Лекция 5 жк ааж құрылымының қалыптасуы



Дата28.09.2024
өлшемі160,27 Kb.
#146064
түріЛекция
Байланысты:
лекция 5


Лекция 5
ЖК ААЖ құрылымының қалыптасуы

Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – осындай жүйелерді жобалаудың негізгі принциптері ескеріліп, кезең бойынша қалыптасады. Жаңа, едәуір арзан, әрі жетілген компьютерлік технологиялар жасалған сайын жалпы жүйенің автоматтандырылған құрамды бөліктері ұлғайтылып, мейлінше жетілдірілуде.


Жер кадастрын жүргізудің бұрынырақ жасалған автоматтандырылған жүйелеріне мына кезеңдер кірді:
жер ресурстарын талдау, әрі пайдалануды шаруашылық жағынан бағалаудың автоматтандырылған жүйесін жасау және енгізу;
жер ресурстарын талдау және пайдалану ішкі шаруашылық бағалаудың автоматтандырылған жүйелері;
автоматтандырылған деректер банкісі бар ауылшаруашылық кәсіпорындарының іс-әрекеттерін шаруашылық-өндірістік бағалаудың экономикалық көрсеткіштері мен жер ресурстарын пайдаланудың ақпараттық жүйелері;
шаруашылық, аудан, облыс, республика және жалпы ел бойынша жер балансын құрудың автоматтандырылған жүйелері;
салааралық ақпараттық «Табиғи ресурстар» жүйесінің құрамындағы су және орман кадастрын жүргізу жүйелерін, ресурстық потенциалды бөлуді оңтайландыратын ақпараттық-есептеуіш жүйелері бар жер кадастрын жүргізетін жүйелердің өзара әрекетін қамтамасыз ету.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жасау технологияларын жетілдіретін тәсілдердің бірі – отандық, сондай-ақ шетелдік ұшқыштық жобалық шешімдерді жасау және оны кең түрде қолдану. Осындай тәсіл кезінде ЖК ААЖ қалыптастыру (жобалау) модульдікке айналады; модуль ретінде экономикалық және табиғи сипатты нақты жағдайларға байланысты,
дайын типтік жобалық шешімдер қолданылады.
Жер туралы ақпараттарды сақтауды және оның дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында программалық-техникалық кешен – ел, аумақ деңгейінде мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
рұқсат берілмеген жағдайдан қорғайтын сертификатталған жүйенің болуы;
пайдаланылатын программалық регламенттелген тізімі;
ақпараттарды енгізудің арнайы шараларын орындауды қамтамасыз ету;
мұрағат көшірмелерін мерзімді басып шығарып, оларды жоғары тұрған деңгей мұрағатына жіберу;
машина және қағаз тасымалдаушыда қайталау есебінен апат кезінде ақпараттардың сақталуы.
Деңгейлердің әрбірінің жүйе тармақтарының жұмысын қамтамасыз ететін программалық-техникалық құралдардың мұндай кешені жеке және қажет кезде едәуір қуатты ЭЕМ жергілікті желісі түрінде жүзеге асырылады.
Жер-ақпараттық деректер сапасын қамтамасыз ету үшін қосымша техникалық құрал-жабдықтар: графоқұрушылар, сканерлер, дигитайзерлер, т.б. қолданылады.
ЖК автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жаңа компьютерлік технологияларды енгізу жағдайында қалыптастыру да кезең бойынша таралады.
Жүйелерді қалыптастыру мен жүзеге асыру кезеңділігі мынадай негізгі факторларға байланысты: оның қандай да бір бөлімдерін жасауға және жүргізуге кеткен шығындардың парапарлығы; оларды шаруашылық механизмде пайдалану тиімділігі; уакыттың белгілі бір кезеңінде мемлекеттің
инвестициялық саясаты мен қоғамның нақты қаржы ресурстарының басымдылығы.
Аталған факторлар ескеріліп, автоматтандырылған жүйені жасау мен таратудың бірінші кезеңінде жердің және оған тығыз байланысты мүліктің меншік иелерінің, ие адамдардың, пайдаланушылар мен жалға алушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ететін, жер үлескілеріне құқықты тіркейтін жүйе жасалып, енгізіледі. Тіркеудің мұндай жүйесі – түрлі деңгейде бюджетке жер мен мүліктен әртүрлі мәміледен, жер үлескілеріне төленген төлемнен қаржының түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жүйенің қалыптасуы, картографиялық материалдарды цифрлаумен қандай да бір дәрежеде байланысты барлық мекеменің деректер базасын жасау жөніндегі жұмысқа, сондай-ақ автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдалану, әрі оған қызмет көрсету жөніндегі кадастрлық қызмет көрсету – орталық желісін құруға және ұйымдастыруға қатыстыруды қарастырады. Мұндай орталық қызметіне:
жүйе құрам бөліктерін программалық қамтамасыз етуді қондыру;
жер кадастрын жүргізудің автоматтандырылған технологияларын енгізуді ұйымдастыру және қатысу;
жүйені пайдалану процесінде қажетті консультациялық қызмет көрсету;
жүйе персоналын оқытуды ұйымдастыру, өткізу;
жүйенің техникалық құралдарына кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қатысу.
Осы кезеңде барлық деңгей мен топтағы ЖК автоматтандырылған жүйесінің бірінші кезеңін бағдарламалық қамтамасыз етуді жасауды аяқтау. Кадастрлық орталықтарды, бөлімдерді, бюроларды немесе жеке топтарды техникалық жабдықтау, заңдық жоспарда жер кадастры мен оның бөлімдерінің нормативтік-құқықтық базасын жасау, әрі бекіту. Жүйе ішінде
ақпарат алмасуды, оны пайдаланушыларға ұсыну ретін регламенттеу, сондай-ақ, шектес ақпараттық жүйелермен немесе блоктармен үйлестіруге және өзара әрекетке байланысты мәселелерді шешу болжанады.
Деректер базасының құрылымы – оның құрамына енетін жазбаларды орналастыру логикасымен, логикалық байланысты жазбаларға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған құралдармен анықталады. Жүйедегі деректердің логикалық құрылымының қалыптасуы – оның тиімділігін анықтайтын едәуір маңызды факторлардың бірі. Мысалы, деректер
базасының жазбаларына:
жер үлескілері мен аумақтық алаптардың орналасуы туралы мәліметтер;
пайдаланылатын жердің мөлшері мен сапасы туралы деректер;
жерге шаруашылық ішкі баға жүргізуге мүмкіндік беретін деректер (жер алаптары мен үлескілерінің идентификаторлары, топырақ түрлері контурының саны мен нөмірі, үлескі ауданы, ауылшаруашылығына пайдаланылатын жердің түрлері мен түр тармақтары, топырақ типтері, топырақтың гранулометриялық (түйіршіктік) құрамы, қарашірік қабатының қалыңдығы, топырақтың су режімінің жағдайы, басым еңістер (ылди), су және
жел эрозиясының жағдайы, микрорельеф, оның тастылығы, тұздылығы, ортаңдығы, мәдениеттендіру дәрежесі, үлескінің сырт пішіні мен механикаландыру жағдайы, пайдаланылатын жерді жалпы және ішінара бағалау);
кадастрлық баға жүргізуге мүмкіндік беретін деректер (жер аудандары мен топырақтың агроөндірістік топтарының түрлері, мелиорация жағдайы, жерді жергілікті бағалау балы бойынша бөлінген жерді пайдалану түрлері мен факторлары бойынша жер-бағалау деректері);
шаруашылықты жүргізудің және меншіктің барлық формаларының заңды тұлғаларының жылдық есебінің деректері; оған өндірістің, еңбек ресурстары көрсеткіштерінің топтары, негізгі қорлар, еңбек заттары мен материалдық қорлардың жағдайы, қозғалысы мен пайдаланылуы, өндірістік өнім мен жалпы табыстың, қаржының бөлінуі кіреді.
Мұндай жазбалар қатаң ережеге сәйкес белгілі бір пішінде беріледі және оңай орнатылатын байланысқа ие. Жүйе пайдаланушыларының талаптарын қанағаттандыру үшін әр–алуан файлдың құрылымы бар автоматтандырылған деректер банкі жасалады. Міндеті мен қолданылу тәсілі бойынша файлдар былай бөлінеді:
ауыспалы ақпарат (кіріс және есеп деректері);
нормативтік-анықтамалық ақпарат (жерді бағалау шкаласының деректері);
метаақпарат (жіктеушілер, индекстер мен басқа қызметтік ақпарат).
Файлдарды бұлай бөлу, ақпараттарды жерді бағалаудың нәтижелік көрсеткіштерін есептеу үшін тұрақты (бағалау шкаласының деректері, қолданылатын жіктеушілер жиынтығы) және өзгермелі (пайдаланылатын жерді бөлу деректері, шаруашылық жерін бағалау ведомосы, жылдық есеп деректері, т.б.) деп бөлуге байланысты.
Тұрақты ақпараттар ЭЕМ-ге бір рет енгізіледі, басқа бөлігі–деректер базасының қызмет етуі және жіктеу нәтижесінде түзіледі .Қолданыстағы жергілікті автоматтандырылған кадастрлық жүйелер жаңа талаптарға талғанады да, деректердің бірыңғай жүйесіне қосылады.
Екінші кезеңде – барлық деңгейдегі деректердің жер-ақпараттық банкінің қалыптасуын қосқанда, жүйенің екінші кезегі жасалады. Осы кезеңнің маңызды міндеттерінің бірі – жүйені жасауды, құру мен пайдалануды қамтамасыз ететін мамандарды даярлау және қайта даярлау. Бұл кезде қазіргі заманғы технологияларды, бірінші кезекте – тіркеу жүйесін зерттеуді қарастыру керек.
Жүйенің қалыптасуының екінші кезеңінде – оны жасау, құру және тіркеу шығындарын анықтайтын басты құрамды бөліктер:
программалық-техникалық кешендердің қалыптасуы (сатып алу, қондыру, ендіру);
нормативтік-құқықтық база мен программалық құралдарды жасау және бекіту;
кадрмен қамтамасыз ету;
ақпаратпен қамтамасыз ету;
жүйені пайдалану шығындары.
Жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі, жер реформасын қамтамасыз ету жөніндегі автоматтандырылған жүйенің жүйе тармағы болып
табылады. Ол қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технология негізінде жер қатынастарының объектілері бойынша кадастрлық
ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді және таратуды жүзеге асыратын көп мақсатты арнайы кешен ретінде құрылады.
ЖК ААЖ қызығушылық танытатын пайдаланушыға жер-кадастрлық ақпараттарды мына мақсатта едәуір тиімді жинау, пайдалану, сақтау және беру үшін жасалады:
меншік иелері, ие адамдар, пайдаланушылар арасындағы жер үлескілерін қайта бөлу қарқындылығы мен жерді жекешелендіруге байланысты, жерді тіркеу жөніндегі үлкен көлемдегі жұмыстарды жүргізу жеделдігін арттыру, оларға жерге құқығын белгілейтін сәйкес құжаттарды даярлау және беру;
қызығушылық танытатын барлық пайдаланушыларға жер үлескілерінің жағдайы туралы ақпараттарды жедел, әрі жүйелі беру;
сату үшін аукционға шығарылған жер үлескілері туралы кез келген сұралған ақпараттардың сенімділігі мен жариялылығы;
тұрақты белгіленген арна бойынша, сондай-ақ пайдаланушылардың бір реттік сұрауы бойынша ақпараттарды беруді жедел, әрі көрнекі безендіру.
Жүйенің қалыптасуы – жер кадастрының өзін ақпараттық қамтамасыз
етудің жеке технологиялық процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді:
жер үсті және аэроғарыштық суретке түсіру негізінде әртүрлі әдістермен және тәсілдермен, сондай-ақ зерттеу, картографиялық тізімге алу мен бағалау жұмыстары нәтижесінде алынатын ақпараттарды жинау және өңдеу.
ЖК ААЖ (мүлік кадастры) – иерархиялық жүйе болып табылады. Иерархиялық принципке сәйкес ЖК ААЖ сегменттерінде (бөлім) жер-кадастрлық деректер базасын аумақтық бөлуді құру да жүзеге асырылады.
ЖК ААЖ сегменттерінің әрбірінің құрамынан мынадай құрылымдық элементтерді: функциялық жүйе тармақтары мен қамтамасыз ету түрлерін бөлуге болады.
ЖК ААЖ архитектурасы 1-суретте көрсетілген.
Функциялық жүйе тармақтары – ЖК ААЖ негізгі логикалық құрушылар; жүйеге оның тағайындалуына сәйкес тұтас салынған негізгі
қызметті орындауды қамтамасыз етеді.

Сурет 1. ЖК ААЖ архитектурасы
Әрбір жүйе тармақтары өзара байланысты жиынтық болып табылады:
жер–кадастрлық ақпарат, құрамы мен мазмұны, жүйе тармақтарының міндетімен анықталады;
жер-кадастрлық ақпаратты қалыптастыру, жинау және есепке алудың технологиялық процестері;
ақпаратты өңдеу процестері;
шығыс ақпараттарын ұсыну процестері.
Әрбір жүйе тармақтарын жүзеге асыру, оның қызмет процестерінің үздіксіздігін және тұтастығын қамтамасыз ететін сәйкес бағдарламалық құралдар мен ақпараттық технологияны жасауға негізделеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет