Лекция 1. Психодиагностика ғылым саласы және тәжірибе ретінде Психодиагностика бір жағынан ғылыми-теоретикалық пән, сонымен қоса психолог атқаратын дәстүрлі тәжірибелік әрекеттердің бірі. Яғни, психодиагностика теория мен практиканы, тұлға туралы академиялық концепциялар мен оларды іс жүзінде зерттеуді байланыстыратын «көпір» деп айтуға болады. Осы жайлы Шмелев А.Г. былай деп жазады: «Психодиагностика- бұл ғылым саласы және адамның жеке дара ерекшеліктерін айқындау әдістерін жасап шығаратын және қолданатын психологиялық тәжірибенің өте маңызды формасы». Психодиагностиканың психологиялық тәжірибе түрі ретінде мақсаты – адамның жеке дара психологиялық ерекшеліктерін айқындап, өлшеу болғандықтан, психодиагностиканың дифференциалды психологиямен байланысы түсінікті. Дифференциалды психология өз тарапынан адамдар арасындағы психологиялық ерекшеліктерді зерттейді, сол арқылы диагностикалық әдістерді жасап шығару үшін қаетті теоретикалық негізді дайындайды. Ал психодиагностика сондай зерттеулерді жүргізу үшін, яғни теориялық концепцияларды дәлеледеу үшін әр түрлі психодиагностикалық әдістерді ұсынады. Шмелев А.Г. психодиагностиканың жүйелік құрылымын адам бейнесі арқылы қарастыруды ұсынады. Сонда, психодиагностиканың «басы» – бұл дифференциалды психологияның ғылыми теориялары, «денесі» - нақты психодиагностикалық әдістер жиынтығы, «аяғы» - тесттерді жасап шығарудың математикалық-статистикалық технологиясы (психометрика), «қолы» - нақты психодиагностикалық міндеттерді шешу үшін психодиагностикалық әдістерді қолдану схемаларын көрсететін тәжірибелік психодиагностиканың қолданбалы үлгілері. Сол сияқты А.А. Бодалев пен В.В. Столин психодиагностиканың бір жағынан теоретикалық пән, ал екінші жағынан психологтың тәжірибелік әрекеті екендігін көрсетеді. Олар психодиагностиканы теоретикалық-ғылыми пән ретінде «жалпы психодиагностика» деп атайды да, оған келесі анықтама береді: «Жалпы психодиагностика валидтті және сенімді диагностикалық пікірлерді жасап шығарудың заңдылықтарын, психодиагностикалық әдістерді құру принциптерін және оларды нақты әдістемелер түрінде жүзеге асыру ерекшеліктерін қарастырады, әдістердің методологиялық-теоретикалықтнегіздерін анықтайды, және әдістердің валидтілігі мен сенімділігін тексереді» Жалпы психодиагностика психологияның теоретикалық салаларымен тығыс байланысты. Практикалық психодиагностика психодиагностикалық әдістерді іс жүзінде қолдану болып табылады. Сонымен, бұл авторларлы ойы бойынша психодиагностика 3 бөлімнен тұрады:
1.сәйкес келетін психологияның теоретикалық саласы, соның шеңберінде анықталатын психологиялық көрсеткіш теория жағынан негізделеді
2. психометрика - психодиагностикалық өлшеу әдістерін негіздейтін және математика-статистика жолымен жасап шығаратын ғылым
3. Психодиагностиканың тәжірибелік қолдану салалары: оқыту мен тәрбиелеу, еңбек саласы (мысалы, жұмысқа қабылдау барысында ), патопсихологиялық зерттеулер, кеңес беру, психотерапия салаларында, соттық экспертиза Әр салада өзіндік психодиагностикалық міндеттер болады.