Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



бет1/17
Дата14.09.2023
өлшемі133,69 Kb.
#107297
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
лекция жинағы


Алғы сөз.
Пәннің мақсаты мен міндеті, оның оқу үрдісіндегі рөлі
Пәннің мақсаты мен міндеттері: Болашақ мамандарды теориялық білім және әдістемелік негіздермен қаруландыру қажет:
Бастауыш сынып оқушалырының жаратылыстану-ғылыми білімі - ғылыми педагогикалық пән. Ол болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне “Дүниетану, жаратылыстану” пәнінен сабақ берудің теориялары мен әдістемесін және оқыту технологияларын үйретеді. Жаратылыстану циклдерінен алған білімдерін пайдалана отырып болашақ мұғалімдер осы пән бойынша алған білім мен білік дағдыларын қалыптастырады. Олар оқушыларға тіршіліктің алуан түрлілігі жайлы және оның таралу жолдары мен табиғатты аялай білу қажеттілігін түсіндіріп бағыттайды.


Студенттер нені меңгеру қажет.

  • Дүниетану мен жаратылыстану пәндері бойынша мемлекеттік стандарт пен оның талаптарын;

  • Дүниетану мен жаратылыстану пәндерінің бағдарламасын;

  • Дүниетану мен жаратылыстану пәндерінің мазмұнын;

  • Дүниетану мен жаратылыстану пәндерінің оқыту әдістері мен тәсілдерін;

  • оқыту технологияларын;

осы білімдер мен дағдыларды пайдалана алуы тиіс.

Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет
Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек
ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет