Лекция№2 Өмір жəне оның МƏні өмірдің



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі114,08 Kb.
#5928
түріЛекция

Лекция№

  2  

            ӨМІР ЖƏНЕ ОНЫҢ МƏНІ 

  

Өмірдің

  мəні. "Өмірдің  мəні  туралы  ойланбайтын  адам  бар  ма?"  деген  сұраққа 

кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мəні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір 

сүруге  əрекет  етуге  тырыспайтын  адам  болмайды",  —  деп  жауап  беретін  болар.  Олай 

болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мəні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші. 

Ұлы  Абайдың  жас  ұрпаққа:  "Атаның  ұлы  болма,  адамның  ұлы  бол"  деп  өсиет 

калдырғаны белгілі. 

Əрине,  бұл  жерде  өз  атына  лайық,  ізгі,  мейірімді,  өзгелерді  қадірлейтін,  өз 

мүддесін  қоғам  мүддесімен  ұштастыра  алатын,  өзі  үшін  де,  өзгелер  үшін  де  еңбек  ете 

білетін,  өз  құқығын  қорғап,  өзгелердің  кұқығын  сыйлайтын,  өмірден  кеткен  соң  артына 

жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы əңгіме болып отырғаны анық. 

Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез 

келген  адам  бұл  дүниеге  келгеннен  кейін  бар  өмірін  артына  жақсы  із  қалдыруға  арнауға 

міндетті болғаны ғой? Адамдардың бəрі ұлы  тұлғалар сияқты еңбек етіп, артына игілікті 

мұра  қалдыра  ала  ма?  Ондайға  тырысу  қатардағы  адамдар  үшін  қиял,  орындалмайтын 

арман емес пе? 

"Менің өмірлік тұрғым басқа, — дейді біреулер, — өмір адамға екі рет келмейді. 

Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салып қалу керек. Аузың 

барда асап қал. Ішіп-же. Киін. Сауық құр. Нəпсіңді қандыр. Лəззат ал". Қайсысы дұрыс? 

Мұндай  сұраққа  сылдырата  жауап  бере  салу  қиын  емес.  Адам  өмірінің  мəніне 

қатысты мəселе — ол əр адамның өзінің жеке мəселесі. Мұндайда дайын рецепт беруден 

онды  нəтиже  шыға  кояр  ма  екен?  Дүние  жүзінде  қанша  адам  болса,  сонша  өмірлік 

ұстаным бар. Ал талқының, пікір алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық. 

Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау 

жасай  отырып,  адамның  болмысының  абстрактілі  жəне  өзгермейтінін  негізге  ала 

отырып,адамның  өмірінің  мəні  оның  іс-əрекеттерінің  негізгі  мақсаты  мен  мұратынан 

тұрады деген  қағидаға  ден  қойып  келгені  мəлім.  Бұдан  дүниені  рухани  құралдармен 

өзгерту  мүмкіндігі  туралы  ой  туады.  Көптеген  философтар  өмірдің  мəнін  жеке  адамның 

дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші үғым 

ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мəнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар 

мен  жеке  бастың  қамтамасыз  болуына  жетумен  байланыстырудың  да  негізсіз  емес 

екендігін айта кету керек. 

Өмірдің  мəні  туралы  сауалдарға  ғылыми  тұрғыдан  нақты  жауап  қайтару 

мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мəні 

əр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 

6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мəні туралы сонша пікір бар. 

Ал  өмірдің  мəні  туралы  философтар  пікірлерінің  жалпы  адамзатқа  ортақ, 

əлдеқалай  бір  жиынтық  тұжырым  болып  шығып  жатуының  да  өзіндік  жөні  бар.  Адам 

өмірінің  мəні  оның  өлеуметтік  жағдайларымен  айқындалады.  Адам  —  белсеңді  əрекет 

иесі.  Ол  əлеуметтік  дамуды  жеделдетіп  немесе  тежеп,  оған  тура  ықпал  ете  алады. 

Тарихтың  түрлі  кезеңдерінде  өзгеріп  отыратын  адам  өмірінің  мəнін,  құндылығын 

айқындаушы  —  сол  адамның  өзі.  Жəне  ол  жеке  адамнан,  қоғамнан  тыс  ұғым  емес, 

адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым. 

  

"Бақыт" түсінігі. Өмірдің мөні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір 

ұғым  бар.  Ол  —  бақыт  туралы  ұғым.  "Өмірдің  мəні  оны  бақытты  етіп  өткізуде"  деген 

тұжырымның кез келген адамға түсінікті əрі жылы естілетіні содан болса керек. 



Бақыт

 дегеніміз —  өзі  болмысының  шарттары мен  адамның  кең  ауқымды  ішкі 

қанағаттанушылығына  сəйкес  келетін,  өмірінің  толыққандылығы  мен  маңыздылығын, 

өзінің  адамдық  мұратына  жету  күйін  көрсететін  моральдық  сана  ұғымы. Бақыт 

мұраттың сезімдік-эмоциялык формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты 

объективті  жағдайды  немесе  адамның  субъективті  күйін  сипаттап  қана  қоймайды, 

сонымен  бірге  адам  өмірінің  қалай  болуы  керек  екендігі,  ол  үшін  ненің  игілікті  бола 

алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті-

бағалық сипат алады. Бақыттың мазмұны əр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын 

қалай түсінуіне байланысты. 

Бақыт  сондай-ақ  тарихи  жене  ұлттық  шарттылық  сипатта  көрініс  береді. 

Моральдық  сана  тарихында  бақыт  адамның  тумысынан  иелік  ететін  құқығы  деп 

есептелген  мезеттер  болса  да,  іс  жүзінде  қоғамда  езілген  елдердің  бақытты  өмір  сүруге 

тырысу  əрекеттері  аяусыз  жанышталып  тасталатын  жағдайлар,  жеке  адамның  бақытына 

тосқауыл болатын тарихи оқиғалар да аз болмайды. 

Қазір  бүкіл  прогресшіл  адамзат  қауымы  қабылдаған  демократиялық  қағидалар 

біздің  өмірімізге  де  мықтап  ене  бастады.  Тұлғаның  мүддесі  қоғам  мүддесінің  астында 

тапталып  қалмайтын  болды.  Бірақ  бұл  жағдай  жекенің  мүддесі  үшін  қоғам  зардап  шеге 

берсін дегенге апарып саймаса керек. Ол екеуінің арасындағы байланыстар табиғи, бірін-

бірі  толықтырып  отыратын  болуы  керек.  Қоғам  бақытты  болса  ғана  адам  бақытты.  Ал 

қоғамның бақыты оның əр мүшесінің бақытынан құралады. 

Қатардағы адамньң түсінігіне салсақ, бақыттьщ белгісі жанына жайлылық, тəніңе 

лəззат  беру  болып  шығар  еді.  Бұл  да  өмірлік  тəжірибеден  алынған,  сонысымен 

көпшіліктің  санасына  орныққан  жағдай  болар.  Солай  болғанның  өзінде  оған  жетер  жол 

біреу-ақ. Ол — табиғи жол, еңбек жолы. Бұл жолмен көңілдің хошын табу — əр адамның 

өмірлік нысанасы болуға тиіс. 

Өмір  жөне  оның  мəні  туралы  ой  қозғаған  ұлылардың  бəрі бақытты еңбекпен 

байланыстырады.  Осы  ұстанымды  қуаттайтын  ойшылдарды,  ғұламаларды,  көркем-өнер 

кайраткерлерін  көптеп  кездестіруге  болады. Көпке  танымал  болмаса  да,  қатардағы 

салауатты  адамдар  да  осыны  мақұлдайды.  "Бакыт  тек  еңбекпен  келеді"  деген  тұжырым 

əлімсақтан  келе  жатқан  ақиқат,  белгілі  аксиома  ретінде  əлі  күшін  жойған  жоқ.  Адамның 

өзі  таңдаған  кəсіппен  айналысуы, ұзақ  жəне  қызықты  еңбек  жолынан  өтіп,  мол  тəжірибе 

жинап,  кəсіпқойлықтың  шыңына  шығуы,  шабытпен  еңбек  етіп,  оның  нəтижесін  көруі  — 

міне, адамды бақытқа бастап апарар баспалдақтар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін, 

оның  зейнеті  болады.  Адал  еңбек  еш  кетпейді.  Қатардағы  қарапайым  адамдардың 

арасында  өзі  қалаған  мамандьны  бойынша  еңбек  етіп,  көпшілік  алып  жүрген 

жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында, достары мен туыстарының 

арасында, тату-тəтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр. 

Ал шығармашылық жұмыстармен айналысатын адамдардьщ өз бақытын ерінбей, 

жалықпай,  маңдай  терін  сыпыра  еткен  еңбегінен  табуының  мысалдары  айшықтырақ 

көрінеді.  Олар  үшін  еңбек  үрдісінің  өзі  —  құлшынысқа,  лəззатқа  толы  аса  жоғары 

эмоциялық  күй.  Олар  еңбекті  ешқашан  "ауыртпалық"  деп  санамайды,  "қиындық"  немесе 

"азап"  деп  есептемейді.  Шығармашылық  жұмыспен  айналысатын  адам  үшін  əр  жаңа 

туынды  жасаудың  өзі  бір  ғажайып  сырлы  дүниеге,  нұрлы  əлемге  сапар  шегіп  келгенмен 

бірдей болып көрінеді. 

Əрине, шығармашылық еңбек ететіндердің халыққа танымал болатыны, олардың 

құрметке  тезірек  бөленетіні  рас.  Дегенмен  барлық  адам  шығармашылық  жұмыспен 

айналыса  алмайды  десек  те,  жұмыстың  барлық  түрін  шығармашылықпен,  шабытпен 

істеуге болатынын да жоққа шығаруға болмайды. Фабрика станогында, егінжайда, қызмет 

көрсету  саласында  немесе  қатардағы  көп  мекеменің  бірінде  өз  міндетін  құлшыныспен 

атқарып жүрген адамдар баршылық. 

Еңбек еткісі келген адамға еңбектің кез келген түрі құлшыныс тудырады. Мұны 

саудасы жүріп тұрған  кəсіпкер де, машинасы жүріп тұрған жүргізуші де, егіні жайқалып 

өсіп келе жатқан диқан да, бір жерден кен қорын тапқан геолог та жақсы біледі. Еңбектен 

бақыт  табу  үшін  əркімнің  кəсіпті  дұрыс  таңдауы,  оны  сүйе  білуі  керек.  Сондай-ақ  еңбек 

мотивпен істеледі, оның ынтасы болуы керек. Түпкілікті мақсат пен нəтиже айқын болса, 



адам  еңбегінің  болашақ  жемісін  көре  алса,  кез  келген  əрекет  шығармашылық  үрдіске 

айналады, кез келген адам құлшына еңбек ететін болады. 

Көптеген  адамдар  бақытты  махаббатпен  байланыстырады.  Махаббат  жолында 

бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер де аз емес. 

Осы  жерде  қазақтың  батырлық  жырлары  мен  лиро-эпостарының  кейіпкерлерін 

еске  түсірейікші.  Қыз  Құртқа  үшін  Қобыланды,  Гүлбаршын  сұлу  үшін  Алпамыс,  Қыз 

Жібек  үшін  Төлеген,  Баян  сұлу  үшін  Қозы  Көрпеш  өздері  сүйген  арулар  үшін  өмірлерін 

қиюға да дайын еді. 

Махаббат үшін аңызға татитын ерліктер мен адамды таңғалдыратын əрекеттерге 

баратындар  барлық  кезеңдерде  де,  барлық  елдерде  де  аз  болмаған.  Шын  ғашық  адамдар 

үшін құйылып жатқан байлығың да, асып тұрған мансабың да қажетсіз болып қалуы əбден 

мүмкін. Қарсы жыныс өкіліне деген алабұртқан құлшыныс, жұптасып өмір сүруге ұмтылу 

құбылыстары  о  бастан  тек  адамдарға  ғана  тəн,  табиғи,  сонысымен  де  заңды  құбылыс. 

Сондықтан да махаббатпен өмір сүру бақыттылықтың басты белгілерінің бірі болып келді 

жəне бұдан былай да бола береді. "Кейде есер көңіл құрғырың, махаббат іздеп талпынар" 

немесе "Махаббат — өмір көркі" дегенде, ұлы Абай бақытты өмір сүрудің осы факторына 

сүйеніп айтса керек. 

Махаббат  туралы  сөз  қозғағанда,  біздің  ойымызға  А.Дюманың  де  Монсоро 

ханымы,  Л.  Толстойдың  Анна  Каренинасы,  М.Əуезовтің  Қаракөзі,  Ш.Айтматовтың 

Жəмиласы еріксіз оралады. Байқап отырсақ, ғашықтықтың ғажап хикаяларын бастарынан 

өткерген  осы  əйелдердің  бəріне  ортақ  бір  факторды  аңғару  қиын  емес.  Ол  аталған 

перизаттардың  барған  (немесе  баратын)  жерлерінің  бəрі  ауқатты  əулеттерден  шыққан, 

əлеуметтік  мəртебесі  жоғары  адамдар  екендігі,  ал  соларды  тастап  кеткенде,  жүректері 

қалағандары  ауқаты  жағынан  да,  мəртебесі  жағынан  да  төмен  адамдар  болғандығында, 

сонысымен олардың махаббатты байлық пен мəртебеден жоғары қоюында жатса керек. 

Шын махаббат екі жақтың психологиялық жəне тəни үйлесуінен, олардың бірін-

бірі  үнемі  аңсап  тұруынан,  түптеп  келгенде,  өмірге  ұрпақ  келтіруге  бастап  апаратын 

жұптасқан  тұрмыс  құруынан  көрініс  береді.  Махаббат  —  адам  өмірінің  тым  шетін,  аса 

нəзік, оның бақытына тура қатысы бар маңызды қыры. 

Бақыт  деген  —  адамға  оның  өзінен  жоғары  тұрған,  белгісіз  бір  күштердің  сыйы 

емес.  Бакытты  болу  немесе  бола  алмау  —  адамның  маңдайына  бұйырған  үлес  немесе 

тағдырына  алдын  ала  жазылып  койылған  бағдарлама  да  емес.  Бақытты  болу  əр  адамның 

өз еркі, демек, бақытты бола білу əр адамның өз қолында. 

  

Адасу



Еңбектен, 

махаббаттан, 

табиғаттың 

сұлулығынан 

немесе 

достар 


арасындағы  толық  түсіністікті  сыр  шертісулерден  тыс  қалған  адам  бақытты  өзге  жақтан 

іздейді.  Адасу  осыдан  басталады.  Алдымен  шылым  шегуден,  спирттік  ішімдіктен  жанға 

сая табу кейін есірткі қабылдауға ұласуы əбден мүмкін. Уландырғыш заттар бастағы бар 

ауыртпалықгы  белгілі  бір  мезетке  ысырып  тастағандай  əсер  етіп,  көнілдің  хошын 

келтіретіні  рас.  Есірткі  қабылдаған  адамда  іштей  қанағаттанғандық  сезім  пайда  болып, 

қайғы  мен  мұң  ұмытыльш,  көңілі  көтеріліп,  айналасы  қызылды-жасылды  түске  енеді. 

Бірақ жасанды бақыт ұзаққа бармайды. Есірткі денеге жайылып, оның уыты тарқағаннан 

кейін  адам  қайтадан  бейжай  күйге  түседі.  Ол  бұрынғыдан  да  қатты  қиналады:  іштей 

құлазу,  жалғыздық  сезімі  пайда  болады.  Бұдан  құтылудың  жолы  біреу-ақ  —  қайтадан 

қажетті мөлшерін қабылдаса, бəрі сонымен шешілетіндей көрінеді. Адам қайтадан есірткі 

іздейді. Осылай жалғаса береді. Адамның өзін-өзі іштей ірітіп-шірітуі осылай басталады. 

Адамның өзін-өзі өлтіру қүбылысын суицид дейді. Кейбір психолог ғалымдардың 

жорамалдауынша,  жасөтарды  суицидке  итермелейтін  факторлардың  бірі  —  бұқаралық 

сипат  алған  əділетсіздік.  Жеке  адамның  əділетсіздігі  —  қоғам  əділетсіздігінің  құрамдас 

бөлігі.  Қоғамда  демократиялылық  пен  жариялылықтың  болмауы  оның  кейбір  мүшесін 

еріксіз əділетсіз жолдарға түсуге итермелейді. 



Бірінші  дүниежүзілік  немесе  азамат  соғыстары  жылдарында  тұтқында  болған, 

фашистік  жөне  коммунистік  тоталитарлық  режімдердің  концентрациялық  лагерьлерінде 

болғандардың  адам  төзгісіз  ауыр  жағдайлары  туралы  көркем  əдебиеттерден  оқып, 

кинофильмдерден  көріп  жүрміз.  Олардың  басым  көпшілігі  соңғы  демі  үзілгенше  жарық 

дүние  үшін  күресті.  Өмірге  деген  құлшыныс,  тіршілікті  сүю  ауыр  минуттарда  олардың 

санасына сəуле, бойына қуат берді. Олардың бірқатары жеңіс күніне де жетіп, содан кейін 

де  бұл  жарық  дүниенің  дəмін  татты,  қызық  көрді,  бала  тəрбиелеп,  немерелер  сүйіп, 

қуанышқа кенелді. 

Адамның  төзімділігінде  шек  жоқ.  Адам  ақылдың,  ойдың,  сезімнің  ғана  емес, 

сонымен қоса ол төзімнің де кеніші. Адамның бойында керемет тəни күш пен қуат та бар. 

Адам  рухани  қиындықпен  қатар,  тəни  ауыртпалықтың  қандайына  да  төтеп  бере  алады. 

Адамның  бірегейлігінің  өзі  осыдан  көрініс  тапса  керек.  Өмірге  құштарлығымен  бірнеше 

ұрпақтың  назарын  аудара  білген  орыс  жазушысы  Николай  Островский:  "Төзуге  мүмкін 

болмайтын жағдайда да өмір сүре білу керек" деп жазған еді. 

Басқаны былай қойғанда, адамның ауасы таза, суы мөлдір, аспаны ашық, айы мен 

күні  орнында,  гүлінің  хош  иісі  бұрқыраған  жер  бетінде  аяқ  басып  жүруінің  өзі  бақыт. 

Əрине,  адам  тек  табиғат  берген  сыймен  шектеліп  қала  алмайды.  Адамға  еркіндік, 

демократия,  материалдық  жəне  рухани  байлық  керек. Бірақ  оларды  жасау  əркімнің  өз 

қолында. 

 

 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет