Лекция. Бөлшек сандарды оқыту Жай бөлшектердi оқыту Мақсаты: Бастауыш сыныптарда ондық бөлшектерді үйрету методикасы туралы жалпы мәлімет беру Жоспары



бет1/3
Дата02.03.2023
өлшемі197 Kb.
#71320
түріЛекция
  1   2   3

2-лекция. Бөлшек сандарды оқыту


Жай бөлшектердi оқыту
Мақсаты:Бастауыш сыныптарда ондық бөлшектерді үйрету методикасы туралы жалпы мәлімет беру


Жоспары

1. Ондық бөлшектердің жазылуы


2. Ондық бөлшектерді оқытудың міндеттері мен мазмұны.
3. Бастауыш сыныптарда ондық бөлшектердің жазылуы, оның өзгертілуін оқытуда қолданатын көрнекі - құралдар, дидактикалық жабдықтар.
, , ,…. жай бөлшектерiмен алғашқы рет танысу бастауыш сыныпта натурал сандарды оқытумен параллель жүргiзiледi. Оқушылар санның бөлігін, бөлігі бойынша санды табу есептерін шығара алады.
Бөлшектердi жүйелi түрде оқыту 5-сыныпта басталады. Алдымен жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану‚ одан соң ондық бөлшек тақырыбы оқып-үйретiледi. Ондық бөлшектер жай бөлшектермен салыстырғанда жаңа сандар емес. Олар оқушыларға бұрыннан таныс, бөлiмдерi 10,100,1000 және т.с.с. болып келген жай бөлшектердiң өзгеше түрде жазылу көрiнiсi ғана. Математикалық есептеулер мен практикалық есеп-қисапта ондық бөлшектердi пайдаланған анағұрлым ыңғайлы. Жай бөлшектер практикалық есептеулерде ондық бөлшектерге қарағанда әлдеқайда аз қолданылады.
ЭЕМ ондық бөлшектермен ғана жұмыс iстейдi.
Осыған байланысты математиканы оқыту әдiстемесiнде жай бөлшектер мен ондық бөлшектердi оқытудың тәртiбi туралы мәселе туындайды. Осы мәселені шешудiң мүмкiн болатын тәсiлдерiне тоқталып өтейiк:

  1. алдымен жай бөлшектер, одан кейiн барып ондық бөлшектер оқытылады (дәстүрлi әдiс);

  2. алдымен ондық бөлшектер, кейiннен барып жай бөлшектер оқытылады;

  3. жай бөлшектер мен оңдық бөлшектердi оқыту аралас жүргізіледі.

Қазіргі мектеп бағдарламасы «Математика-5» сынып оқулығында алдымен жай бөлшектер, одан кейiн процент пен пропорциялар, кейiн ондық бөлшектер оқытылады.


Жай бөлшек ұғымын енгізу

«Бөлшек сандар» тақырыбындағы ең негiзгi ұғым жай бөлшек болып табылады. Ол сипаттамалық түрде былай енгiзiледi: теңдей етiп 4-ке бөлiнген алманың суретi қарастырылады. Олардың бiреуi бiр тәрелкеге, ал қалған үшеуi басқа тәрелкеге салынады және былай дейдi: «Бiрiншi тәрелкеде алманың төрттен бiр бөлiгi, ал екiншiсiнде алманың төрттен үш бөлiгi жатыр». Мұны былай жазады: « алма, алма». Бұдан кейiн мұндай және сандарының жай бөлшектер деп аталатыны хабарланады. бөлшегiнде 3 саны бөлшектiң алымы, ал 4 саны оның бөлiмi деп аталады. Бөлшектiң бөлiмi заттың (нәрсенiң) теңдей етiп қанша бөлiкке бөлiнгенiн, ал алымы сондай бөлiктен қаншасы алынғандығын көрсетедi. Алымын бөлшек сызығының үстiне, ал бөлiмiн оның астына жазады. Осындай түсiндiрулер басқа да мысалдар арқылы қайталанады. Алманың орнына теңдей етiп, төртке (сегiзге, алтыға, он екiге) бөлiнген дөңгелектi, (кесiндiнi, тiктөртбұрышты, квадратты) алуға болады.


Осы баяндауға сәйкес жай бөлшектердi енгiзудiң әдiстемелiк схемасы мынадай болады:
1) қарастырылатын затты теңдей етiп бірнеше бөлікке, біздің жағдайымызда 4 бөлiкке бөлу;
2) «төрттен бiр», «төрттен үш» терминдерiн хабарлау;
3) , жазуларын енгiзу;
4) «жай бөлшек», «бөлшектiң алымы», «бөлшектiң бөлiмi» терминдерi ненi көрсететiнiн айту;
5) бөлшектiң басқа мысалдарын келтiру, оларды оқу және жазу.
Бөлшек сандарды оқыту әдiстемесiнiң аса маңызды элементi жаңа сандарды енгiзу қажеттiлiгiне оқушылардың көзiн жеткiзу болып табылады. Оқушыларды сендiрудiң бiр жолы санның үлестерiн жазуда мұндай бөлшектердiң аса пайдалы екендiгiн түсiндiру. Бөлшек сандарды енгiзу қажеттiгiн оқушыларға былай түсiндiруге болады: Натурал сандар жиынында 2 саны 3 санына бөлiнбейдi. Бiрақ натурал сандарды бөлу амалы бөлшек сандар арқылы әрқашан орындалады. Натурал сандар жиыны бөлшектермен толықтырылады. 2-нi 3-ке бөлу амалын қарастырайық. 2 алманы 3 оқушыға тең бөлу қажет болсын. Мұны қалай орындауға болады? Әрбiр алманы теңдей етiп 3 бөлiкке бөлемiз. Сонда мұндай бөлiктiң бiрi бөлшегi арқылы өрнектеледi. Егер әрбiр оқушыға осыны екi бөлiктен беретiн болса, онда 2 алма 3 оқушыға теңдей етiп бөлiнген болады. Бiр алманың екi бөлiгi бөлшегi арқылы өрнектеледi. Олай болса, әрбiр оқушы алманың бөлiгiн алады, яғни 2:3= . Мынадай қорытынды жасалынады: ендi 2 натурал санын 3 натурал санына бөлуге болады, бөлу нәтижесiнде натурал сан емес, бөлшек сан шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет