12 ЛЕКЦИЯ
Топырақ. Қоршаған ортаны нысаны ретінде.
Литосфера және оның беткі қабаты – топырақ
Литосфера немесе жер қыртысы
– жердің сыртқы қатты қабаты. Ал топырақ
– атмосферамен жанасатын литосфераның үстіңгі борпылдақ қабаты. Тіршілік
осы қабатта шоғырланады. Топырақ
абиотикалық және биотикалық
факторлардың әсерінен тас жыныстардан пайда болған. Ол пайда болу
уақыты, құрамы мен құрылысы бойынша ерекшеленетін бірнеше генетикалық
горизонттардан тұрады.
Топырақ ресурстары
жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы
шарттардың бірі болып табылады. Топырақ биосфераның
компоненттерінің
бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып
саналады, ол энергетикалық сыйымдылығы жоғары,
топырақ биотасы мен
адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап
тұра алатын өздігінен тазару процестерінің
механизмдерінің аса маңызды
резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі
өндіру үшін қажетті жағдай тек топырақ арқылы ғана жасалыныды.
Топырақтану ғылымының
негізін салушылардың бірі
В.В.Докучаев
ХХ ғ
басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары
мен өзін - өзі реттеуге қаблиетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады,
топырақтың планетаның
тарихы мен тау жыныстармен, климатымен,
өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен
Топырақ кұрамы жағынан негізгі үш қабаттан тұрады. Олар бір-бірінен
морфологиялық және химиялық құрамына қарай айырма жасайды.
1. Перегнойлы аккумалятивті - шөгінді шіріндіге бай қабат. Бұл қабатта пайда
болған органикалық заттардың біразы судың шаюымен төменгі қабатқа өтеді.
2. Шайылу горизонты - мұнда жоғарғы қабаттан
шайылып келген заттар
жиналады. Бұл қабаттағы топырықтың құрамы да түрлі-түрлі болады. Сазды
күлгін, қарашірікті, алюминий мен темір тотықтары да араласады. Сондықтан
бұл қабат беткі қабаттан гөрі қаттылау, тығыздау болады.
3. Топырақ пайда болған ең негізгі қабат (материнская порода) яғни аналық
жыныс.