Лекция мақсаты: Ішкі сөл бездер түрлері құрылыс ерекшеліктері мен физиологиялық қызметтері жайлы білімгерлерге түсінік беру



Дата16.11.2022
өлшемі15,44 Kb.
#50636
түріЛекция

Практикалық сабақ № 8
Бездердің гипо және гиперфункциясы
Лекция мақсаты: Ішкі сөл бездер түрлері құрылыс ерекшеліктері мен физиологиялық қызметтері жайлы білімгерлерге түсінік беру.

6.1. Ішкі секрециялық немесе эндокриндік бездер деп безге тән құрылымы бар және өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немесе сөлге (лимфаға) бөлетін бездерді айтады. Грек тілінен аударғанда эндон деген сөз – ішкі, крино – бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, Оларда пайда болатын заттарды гармондар (грек тілінен аударғанда гормон – қозғаймын деген сөз) деп аталады. Ішкі секреция бездерінің мөлшері шағын болады, бірақ олар қанмен жабдықталады. Безде қан тамырлары арасан көп калимерлер торын құрайды, сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді. Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді.


1. Тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер оларға: қалқанша, қалқанша серін бездер, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), айырша безі (тимус), гипофиз, эпифиз жатады.


2)Аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.


1.Гармондар дегеніміз не,олар қалай жіктеледі?


Гармон деген атауды 1902жылы алғаш В.Бейлис пен Э.Старлинг ұйқы безінің сөл бөлінуін реттейтін секретин деген затқа байланысты енгізген. Гармондар немесе инкреттер-ішкі секреция бездерінде түзілетін биологиялық белсенді заттар, яғни ерекше биокатализаторлар – реттегіш заттар. Табиғатына қарай гармондарды 4 топқа бөледі: стероидтық гармондар, полипептиптік гармондар амин қышқылының туындылары, белок тектес гармондар.


а) Стероидтық гармондар холестериннің туындыларына жатады: бұл топты бүйрек үсті безінің қыртыс бөлігінің гармондары мен жыныс бездері гармондары құрайды.


б) Полипептидтік гармондарға: окситоцин, визотрессин.


в) Амин қышқылдарының туындыларына: тироксин, бүйрек үсті безднрінің бөз затының гармондары – катехоломиндер;


г) Белок тектес гармондарға: - гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөліктері мен арамшық без (ұйқы безі) гармондары жатады.


2. Организмге ететін әсерлердің сипатынан, физиологиялық мәніне қарай гармондар: метаболизмдік, морфогенездік және үйлесімдік гармондар болып бөлінеді.


а) Метаболизмдік гармондар: организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын реттейді. Мысалы: инсулин, глюкоген, адреналин гармондары көмірсулардың алмасуын реттейді, өсу гармоны – белоктардың түзілуін жандандырып, көмірсулар мен майладың алмасу қарқынын өзгертеді, белоктар, көмірсулардың, майлардың тотығуын жақсартады.


б) Морфогенездік гармондар-торшалардың генетикалық аппараттарына әсер ету арқылы торшалардың өсуін, көбеюін,жіптелуін бағыттап, реттеп отырады.


в)Үйлесімдік гармондар: жеке мүшелердің қызмет әрекетін өзгертіп, оларды өзара сәйкестендіреді, үйлестіреді. Мысалы: адреанин жүрек жұмысын күшейтіп, оның жиырылу күшін арттырады, шеткей қан тамырларын тарылтады, қарын мен ішек қимылдарын баяулатады.


3) Атқаратын қызметіне, әсер бағытына қарай гармондар үш топқа бөлінеді.


а) Эффекторлық гамондар – олар тікелей нысана мүшелерге әсер етеді.


б) Троптық гармондар – эффекторлық гармондардың түзілуі мен бөлінуін жандандырады.


в) Релизинка гармондар – гипофиздік троптық гармондардың бөлінуін және кипоталамустың нейросекрециялық қызметін реттейді.


Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы салдарынан қандай аурулар пайда болады?


Ішкі секреция бездері қызметінде екі түрлі ауытқу байқалады:1) Гиперфункция – без қызметінің күшеюі, мұндай жағдайда без гармонды көп бөледі; Организм үшін бездің гиперфункциясы да, гипофункциясы да қолайсыз, олар түрлі аурулар тудырады. Қалқанша без қызметі күшейсе, организм «базер» ауруына шалдығады. Бездің көлемі үлкейіп, көз шарасынан шығады. (бадырақ көз), жүрек қағады, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылап, организм тез қажиды, терлегіш келеді. Без жұмысы әсәресе ересек организмде шырышты ісік – микседема дерті байқалады: тері кебісін, қатаяды да, ісінеді, түк түсіп қалады, зат алмасу қарқыны төмендеп, психика өзгереді. Ауыз су мен топырақша йод жетіспесе бездегі дәнекер ұлпа шамадан тыс ұлғайып, секрециялық торшалар әлсірейді де организм зоб ауруына шалдығады.


Қалқанша серік безінің қызметі нашарласа тетания – құрысу байқалады, Дененің бұлшықеттері тартылып, қарысып, қанда Са – дің мөлшері күрт төмендейді, тіс бұзылады, салмақ кемиді.


Бүйрекүсті безінің қыртысты бөлігінің қызметі нашарласа аддисон ауруы туындайды: бәрі қошқылданып, тәбет жойылады. Қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді.


Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметі нашарласа сусамыр – диабет байқалады, көмірсулар мен майдың алмасуы бұзылады, қан мен зәрде қант мөлшері көбейеді.


Гипофиздің алдыңғы бөлімінің қызметі күшейсе организмнің өсу қарқыны үдеп, ол әсіресе – ергежейлік байқалады. Гипофиз қызметінің бұзылуы салдарынан организм акрогамегамия (дененің жеке бөліктерінің өсуіндегі үйлестіктің бұзылуы) май басу сияқты дерттерге де шалдығады.


6.2. Гипофиздің құрылысы. Гипофиз немесе мидың төменгі қосындысы, ми сыңарларының астыңғы жағында, ашамай сүйектің үстіңгі ойысында орналасады. Ол сырт жағынан мидың қатты қабығымен қапталады. Гипофиз құрылысы мен қызметі жағынан аралық мимен тығыз байланысты.


Без қанмен өте жақсы жабдықталады, оған келетін қан гипоталамус арқылы өтеді, сондықтан гипоталамустың нейросекрециялық торшаларын бөкімей биологиялық белсенді заттар аденогимефизге өтіп, оның троптық гармондардың түзілуін күшейтеді. Гипофиз 4 бөліктен – туберальдық, алдыңғы, аралық (ортаңғы) және нервті (артқы),- құралған. Туберальдық, алдыңғы және аралық бөліктерді біріктіріп аденогипофиз деп аталады. Ал, нервті бөлік, гипофиз шанағы, сұр төмпешіктің ортаңғы денесі нейрогипофизді құрайды. Құстарда, кейде дельфиндерде, пілдерде аралық бөлік болмайды.


Гипофиздің физиологиялық рөлі. Гипофиз гармондары организмнің негізгі биологиялық процестерін, денедегі зат алмасуды – судың, минералды заттың, көмірсулардың, белоктың, майдың алмасуын реттейді. Сондықтан оны орталық без деп атйды. Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гармон бөледі: оларға мыналар жатады.




а) Соматотроптық немесе өсу гармоны (ЕТТ) – организмінің барлық гармондарында белоктың синтезін күшейтіп, РНК мөлшерін көбейтеді, көмірсулар мен минидтер алмасуын жандандырады. Организмнің өсіп дамуын реттеп, сүйектің жетілуін жақсартады, (Са) мен (Р) алмасуын реттейді. Бұл гармон жетіспесе организмнің өсіп дамуы тоқтап, ергежейлік байқалады, ал ол көбінесе – алыпты қалыптасады. Пісіп жетілген организмде бұл гармонның көп бөлінуінің салдарынан акромеголия (кейбір сүйектер мен мүшелер өсуіндегі теңсіздік) немесе спланхагомия (ішкі ағзалар өсуіндегі теңсіздік) байқалады. Гипофиз қызметінің ауытқуларына байланысты организм кахексия (көтерем) және май басу сияқты ауруларға да шалдығады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет