Лекция сұрақтары: Абсолютті шамалар Қатысты шамалар, олардың түрлері



Дата07.01.2022
өлшемі32,97 Kb.
#17406
түріЛекция
Байланысты:
4 лЕКЦИЯ АБСОЛЮТТ ШАМА


Тақырып: Абсолютті және қатысты шамалар
Лекция мақсаты:Әлеуметтік-экономикалық талдауларда жиі қолданылатын қорытындылаушы көрсеткіштер - абсолютті және қатысты шамалар, оларды есептеу әдістерімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

1. Абсолютті шамалар

2. Қатысты шамалар, олардың түрлері

Статистикалық жинақтау нәтижесінде жеке топтарды немесе барлық жиынтықты сипттайтын қорытынды көрсеткіштер алынады. Статистикада қорытынды көрсеткіштердің 3 түрі қолданылады:



  • абсолютті шамалар

  • қатысты шамалар

  • орташа шамалар

Абсолютті шамалар – қорытынды көрсеткіштердің алғашқы түрі. Олар құбылыстардың мөлшерін көрсетеді. Абсолютті шамалар дербес және жалпы болып екіге бөлінеді.

Қатысты шамаларды есептегенде бір-бірімен байланысты 2 шаманың қатынасы қарастырылады, яғни қатысты шамалар 2 көрсеткішті бір-біріне бөлу арқылы анықталады. Бөлшектің бөлімі салыстыру негізі (базасы), ал алымы –салыстырылатын шама деп аталады.

Қатысты шамалардың түрлері:

1. Динамика көрсеткіші

2. Жоспарлық тапсырма

3. Жоспардың орындалу дәрежесі

4. Құрылымдық қатысты шама

5. Координация (үйлесімді)көрсеткіші

6. Интенсивті (үдемелі)көрсеткіштер

7. Салыстырмалы қатысты шамалар.



Динамикалық қатысты шама – уақытқа қарай көрсеткіштің өзгеру дәрежесін сипаттайтын қатысты шаманың түрі.

Базалық әдісті қолданғанда динамикалық қатысты шама былай анықталады:



,

Динамикалық қатысты шаманы тізбекті әдіспен есептегенде мына формуланы қолданады:



,

Жоспарлық тапсырма - көрсеткіштің жоспарланған мәні мен оның өткен мерзімдегі нақты мәнінің қатынасын білдіретін көрсеткіш.





Жоспардың орындалу дәрежесі – көрсеткіштің есепті мерзімдегі нақты деңгейінің жоспардағы деңгейге қатынасын білдіретін қатысты шама.

,

Құрылымдық қатысты шама жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді.

Координациялық (үйлесімді) қатысты шама жиынтықтың құрамдас бөліктерінің өзара қатынасын білдіреді.



Интенсивті (үдемелі) қатысты шамазерттелетін құбылыстың белгілі бір ортада қалай таралғанын немесе сол құбылыстың даму деңгейін сипаттайды. Интенсивті қатысты шамалар бір-бірімен байланысты, бірақ аттас емес көрсеткіштердің қатынасын білдіреді.



Салыстырмалы қатысты шамалар аттас, біртектес шамалардың қатынасын көрсетеді.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қорытынды көрсеткіштердің қандай түрлері болады?

  2. Абсолютті шамалардың түрін атаңыз.

  3. Абсолютті шамалардың өлшем бірліктерін атаңыз.

  4. Қатысты шама деп қандай шаманы айтады:

  5. Динамикалық қатысты шама қалай есептеледі?

  6. Жоспарлық тапсырма қалай анықталады?

  7. Құрылымдық қатысты шама мен координациялық қатысты шаманың айырмашылығы неде?

  8. Интенсивті қатысты шама қалай есептеледі?

  9. Жиынтық бөліктерінің бір-біріне қатынасын көрсететін қатысты шама қалай аталады?

  10. Қатысты шамалар немен өлшенеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Мұханбетова С.М. Статистика. Алматы. Дәуір, 2011

  2. Мұханбетова С.М. Статистика теориясы. Алматы. Экономика, 2010

  3. Әміреұлы Ы. Статистиканың жалпы теориясы. Алматы. Экономика, 1998

  4. Әміреұлы Ы., Бейсекова Ж.Ы. Статистиканың жалпы теориясы бойынша есептер жинағы. Алматы, МОСИ, 2004

  5. Авров А.П., Аврова Ю.П. Общая теория статистики. Алматы 2009

  6. Елисеева И.И., Юзбашев М.М. Общая теория статистики. Москва: Финансы и статистика, 2004

  7. .Шокаманов Ю.К. Статистиканың жалпы теориясы. Алматы . Қазстатақпарат ЖШС 2007


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет