Лекция Тақырып: Жоғары дәрежелі жүйке жүйесі. Мидың жеке дамуы және жалпы құрылысы



бет1/2
Дата23.09.2024
өлшемі0,49 Mb.
#145265
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
Лекция-1694625461965 4


3 -4. Лекция
Тақырып: Жоғары дәрежелі жүйке жүйесі.

Мидың жеке дамуы және жалпы құрылысы. Бала миының дамуы ол дүниеге келер кезде де аяқталмайды. Бірақ мидың құрамындағы нейрондар саны жас нәрестеде де, ересек адамда да бірдей болады. Бірақ балалық дәуірдің барлық кезеңінде жүйке талшықтарының өсуі мен өсінділерінің пішіні өзгере береді. Нәресте миының салмағы 380-400г. Бір жаста сәби миының салмағы 800 грамға жетеді, бұл осы кезеңде балалардың жедел өсетінін көрсетеді. Бастауыш мектеп оқушылары миының салмағы 1250-1300г., бұл ересек адамдар миының салмағына 1400-1450г шамалас. Әрбір адамның жеке басының ерекшеліктеріне сәйкес ересек адамдарда ми салмағының ауытқуы өте зор - 960 грамнан 2000 грамға дейін болады.


Ми да жұлын сияқты үш – жұмсақ, торлы және қатты қабықшамен қапталған. Қатты қабықша өте тығыз, бас сүйектерімен тұтасып кеткен. Қабықшалар аралығында ликвор сұйықтығы болады.
Ми ми стволынан және алдыңғы мидан тұрады. Ми стволына сопақша ми, көпір, мишық және ортаңғы ми жатады. Аралық ми мен үлкен ми сыңарлары алдыңғы миды құрайды.
Мидан 12 жұп бас сүйек жүйке талшықтары тарайды. Алғашқы 2 жұбы көру және иіс сезу жүйесі көздің торлы қабығынан және жоғарғы тыныс жолының кілегейлі қабықшасынан басталып, алдыңғы мидың негізіне кіреді, қалғандары – ствол ядросынан басталады. Бас сүйек нервтерінің ішінде өте сезімтал көру, есту, иіс сезу жүйкесі бар. Тек қозғалыс нервтеріне қөз еттерін иннервациялайтын үш жұп нерв жатады. Аралас нервтерге мысалы, Х жұп – кезеген нерв жатады.
Ми стволы. Мидың ствол бөлігі алдыңғы мимен салыстырғанда ерте пайда болған.
Сопақша ми жұлынның жалғасы болып табылады және оның пішіні де ұқсас. Сопақша мидың алдыңғы бетіндегі сайша жұлындағы тік сайшаның жалғасы болып келеді, ал артқы бетіндегі ойыс – төртінші ми қалташасының түбі болып саналады. Сопақша мидың сұр затында – тыныс алуды, жүрек қызметін, шайнау, ему, жұту, сілекей бөлу, сөл бөлу, жас шығу, түшкіру, жөтелу, қаңқа бұлшық еттерінің тонусы, қан тамырларының қозғалысын реттеу орталықтары секілді тіршілік үшін маңызды орталықтар орналасқан. Мидың бұл бөлімінде вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімімен байланысты вегетативті қызметті реттеу орталығы бар.
Көпір сопақша мидан жоғары орналасқан және одан айқын бөлінген. Сопақша ми тәрізді, көпір де ақ заттан тұрады, оның ішінде сұр зат шоғыры – ядро бар. Көпірдің негізгі қызметі - өткізгіштік. Көпір мен сопақша мидан 8 жұп ми жүйке талшықтары тарайды.
Мишық сопақша мидың артқы жағына, одан сәл жоғарырақ орналасқан. Ол екі ми сыңарынан және құртшадан тұрады. Мишықтың сыртқы беті жүйке клеткаларының денесінен құралған сұр заттан тұрады. Бұл – мишықтың қыртысы. Мишық 3 жұп ми сабақтары арқылы сопақша мимен, көпірмен және ортаңғы мимен байланысқан. Мишығы алынып тасталынған жануарларда бұлшық еттердің тонусы жойылады да, қозғалысы бұзылады, жүруі өзгеріп, теңселеді, артық қимыл жасайды, басы, аяқтары дірілдейді, тез қажиды. Нәрестенің мишығы қызмет атқаруға дайын болады. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда қозғалыстың едәуір дәрежеде үйлесімділігі байқалады. 10 жастағы балаларда мишықтың қызметі қалыптасып бітеді.
Ортаңғы ми – мидың шағын бөлімін құрайды, бірақ оның маңызы өте ерекше. Ортаңғы ми төрт төмпешіктен және ми сабақтарынан тұрады. Төрт төмпешіктің алдыңғы бұдырларында көру тітіркендіруіне байланысты бағдарлау рефлексінің орталығы орналасқан. Бұл бұдырлармен көз қаршығының рефлексі, көз аккомодациясы (көздің түрлі қашықтықтан оның көруге бейімделуі) байланысты. Төрт төмпешіктің артқы бұдырларында есту тітіркендіруіне байланысты бағдарлау рефлексінің орталығы орналасқан. Ортаңғы мида қызыл ядро деп аталатын қаңқаның бұлшық еттердің тонусын реттейтін орталық бар.
Мидың ствол бөлігінде әр түрлі типті нейрондар шоғырынан тұратын және одан көптеген өсінділер тарайтын ерекше түзілістер болады. Бұл өсінділер бір-бірімен араласып торлы немесе ретикулярлы формация деп аталатын өте жиі жүйке торын құрайды. Ол мидың бүкіл стволын және жұлынның жоғарғы сегменттерін қамтиды. Ретикулярлы формация арқылы ми қыртысына эффрентті импульстер беріледі. Олар ми қыртысына арнайы әсер етпейді, бірақ оның қалыпты «жұмыс» істеу жағдайын қамтамасыз етеді. Жануарларда ретикулярлы формация зақымданса, олар ұйқылы күйге көшеді, ал оны тітіркендірсе ұйықтап жатқан организм оянады. Жұлынның эфферентті нейрондары ретикулярлы формациядан тежелу және қозу импульстерін қабылдайды. Ол скелет бұлшық еттерінің тонусына, жүрек-тамыр системасының қызметіне және басқа да көптеген тіршілік әрекеті жағдайларына әсер етеді. Ретикулярлы формация үлкен ми сыңарлары қыртысының бақылауымен әрекет етеді.
Алдыңғы ми. Тарихи даму тұрғысынан алғанда алдыңғы ми жүйке жүйесінің ең кейін пайда болған бөлімі.
Аралық ми – ортаңғы мидың үстіңгі жағында орналасқан және ол көру төмпешіктерінен, төмпешік асты аймақтан тұрады. Төмпешіктер арқылы миға келетін барлық афферентті жүйке импульстары өтеді. Сондықтан бұл бөлім ми қыртысының «қақпасы» деп аталады. Төмпешік асты аймақ төменгі ми қосалқысы – гипофизге жанаса жатады. Гипофиз организмнің көптеген тіршілік әрекетіне әсер ететін ішкі секреция безі болып табылады. Төмпешік асты аймақ гипофизбен бірге организмдегі белоктың, майдың алмасуын, ұлпаның су мен минералдық заттарды пайдалануын реттейді. Бұл арада тоюды және аштықты сезетін орталық орналасқан. Төмпешік асты аймақ организмнің температурасын реттеуге де қатысады. Төмпешік асты аймақтың белгілі бір бөлімдерінің қызметі зақымданса, дене температурасының төмендеуі немесе көтерілуі байқалады. Бұл аймақтың ядроларындакөңіл-күй сезімін реттеуге қатысатын орталықтар орналасқан деген пікірлер бар. Бұдан басқа, төмпешік асты аймақтағы ерекше орталық ішкі секреция бездерінің қызметіне әсер етеді.
Үлкен ми сыңарлары адамда жақсы дамыған. Оң және сол жақтағы үлкен ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене деп аталатын жүйке талшықтарының жиынтығымен байланысқан. Үлкен ми сыңарларының сыртын сұр заттың жұқа қабаты (2-ден 4 мм-ге дейінгі) – қыртыс қаптап жатады. Қыртыстың астында ақ зат орналасқан, онда сұр заттың ядросы – түйсік пен көңіл күй сезімінің қалыптасуын реттейтін қыртыс асты орталықтары бар. Әрбір ми сыңарында үшінші ми қалташасымен байланысқан қуыстар болады. Ол қуыстар ликвор сұйықтығына толы. Оларды латеральды (бүйір) қалташалар деп атайды. Ми қыртысындағы жүйке клеткалары алты қабат болып орналасқан және олар анализаторлық-синтетикалық қызмет атқарады. Белгілі бір учаскелердегі нерв клеткалары анализатордың рецепторлық бөлімдерімен ми қыртысына келетін қозуды қабылдайды (2-сурет).






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет