Лекция сабақтарының күнтізбелік тақырыптық жоспары 050102 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



Дата18.09.2022
өлшемі21,82 Kb.
#39426
түріЛекция

Лекция – сабақтарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
050102 – « Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі » мамандығы , 4 – курс, VІІІ– семестр. 15 сағат





Лекцияның тақырыбы

Өткізілетін мерзім

Апта саны

1

Балалар ауыз әдебиеті-балалар әдебиетінің алтын қоры.
Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік.






1 апта

2

Тұрмыс –салт жырлары ,олардың түрлері,ерекшелігі жан-жануарға және наурызға байланысты жырлар.




2 апта

3

Мақал-мәтелдер.
-Мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін аңғарту.
-Мақал –мәтелдердің тақырыптары.
Жұмбақтар: олардың мәні.Жұмбақтардың ой шапшаңдығына тәрбиелейтін өзіндік ерекшеліктері.






3 апта

4

Ертегілер:жанрлық ерекшеліктері.
-Ертегілерден көрінетін халықтың арман тілегі ,даналығы.
-Жауыздық пен зұлымдықты ізгіліктің жеңіп шығатынына халықтың сенімі .
-Халықтың арман қиялы.
Аңыз әнгімелер ,шешендік сөздер туралы ұғым.
-Жиренше шешен,Алдар көсе,Қожанасыр басына құрған аңыздар.



5

Батырлар жыры туралы түсінік.
- Жырдағы азаттық және бостандық идеясы,қаһармандық сипаты,елжандылық мәні.Жыр тақырыбының ел бірлігі ,елді сыртқы жаудан қорғау,халық қамын ойлаушы батырды армандау мүддесінен туғандығы. Сол арманның Қобланды ,Алпамыс бейнесі арқылы көрінуі .Тайбурылдың жырдағы орны,суреттеу шеберлігі.Гипербола туралы ұғым.Жырдағы ару бейнесі : Құртқа, Ақжүніс.Теңеу ұғымын дамыту.






4 апта

6

Айтыс туралы жалпы тұсінік.Айтыстың түрлері,жанырлық ерекшелігі.




5 апта

7

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы балалар әдебиеті.
ХІХ ғасырдағы қазақ елінің тарихи әлеуметтік жағдайларға сипаттама.
Ресейдің қазақ елін отарлауы,отаршылыққа қарсы бұқаралық күрес.Кенесары Қасымов ,Исатай ,Махамбет бастаған көтеріліс.Махамбеттің патриоттық ,отты поэзиясы.М.Өтемісұлының шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.Дыбыс қайталау ,риторикалық сұрау ұғымдарының анықтамасы.

8

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы балалар әдебиеті.
ХІХ ғ . ІІ жартысындағы қазақ балалар әдебиетінің демократтық ,ағартушылық бағыты.Ұлттық балалр әдебиетінің жаңа үлгісі.
Ш.Уәлиханов –қазақ ауыз әдебиетін жинап зеріттеуші.
Ы.Алтынсарин -балалар әдебиетінің атасы. Ы.Алтынсарин -шағын әнгіме шебері.Табиғат лирикасы .Шығармаларындағы еңбек ,адамгершілік мәселелері.Әңгіме туралы түсінікті дамыту.






6 апта

9

ХХ ғ бас кезіндегі балалар әдебиеті.
ХХғ бас кезіндегі Қазақстанның тарихи әлеуметтік жағдайы.1905-1907 ж буржуазиялық –демократиялық революцияның ,бірінші империалистік соғыстың және 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің ел өміріне әсері,әдебиет мәдениет дамуына ықпалы.






7 апта

10

Ахмет Байтұрсынов –балалар әдебиетіндегі ірі тұлға,аса көрнекті ғалым ,қоғам қайраткері,ақын,аудармашы.”Қырық мысал”,”Маса”жинақтарындағы ақынның ағартушылық ойлары(Өлеңдері:”Анама хат”,”Тарту”).
Міржақып Дулатов шығармаларындағы ағартушылық бағыт(“Шәкірт ”өлеңі ,”Оян, қазақ ”өлеңдер жинағынан) .Оның балалрға арналған прозалық шығармаларының тақырыптары( “Қыс ””Қош келдің ,Наурыз”тб)



11

Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы қазақ анасының ұлтық бейнесі.Анаға деген махаббат ,сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруда көркем сөз құдіреті.(“Ананың махаббаты”,”Алғашқы айлар”).
С.Торайғыров өлеңдерінде оқу-білім тақырыбы.(“Оқып жүрген жастарға”,”Шәкірттерге””Шәкірт ойы”,”Шығамын тірі болсам адам болып”) ,болашақты аңсау,армандау ,еліне деген сүйіспеншілік ,әлеуметтік қайшылықтарды суреттеу тақырыбы “Туған еліме”,”Айт”,”Кедей”).






8 апта

12

Жиырмасыншы –отызыншы жылдардағы балалар әдебиеті(1917-1940).


Қазан төңкерілісінен кейінгі балалар әдебиетінің төңкерілістік өзгерістеді жырлауға бет бұру Еңбекшілерді күреске шақырған ,бостандық теңдікті жырлаған шығармалардың туу жағдайлары.Кеңес жазушыларының бүкілодақтық және Қазақстан жазушыларының бірінші сьезінің балалар әдебиетімізге тигізген ықпалы.Қазақ балалар әдебиетінің қайраткерлерінің қайғылы тағдыры.




9 апта

13

Балалар әдебиетіндегі соғыс тақырыбы.
Соғыс және қоғамның рухани өмірі.Бұл кезеңдегі балалар әдебиетінің өзекті мәселесі: Отанға сүйіспеншілік,жауға өшпендік мотивтері(Ж.Жабаев “Балама хат”,”Ленинградтық өренім”).
Соғыс жылдарындағы азаматтық әуен (Б.Бұлқышев “Өмір сургім келеді”).
Соғыс жылдарындағы балалар өмірі,халық басына түскен қайғы-қасірет (С.Мұратбеков “Жусан иісі”).



14

60-90 жылдардағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері.
Балалар әдебиетінің жанр,түр жағынан күрделенуі.Балалар жазушылар қаламынан туған шығармалар тақырыптарының әр түрлілігі:а) Бала табиғатына тән мінездердің көрініс беруі (Б.Соқпақбаев,С.Сарғасқаев), ә) Ұлы адамдар өміріне құрылған (С.Бегалин,”Шоқан асулары”,Қ.Әбдіқадыров “Қажымұқан”), б) Туған жер табиғаты суреті ( М.Мақатаев “Қайран,Қарасазым-ай”, Қ.Аманжолов “Туған жер” т.б.), в) Халқын сүйген ақындық сезімнің көрінуі ( Ж.Молдағалиев “Мен қазақпын”, Қ.Мырза Әлі “Шетелдік қонақтарға таныстыру”, Ф.Оңғарсынова”Оюлар”т.б.






10 апта

15

Балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының озық шығармалары.
Аударма балалар әдебиетінің ерекшеліктері.Көрнекті өкілдері Ш.Айтматовтың “Атадан қалған тұяқ” шығармасы, Н.Хикмет өлеңдері, Э. Хемингуэйдің, “Шал мен теңіз”, Л.Толстойдың “Акула”, Р.Киплингнің “Маугли”,т.б. шығармалары. Аталған жазушылардың шығармашылық өмірбаяны,шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.






11 апта




Барлығы

15 сағат





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет