Лекция. Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны Дәріс жоспары: Тәрбиенің мәні мен құрылымдары. Тәрбие мақсаты мен міндеті, мазмұны



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата18.11.2023
өлшемі257,64 Kb.
#124525
түріЛекция
  1   2


9- лекция. 
Тақырыбы: 
Тұтас педагогикалық үдерістегі 
- тәрбиенің мәні мен 
мазмұны 
Дәріс жоспары: 
1.
Тәрбиенің мәні мен құрылымдары. 
2.
Тәрбие мақсаты мен міндеті, мазмұны. 
Лекция жоспары: 
тәрбиенің тұтас педагогикалық процесс ретінде және 
қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі мәнін ашу 
Лекция мәтіні: 
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім 
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы 
шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған 
болса керек. 
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, 
тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі 
бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені 
шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге 
педагогикалық әрекетте 
-
мәдени құбылыс; 
-
педагогикалық ықпал ету; 
-
балалардың әрекетін ұйымдастыру; 
-
қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады. 
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған: 
-
әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ 
өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында 
жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, 
ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар. 
-
педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін 
ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған 
мақсатты процесс. 
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық 
демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі 
адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп 
жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың 
маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты 
бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн. 
«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. 
Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, 
саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. 
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет. 
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына 
әсер ететін құрал. 
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық 
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың 


айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – 
құлқын қалыптастыру құралы. 
Тәрбиелеу – халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен 
өнерлерді дарыту (Әл – Фараби). 
«Тәрбие – біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... 
Тәрбие – бізге мәлім адамгершілік әдет – ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, 
бір адамның екінші адамға ықпал етуі»(Л.Н.Толстой). 
«Тәрбие – кең мағынасында – бұл рухани жағынан үнемі жетілу және 
баюда көпсалалы процесс» (В.А.Сухомлинский). 
«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті 
азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, 
адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәмл жасқа толып, өзіне - өзі 
қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» 
(М.Жұмабаев). 
«Тәрбие – бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын 
жетілдірудің ең күшті сыры бар» (Иммануил Кант). 
«Тәрбие – тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процесі» 
(Х.Й.Лийметса). 
Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына 
жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік – жігері мен 
моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді. 
Сонымен қатар тәрбие – адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да 
пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға 
дайындаудың табиғи заңдылық процесі. 
Н.К.Крупская «Тәрбие» атты мақаласында (1929ж.): «Тар мағынада алып 
қарағанда, «тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез – 
құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі 
түрде жасайтын белгілі бір ықпалы», ал кең мағынасында «... қоғамдық 
мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс 
тәрбиелейді» - деп түсіндіреді. 
Осы жағдайға байланысты К.Д.Ушинский «... мектеп, тәрбиеші және 
ұстаздар – адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал 
мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам, халық 
... және оның тілі болады», - деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы 
тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлелдейді. 
Олай болса, тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, 
мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі 
болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, 
бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп 
пен ата – аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде 
ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн. 
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, 
ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін – 
оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым – қатынас жасай білуге 
үйрету. 


Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мақсатқа 
бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала 
(мектеп, отбасы, көше, ресми емес топтар т.с.с) табиғатына үйлеспеуі, әр 
баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы менынта – ықыласы, әдеті 
мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін 
ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдың себептерін біле 
бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың 
қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.
Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты 
қалыптасады. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында іс – әрекеттің сипаты 
маңызды рөл ойнайды. Тәрбие процесіне адамның қоғамдық мәнін 
қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама – 
қайшылықтар тән. Олар: сыртқы және ішкі қарама – қайшылықтар.
Сыртқы қарама – қайшылықтар қоғамда объективті белгіленген ережелер 
мен баланы қоршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлеспеуден көрінеді. 
Сыртқы қарама – қайшылыққа оқушының өзіне қойылатын талап пен нақты 
тәртібінің арақатынасы жатады.
Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын 
қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзді – өзінің қатынастарын жасауға 
және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Тәрбиенің мәні – адамның 
қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен 
пракикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі 
мынандай педагогикалық міндеттерді шешуді қамтиды:
1.
Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, 
жоспарлау, жұмысын реттеу.
2.
Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру.
3.
Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу.
4.
Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепкі 
берілгендермен салыстырып, қол жеткен нәтижені талдау, анықтау.
Мектепте тәрбиенің басты міндеттері - теориялық білімді еңбекпен, 
өмірімен басланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды 
политехникалық, экономикалық, экологиялық білімменқаруландыру, кәсіптік 
бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар 
адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын 
жете түсінуі қажет. 
Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие 
жұмысының көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру 
қажеттігі туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, 
мектепбасшылары мен педагог арасындағы қарым - қатынас сипатының өзін 
бүтіндей өзгерту қажет. Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен 
тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды 
бөліктері: ақыл - ой тәрбиесі, құлақ тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық 
және экологиялық тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т.б. 
Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі 
болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. 


Сондықтан ол өзін - өзі дамытып, барлық іскерлігі мен білімін баланың бойына 
қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік 
қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әр қашанда дайын болу қажет. 
«Ұлттық тәрбие» терминін енгізу педагогика ғылымында әлі өз шешімін 
таба қойған жоқ. Ол этнопедагогика ғылымында енгізілуі тиіс. Өйткені, 
этнопедагогика - ұлттық тәлім-тәрбиені жинақтайтын, оны қорытындылап 
жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы. 
«Адамгершілік» термии сөзі өзінің бастапқы «адамдық» сөзінен 
алынады. Латынша адамдық сөзі /moralis/- мораль. «Адамдық» - бұл, өзінің 
күнделікті іс- әрекетінде, өзінің мінез- құлқымен адамдармен қарым- қатынасқа 
түскенде қолданылатын өлшем. Адамдық қасиет мәңгілік емес және өзгеретін 
санатқа жатпайды, олар әдет күші бойынша қалыптасады, қоғамдық көзқарасты 
белсенділікпен қолдайды» 
Еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен 
қабілелеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және 
оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты 
саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс- 
әрекеті 
Экономикалық тәрбие - Тәрбиеленушілердің шаруашылықты оңтайлы 
жүргізудің, өндірісті ұйымдастырудың, байлықтарды дұрыс бөлудің және 
тұтынудың табиғатына, принциптері мен ережелеріне сәйкес білімдерін, 
біліктерін және дағдыларын, қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және ойлау 
стилін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің 
мақсатты ықпалдасуы. 
Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, 
көзқарастарына әсер ету әдістері. 
Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми 
көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. 
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мақсатқа 
бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала 
(мектеп, отбасы, көше, ресми емес топтар т.с.с) табиғатына үйлеспеуі, әр 
баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта - ықыласы, әдеті 
мен талғамдарының болуы. 
Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін 
сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды. 
«Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой – 
санадағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс – қимылды бағыттап, реттеп 
отырады. ... Мақсат адам санасының белсенді жағын білдіре отырып, 
объективті 
заңдарға, 
қоршаған 
ортаның 
және 
субъектінің 
нақты 
мүмкіндіктеріне сай келуі керек, сонда ғана адамдардың нысаналы қызметінде 
азаттық пен қажеттілік арасындағы дидактикалық қарым – қатынас көрініс 
табады. Мақсат шындықты жүзеге асыру үшін қажет белгілі құралдармен 
бірлесе іс – қимыл жасағанда ғана оны өзгерте алатын күшке айналады. Мақсат 
келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі 


мақсаттарға бөлінеді. Шартты мағынада «Мақсат» терминімен ғылымда кері 
байланыс». 
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский «Адамды табиғат жаратқанмен, 
оны өсіріп, тәрбиелейтін - қоғам», - деп өте орынды айтқан. Педагогика 
ғылымында тәрбие мен оқытудың мақсаты мен міндеттерін қарастырғанда оны 
әрқашанда қоғаммен бірлікте, қоғамдық құбылыс ретінде, қоғамның 
талаптарымен байланысты қарастырады. 
Тәрбие мен оқыту қоғамдық категория ретінде оның талаптарын 
объективті түрде білдіреді. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір 
сүрмейді» деген қағидаға сүйенсек, онда тәрбиенің мақсаты қоғамның 
мақсатымен бірлікте болады. Сондықтан да қоғамдағы тәрбиенің қызметі 
қоғамның мақсатын, талап – тілектерін іс жүзіне асыру болып табылады. Бұл 
талаптар әр кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың 
даму дәрежесімен байланысты анықталады. Олай болса, «Тәрбиедегі мақсат 
адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. 
Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлты бақытты. Адамзат дүниесінің 
мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, 
тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын 
мағынасымен адам қылып шығару». 
Яғни, тұлғаның жан – жақты дамуына арқау болатын Мағжан 
Жұмабаевтың айтқан «Тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып 
жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» деген пікіріне қосыла 
отырып, ол үшін әрбір тұлғаның өзіне тән адами қасиеттерін қалыптастырып, 
дербес ерекшеліктерін жан – жақты әрі үйлесімді дамыту қажеттілігіне сай 
көзқарасқа тоқталамыз. Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер: 
-
мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігі- нің 
кепілі); 
-
мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы 
қызметтестіктің көрсеткіші); 
-
нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді); 
-
көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да 
ықпалдарға кезігеді. Тәрбие барысында олар реттеледі. Тараптардың тұлғаға 
болған ықпалы өзара сәйкес келсе, тәрбие нәтижесі тиімді болады. 
-
ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ 
әсерлерге бірдей кезігіп отырады). 
-
үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мәртелік шара қаншама жарқын 
болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын 
баса алмайды); 
-
баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және 
әлеуметтік тәжірибесінің әр түрлілігімен ажыралады. Тәрбие процнсінде бұлар 
ескерілуі шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже 
әрқилы болуы ықтимал); 
-
екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ал ықпалды 
қабылдаушы – оқушы); 
-
тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы; 


-тәрбиеші тұлғасы – тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие 
процесінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты 
бағыт – бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті); 
-
қарама – қайшылықты болуы (қарама – қарсылықтар тәрбиенің 
қозғаушы күші ретінде қарастырылады). 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет