1.Қанның құрамы,мөлшері.Қанның қызметтері. Қан-ағзадағы ішкі сұйық ортадағы маңызды сұйықтардың бірі. Қан құрамы негізінен Плазма және формалық элементтерден тұрады.Плазма шамамен 52-58% құрайды. Формалық элементтер 42-48% құрайды. Плазма негізгі құрамы: Су 90-92% және құрғақ қалдық 8-10% құрайды. Формалық элементтер:Эритроциттер,лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Эритроциттер - қанның қызыл жасушасы.Ерлерде (4,0-5,1)*1012/л әйелдерде (3,7-4,7)*1012/л байқағанымыздай әелдерде ерлерге қарағанда азырақ. Ол ядросыз, екі жағы ойыс диск тәріздес, дөңгелек жасуша. Эритроциттердің химиялық құрамы: Су 60% және құрғақ қалдық 40% тұрады.Құрғақ қалдықтың өзі гемоглобин 36% және басқа заттар 4% тұрады. Лейкоциттер – қанның ақ жасушалары. Қандағы мөлшері 4,1-9,0х109/л. Лейкоциттердің жеке түрлерінің олардың жалпы санынан пайыздық мөлшері лейкоциттік формула немесе лейкограмма деп аталады. Тромбоциттер (қан пластинкалары), мөлшері 180-320х109/л (103мкл) Қанның негізгі қызметтері:
Тасымалдау
2. Плазма құрма. Қанның физикалық және химиялық қасиеттері.
Қанның физикалық-химиялық қасиеттері
1. Түсі – эритроциттер ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар түзуіне байланысты.
2. Дәмі – тұзды, құрамында NaCl көп болуына байланысты.
3. Иісі – құрамында тез буланатын май қышқылдарына байланысты.
4. Қанның меншікті салмағы – 1,050-1,064
плазманың меншікті салмағы – 1,024-1,032
формалық элементтердің
меншікті салмағы – 1,089-1,098
Қанның меншікті салмағы негізінен қан құрамындағы эритроциттердің аз-көптігіне байланысты (физиологиялық және патологиялық)
5. Қанның тұтқырлығы – 4-5 (қан жасушалары мен плазмадағы ірі молекулалық заттардың деңгейіне байланысты).
Осмостық қысымы – 290-310 мосм/л
Қанның құрамындағы тұздар (электролиттер) мөлшеріне байланысты туындайтын қысымды осмостық қысымы дейді. Қанның осмостық қысымы негізінен NaCl иондарына байланысты.
Онкотикалық қысымы – 3,0-4,0 мосм/л
Қанның құрамындағы белок молекулары тудыратын қысымды онкотикалық қысымы дейді. Қанның онкотикалық қысымы аз, бірақ оның қан мен тін арасындағы су алмасу үрдістерін реттеуде маңызы зор.
Қан реакциясы (рН) вена қанында – 7,36, артерия қанында – 7,42
Қан құрамындағы сутегі (Н+) мен гидроксил (ОН-) иондарының ара-қатынасына байланысты. Өте тұрақты көрсеткіштердің бірі, 0,1-0,2 мөлшерге өзгерсе қауіпті