Лекция мақсаты: Ақша қаражаттарының есебін меңгеру Ағымдағы активтер туралы түсінік және олардың жіктелуі



Дата02.02.2022
өлшемі15,71 Kb.
#24686
түріЛекция
Байланысты:
Лекция 1-2


Лекция 1-2. Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаты және оның баламаларының есебі

Лекция мақсаты: Ақша қаражаттарының есебін меңгеру

  1. Ағымдағы активтер туралы түсінік және олардың жіктелуі.

  2. Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері.

  3. Ақша қаражаттарының қозғалысына жасалатын ішкі бақылау жүйесі.


Активтер дегеніміз – субъектінің белгілі бір құны болатын мүліктері мүліктік және мүліктік емес құндылықтары және құқықтары.

Мерзіміне қарай активтер 2 түрге бөлінеді:



  1. Ұзақ мерзімді активтер

  2. Ағымдағы активтер.

№1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» халықаралық стандартқа сәйкес актив келесі жағдайларда қысқа мерзімді болып жіктелінеді.

    1. Егер де актвиті компания бір операциялық циклдің ішінде қолданатын болса немесе ол актив сатуға арналған болса.

    2. Актив коммерциялық мақсаттрада қолданылса және оны сату 12 айдың ішінде жүзеге асырылатын болса.

    3. Егер де ол (актив) оларды қолдануға шек қойылмайтын ақша түрінде немесе олардың эквиваленттері трінде болса.

Осы аталған талаптарға сәйкес келмейтін активтердің барлығы ұзақ мерзімді болып саналады.

2. Ақша қаражаттары

Ақша қаражаттарының эквиваленттері дегеніміз – ақша

қаражаттарының белгілі бір сомасына оңай айнала алатын және құндылықтардың аздаған өзгеру тәуекелдіктеріне ие болатын тез өтімді қысқа мерзімді салымдар. Мысалы, өтеу мерзімді 90 күнге дейінгі құнды қағаздар. Ақша қаражаттарының эквиваленттері инвестиция мақсатында емесе қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді қанағаттандыруға арналған.

Компенсациялық қалдық дегеніміз – несие беру жөніндегі келісім шартты қамтамасыз ету үшін банк талап ететін сол шотта үнемі болып тұратын сома. Ақша қаражаттарына банктік овердравт кейде кіреді.

Кіші касса күнделікті шығыстарға арналған дайын қолма-қол ақша тұратын алдын-ала құырлған аванстық қор. Аванстық қорлар ерекше мақсаттар үшін құрылып жұмсалған сайын орны толтырылып отырады.

Кіші касса қызметтерді транспорттық шығындардың құны, точталық шығындар кеңсе тауарларын сатып алу, жеткізу бойынша шығыстар сияқты ұсақ төлемдерге арналған.
Кіші касса шотының қалдығы жалпы ашқа қаражаттары шоттары қалдығының бір бөлігі болып табылады.

3.Ішкі бақылау жүйесі дегеніміз – келесілерді жүзеге асыру үшін жасалған процедуралар және саясат.


  • Автивтерді қорғау үшін.

  • Компанияны қаржылық саясатына сәйкестікті қамтамасыз ету.

  • Бухгалтерлік есеп шоттарда бейнеленген мәліметтердің анықтылығына қамтамасыз ету.

Ақша қаражаттарына жүргізлетін ішкі бақылау келесі функцияларды орындайды:

    • Ақша қаражаттарына бөлек сақтау есебін бөлек жүргізу

    • Қолма-қол ақшаға жүргізілген барлық операциялар есепке алу.

    • Кассада қажетті қалдықты ғана сақтау.

    • Касса қалдығын мерзімі сайын тексеру.

    • Ақша қаражаттарына іс-жүзінде бақылау жасау.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  • Ақша қаражаттары дегеніміз не?

  • Ақша баламаларына нелер жатады?

  • Ақша қаражаттарына нелер қосылмайды?

  • Ішкі бақылаудың функциялары?


Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер



        1. Толпаков Ж.С. «Қаржылық есеп» 2 Бөлім Қарағанды, 2010

        2. Нұрсейітов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп : оқу құралы / Е. О. Нұрсейітов. - Толықтырылып, 1-рет қазақ тілінде шығарылған. - Алматы : LEM, 2009. - 426 c.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет