Дәріс. Тақырыбы: Ағаштану Дәрістің мақсаты мен міндеті



Дата15.04.2023
өлшемі30,99 Kb.
#83111
Байланысты:
ағаштану лекция -1


Дәріс.


Тақырыбы: Ағаштану
Дәрістің мақсаты мен міндеті: Сүректі қолдану облыстары ең маңызды көрсеткіші принциптерін меңгеру, Қазақстанның орман өсетін аймақтарын оқып-үйрену
Дәрістің жоспары:
Кіріспе

  1. Сүректі қолдану облыстары

2 Ағаш құрылымы
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының «Орман қоры және орманшылық» мамандығының студенттеріне модульдік білім беру бағдарламасы, ғылыми-инновациялық дамыту бағыты нарықтық бәсекелеске төтеп беретін және тұрақты жұмыс істейтін орман ресурстарын тиімді пайдалану және орманшаруашылығы өндірістерінің технологиясы кластерін құру. Әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму және Орман қоры және орманшылық мамандығы экологиялық бағытында орманшаруашылығында пайдалынатын ағаштану пәні, қазіргі заманға сай ұйымдастыру саласындағы барлық технологиялық операциялардың негізгі принциптерін үйрету және дамыту болады. Модульдік білім беру бағдарламасы ағаштану пәні ғылыми-инновациялық дамыту мақсаты- орманшаруашылығында пайдалынатын орман ағаштарын сақтау және қайта қалпына келтіруде нақтылы белгілеу, негізгі ғылыми-инновациялық бағыттарын қазіргі заман талабына сай анықтау, орманшаруашылығында пайдалынатын бағалы орман ағаштарын сақтау және қайта қалпына келтіруде ұзақ жылдар даму жоспары бойынша іске асыру, жекешеліндіру өндірісі даму бағытын орман шаруашылығының бағалы ағаш өнімдерін пайдалануда ғылыми теориялық негіздері тұрғыда зерделеу, индустральді-инновациялық орман шаруашылығындағы өндірістер секторының экономикалық жағдайын және экономикалық-техникалық дамуын, орман шаруашылығында пайдалынатын бағалы орман ағаштарын сақтау және қайта қалпына келтіруде финанстық-экономикалық базасын нарықтық жағдайға сәйкестендіру, орманшаруашылығында пайдалынатын бағалы орман ағаштарын сақтау және қайта қалпына келтіруде институциалды өзгерістерді уақытында іске асыру болады. Пәннің міндеті халық шаруашылығының барлық орманшаруашылығында пайдалынатын бағалы орман ағаштарын сақтау және қайта қалпына келтіруде және ғылыми –инновациялық зерттеу тәсілдерін ағаштану негіздерін және аймақтық инновациялық даму бағытын жете меңгеруге міндетті және қолдану дағдыларын зерделеу. Оқу нәтижелері тиісті білім беру деңгейінің Дублин дескрипторлары негізінде анықталады және құзіреттіліктер арқылы белгіленеді.Сонда бес басты оқу нәтижесі айқындалады:


-білу және түсіну:
-білім және ұғымды қолдану:
-пайымдауды қалыптастыру;
-коммуникативтік қабілеттілік;
-оқыту дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі;
Дәріс конспектісінде ағаштың микро жэне макроскопиялық құрылымын, ағаштың химиялық жэне физикалық қасиеттерін жэне олардың өзгеруін сипаттайды. Ағаш түрлерінің әртүрлігі, ағаш ақаулары, ақаулардың ағаш қасиеттеріне әсерлігі, ағаштың қасиетін көтеру жолдары жайлы жазылған.
l CYPEKTI ҚОЛДАНУ ОБЛЫСТАРЫ
Сүрек-көне заманнан келе жатқан материал. Сүрек сандаған ғасырлар бойы адамзаттың қолданысына ие. Оның негізгі қолдану облыстары:
-құрылыс (столярлық өнімдер, ғимараттар конструкциясы, бөлшектік материалдар);
-жиһаз өндірісі;
-музыкалық аспаптар;
-қағаз бен картон;
-тұрмыстық заттар (сіріңке, ойыншықтар, қарандаштар, сыйлықтар және т.б.);
-химия өндірісіне арналған шикізаттар (целлюлозаны алады, спирт, қант, қышқыл, мақта, канифоль, фото- жэне кинопленканы жэне т.б.);
-тақталық материалдар (фанера, ағаш тақталары, шпон және т.б. - әр түрлі мақсатта).
Сүрек - табиғи полимер, оның құрамдылардың байланысына ие:
-жоғары беріктілік;
-жеңілділік (салмағының көлемі аздығы);
-жақсы өндіріледі;
-жоғары эстетикалық сапа;
-аз жылу өткізгіштік;
-дұрыс жобалау мен дайындау кезіндегі сенімділік пен ұзақ жұмыс
істеуі;
, -жақсы жабыстырылады;
-экологиялық таза;
-энерго сыйымдылығы төмен;
-қайтымдылықты (мұнай, газ, көмір, кен және басқалар есебімен салыстырылғанда).
Осы оң сапаларының арқасында сүрек құрылыста көптеп қолданылады. Мысалы, жылулық кедергі бойынша қалындығы 15 см қарағайдан жасалған ағаш қабырға кірпіш қабырғаға эквивалентті. Ағаш үйлердің тастан жасалғанға қарағанда сейсмотұрақтылығы жоғары, себебі жеңіл. Кесу материалдары өндірісі металл өндіруден қарағанда энергия шығындалуы төмен, өйткені ағаштар күн энергиясын пайдаланып өседі (бұл энергия тегін).
Сүректің негізгі табиғи кемшіліктері:
-биологиялык закымданған (шіру мен энтомологиялық зақымдануы);
-тез жанғыштық;
-ылғалдылығын өзгерткенде гигроскопиялығы мен пішіні өзгергіштігі;
-ақаулары
Дұрыс жобалау мен дайындау кезінде кемшілікті азайтуға болады.
Қазақстан Республикасы орманы аз аймақтарға санына жатады. Сондықтан орман ресурстарын ұқыпты және рационалды ғылыми-инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, пайдалану қазіргі танда көкейкесті мәселелердің бірі.


Орман-тек ағаш шикізатының көзі емес. Оны басты экологиялық кызметі - жоғарғы беттегі сулардың атмосфералық ауасын тазартуы, онсыз жерде өмір жоқ.
Орманды рационалды ғылыми-инновациялық тәсілдерді қолдана отыра пайдаланудың басты мәселесіне жататын сұрактар:
-қалдықсыз технология бойынша орман шикізатын комплексті түрде пайдалану;
-орманның өз уақытында және сапалы түрде қалпына келуі.
Бүл мәселелерді шешкенде орман шикізат ресурс көзі болатыны анық.
Табиғат жағдайында қылқанжапырақты жас орман жуықтап 100 жылда, жапырақты жас орман - 70 жылда өседі. Мысалы, егер шабылған бөлікке өз уақытында қалпына келтіру жүргізсе, онда адамдардың келесі ұрпағы жас орманды 70-100 жылдан соң, өндіріске пайдалана алады және т.б., егер орманды қалпына келтірмесе, онда топырақтың төменгі бөлігі жұмсақталу процесіне ұшырайды (орман мықты насос түрінде жұмыс істейді), бұта алқабы мен сапасы төмен түрдегі ағаштар өсіп кететін батпақ түзіледі (мысалы көктерек).

  • Ағаштану - ресурсты сарқылтпауды үнемдейтін ғылыми-инновациялық технология және жаңа ағаш материалдарын жасау үшін сүректің негізгі ғылыми-инновациялық қасиеттерін зерттейтін гылым. Орманшаруашылығында пайдалынатын бағалы орман ағаштарын сақтау және қайта қалпына келтіруде ғылыми-инновациялық технологиялық процестерінің ағаштану негіздерін қазіргі заманға сай жетілдіру мақсатын және міндеттерін; орманшаруашылығында пайдалынатын бағалы орман ағаштарын сақтау және қайта қалпына келтіруде процестердің, индустральді-инновациялық экономикалық жағдайын және экономикалық-техникалық дамуын ағаштану негіздерін пайдалану, аталған бағдарларына арналған процестерді бағалауды. орманшаруашылығында пайдалынатын бағалы орман ағаштарын сақтау және қайта қалпына келтіруде ағаштану негіздерін және экологиялық, биотехнологиялық, және басқа да деректерді жинау, талдау және қорытындылау;

  • меңгерілген ғылыми-жаратылыстану және арнаулы биоэкологиялық білім негізінде орманшаруашылығында пайдалынатын бағалы орман ағаштарын сақтау және қайта қалпына келтіруде, ағаштан жасалған өнім сапасын тауартанулық басқарудың негіздерін, ағаштану негіздерін ғылыми-инновациялық дамыту жұмыстарын міндеттерін тұжырымдау;

  • кәсіби қызметте пәндердің негізгі заңдарын қолма-қол бейімдеу қабілеті, қырда өтетін, зертханалық және эксперименттік ағаштану негіздерін теориялық ғылыми-инновациялық зерттеулерді орындау кезінде заманауи ақпараттық технологияларды, математикалық анализ және үлгілеу әдістерін қолдану қабілеті;

  • ағаштану негіздерін ғылыми-инновациялық іргелі және ең соңғы жетістіктерді қолдану қабілеті;

  • ағаштану негіздерін теориялық жағдайда ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер табу қабілеті.



Ол ағаш пен сүректің құрылымын, химиялық, физикалық және механикалық қасиетін, олардың бір біріне әсерін, сүректің өмір сүру ұзақтығын, негізгі түрлердің сипаттамасын зерттейді. Ағаштану бөлігі болып орман өнімдерін стандарттау мен классификациялау сұрақтарын зерттейтін орман тауар тануы пәні. Ол толық орман, кесу материалдары, технологиялық жаңқа, модификацияланған сүрек, картон мен қағаз және т.б. .сияқты материалдарға жіктеледі.
2 АҒАШ ҚҰРЫЛЫМЫ
Өсетін ағаш тамыры, дің мен желектен құралады.
Тамыры ағашты тік қалпында ұстап тұратын, оны су мен минералды тұзбен қамтамасыз ететін іргетасы мен негізі. Тамырда қоректік заттар қоры сақталады.
Бір ағаштардың (мысалы, емен) тамырлары тереңге жерге кетеді. Ал басқа бірі (шырша) тамырлары көлденеңінен жер жазықтығында орналасады.
Томардың тамырмен бөлігіне ағаштың барлық массасынан -15% кіреді. Тамырды отын ретінде пайдаланады. Қарағайдың томары мен тамырынан канифоль мен скипидар өндіреді.
Желек - ол бұганақ пен жапырақ (қылқанымен) біріккен діңнің ұшы. Желек жердің ірқалай аралығынан басталады. Мысалы, шырша мен балқарағайда -жер астында төмен, қарағайда - ұш жағына жақын. Желектің нобайы эрқалай: мысалы, шыршада конус; балқарағайда - сопақша пішін; қайыңда –созылыңқыраған түрде табиғи жағдайда қалыптасады. Жапырақтары (қылқандары) топырақтан ауаның, судың және минералды тұздардың көмірқышқыл газымен қамтамасыз ететін көміртекті меңгереді. Күнде ағаштар құралатын органикалық заттар түзіледі. Сонымен қатар ағаштар атмосфераны байытатын оттегі табиғи жағдайда түзейді.
Желекті құрайтын бұтақтар бөлігіне ағаштың -12% массасы келеді. Жапырағы мен қылқанын аң шаруашылығы мен құс шаруашылығына арналған дәруменді ұн дайындайды. Бұтақтары ағаш беттер мен тара картонына шикізат ретінде қызмет ететін технологиялық жаңқа жасайды. Дің - ағаштың ең бағалы бөлігі. Ол ауыр желекті ұстап тұрады, қоректендіруші заттардың тамыры (шығыстағы ток) мен жапырағынан немесе қылқанынан (кіретін ток) өткізетін өткізгіш ретінде қызмет атқарады. Діңде қоректендіруші заттардың қоры сақталады.
Діңнің пішіні, түрі мен ағаштың өсу шарттылығына байланысты. Мысалы, орманда өскен қарағайдың діңі тік және ұзын; ашық жерде - қысқа, жуан, қисық.
Діңді кесілген конус сияқты деп елестетуге болады. Жоғарғы жағы ұшы, ал төменгісі - табаны деп аталады. Табанынан ұшына дейін диаметрдің азаюы жылжу деп ғылыми түрде сипатталады. Қылқан жапырақты орман ағаш түрлерінде жылжуы, жалпақ жапырақтыларға қарағанда аз жүруімен сипатталады; діңнің жоғарғы бөлігінде ол көбірек, төменгіге қарағанда табиғи жағдайда қалыптасады. Ағаштың өсуі толық конус пішініне ие қабаттардың өсуінде. Діңнің көлденең қимасында олар жылдық қабаттардан құралатынын анықтауға болады. Діңнің беті сыртынан қабыкпен қапталған; ортасында өзекше орналасқан қрылысымен анықталады. Қабық екі қабаттан тұрады: тығынды және талшықты қабат. Тығынды қабат сүректі қыс мезгілінде аяз бен жанудан, механикалық зақымданудан қорғайды. Қабыктың түрі сүректің түрі мен жасына байланысты. Мысалы, қайын қабығы ақ түсті, еменде күңгірт сұр, шыршада қара-қоңыр және т.б., жас ағаштарда қабық жұмсақ жасымен бірге өзгереді.


Түрі мен жасына байланысты қабат дің пішінінің 6-дан 25% дейін құрайды. Қабығын сылған кезде қабықты медицинада, жылу оқшаулағыш материалдарды бояғыштар өндірісінде қолданады.
Талшықты қабат жапырақта органикалық заттармен өндірілген суды дің арқылы төмен апарады. Камбий - сүрек пен қабық арасында орналасқан тірі саңылаулардың жіңішке қабатынан түрады. Камбиден жыл сайынғы қабат өсіп шығады.
Өзекше болбыр ағаштың бірінші өмірлік жылындағы қабат. Ол желектен діңнің ұштары мен әрбір бұтақтан өтеді. Оның диаметрі 2-5 мм. Кейбір түрлерде өзекше үшбұрыштың (қандыағаш), шаршы (арша), бес бұрышты (терек), бес бү-рышты жүлдызша (емен).
Сүрек діңнің көп бөлігін алады, ол басты өндірістік қолданыста.
Діңнің басты кесінділеріне жатады: көлденең (діңнің осіне перпендикуляр өтеді); радиалды (дің маңайынан өзекше арқылы өтеді); тангенциалды - дің маңайынан жылдық қабатқа жанап өтеді.
Радиалды тілікте өзекше тура жэне бұраңқыланған қара жіңішке жолақпен көрінеді.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Уголев Б.Н. Древесиноведение с основами лесного товароведения.
    M.: Лесная промышленность, 2006. Учебник для вузов.

  2. Бобров В.А. Справочник по деревообработке / Серия "Справочники".
    -Ростов на Дону: "Феникс", 2003.

3 Уголев Б.Н. Испытания древесины и древесных материалов. М.:
Лесная промышленность, 1965.

  1. Чавчавадзде Е.С. Древесина хвойных пород - Л.: Наука, 1979.

  2. Волынский В.Н. Взаимосвязь и изменчивость физико - механических
    свойств древесины. - Архангельск:АГТУ, 2000. - 1986

6 Михайличенко А.Л., Сметании И.С. Древесиноведение и лесное
товараведение. М.:МГУЛ, 2002.
7 Перелыгин Л.М., Уголев Б.Н. Древесиноведение. - 2-ое изд., испр. И
доп. М.:Лесн. Промышленность, 1987
8 Полубояринов О.И. Плотность древесины. — М.: Лесн.
Промышленность, 1976 *

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет