалыңдығы клетканың арнайы мамандануына байланысты болады және 1 ден 10 мкм. арасында ауытқып отырады. Екінші реттік қабықша, әсіресе арқаулақ қызмет атқаратын клеткаларда қалың болады. Бойымен су жүретін клеткаларда екінші реттік қабықша сақиналар, спиральдар тәрізді бөлініп отырады, немесе қалындығы тегіс болмайды.
Екінші реттік қабықша негізінен целлюлозадан (90% дейін) және гемицеллюлозадан тұрады. Оңда пектиңді заттар мен судың мөлшері алғашқы қабықшаға қарағаңда әлде қайда аз болады. Целлюлозаның молекуласының параллель орналасуы, қабықшаның ішкі қүрылысының жұқа жүйесін түзеді. Бірнеше ондаған жіп тәрізді молекулалар бірігіп мицеллалар
түзеді, олардан микрофибриллдер пайда болады (2-сурет).
2-сурет. Сүректік талшықтың клеткаларының қабықшалары (сызба-нұсқасы ):
А-жеке талшық; Б-талшықтың көлденең кесіндісі мен фибрилдің, микрофибрилдің, мицеллдің және целлюлозаның молекуласының көрінуінің жүйелілігі: 1-фибрилдер; 2-микрофибрилдер; 3-мицелдер; 4-целлюлозаның молекуласы; 5-орталык табақша; 6-алғашқы қабықша; 7-целлюзаның молекуласы; 8-соңғы қабықшаның ішкі қабаты; 9-соңғы қабыкшаның сыртқы қабаты; 10-соңғы қабықшаның ортаңғы бөлігінің қабаты.
Ассимиляциялық_және_қор_жинаушы_ұлпалардың_құрылысы_мен_қызметі'>Ассимиляциялық және қор жинаушы ұлпалардың құрылысы мен қызметі
Өсімдіктің әртүрлі органдарының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды. Сонымен бірге оларды орындаушы паренхима, негізгі паренхима, немесе жай паренхима деп те атайды. Негізгі ұлпалар клетка
қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың клетка аралық қуыстары болады. Паренхималық клеткалар әртүрлі қызмет атұқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор заттары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқада қызметтер атқарады. Негізгі ұлпалардың мынандай түрлері болады.
Ассимиляциялық, немесе хлорофилл тузетін, паренхима (хлоренхима). Жапырақтарда және жас сабақтардың қабағында орналасады. Ассимиляциялық паренхималардың клеткаларында хлоропластар болады. Олар фотосинтез процесін іске асырады.
Қор жинаушы ұлпалар. Негізінен сабақтың өзегінде, тамырдың тоздық бөлігінде, сонымен бірге көбею органдарында дәндерінде, жемістерінде, баданаларында, жерасты түйнектерінде және басқаларда жиналады.
Қорлық ұлпаларға шөлді аймақтарда өсетін өсімдіктердің бойына су жинайтын ұлпаларында жатқызуға болады (кактустардың, алоэнің және т.б.).
Сорушы ұлпалар. Бұл ұлпаларға тамырдың, тамыр түктері бар аймағындағы (зонасындағы) клеткалардың (эпиблема) тобы жатады.
Ауалық ұлпа (аэренхима). Бұл ұлпа әсіресе өсімдіктің су асты органдарында, ауадағы және тыныс алу үшін қажетті тамырларында жақсы жетілген. Олардың клетка аралық қуыстары аса үлкен болып келеді және
өзара байланысып, ауаны тазартып тұратын бір жүйе түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |