Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы


 Қазақстан — əлемдік қауымдастықта



Pdf көрінісі
бет72/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,99 Mb.
#21082
түріЛекция
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78
5.  Қазақстан — əлемдік қауымдастықта
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде 
халықаралық қатынастар жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге 
кірісті.  Қазақстан  өзінің  сыртқы  саясатында  үш  мəселеге  ерекше 
назар аударды. Біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бұрынғы 
Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс 
аймағы, Еуропа елдері жəне АҚШ-пен халықаралық байланысты 
өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс 
қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мəдени-экономика-
лық  байланысты  күшейту,  сол  арқылы  алдыңғы  қатарлы  өрке-             


362
363
ниетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның 
қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды 
қолдануды болдырмау. 
Міне,  осы  бағытта  1991  жылдан  бастап  сыртқы  саясат  пен 
халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асы-
рылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі əріптес 
мемлекеттерімен байыпты жəне болжауға болатындай байсалды 
қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі — 
көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол — еліміздің геосаяси 
жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған 
қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын 
дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан 
астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-
тан астам дипломатиялық жəне консулдық өкілдіктер ашылды. Ал 
Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, 
халықаралық жəне ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұ-
мыс істейді. 
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын жəне ірі көрші 
мемлекеттер — солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз 
қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан 
мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық 
жəне өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы 
бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 
1996 ж. 27- сəуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин 
мен Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, 
Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының 
маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп 
жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық 
реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мəні 
бар екендігі атап көрсетілді.
Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан əрі 
дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мəскеуде қол қойылған мəңгілік 
достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл 
атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара  
келіспеушіліктерді реттеу жəне Байқоңыр космодромын бірлесіп 
пайдалану  мəселелері  шешілді.  2000  ж.  25  қаңтарында  Қазақстан 
Елбасы Н.Ə.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі 
болды. Онда екіжақты қарым-қатынасты одан əрі жетілдіре түсуге 
жете  мəн  берілді.  Ал  2002  ж.  желтоқсанда  Қазақстан  Президенті 
Н.Ə.Назарбаевтың Мəскеуге ресми сапары барысында екі ел ара-
сында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге 
күш салынатыны баса айтылды. Сондай-ақ, аймақтық жəне 
халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты 
пікір алмасылды. Екіжақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ 
шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы ел-
дер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табы-
латыны атап көрсетілді. 
2003 жыл — Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл — 
Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып 
өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. 
долларға  жетті,  мұның  өзі  2003  жылғы  сондай  көрсеткіштен  40% 
дерлік  көп  (Егемен  Қазақстан,  12.01.2005).  2005  жылдың  басында 
Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ доллары-
нан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кəсіпорын болды. 
Тəуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мем-
лекет — Қытай Халық Республикасымен тату көршілік жəне 
достық қатынастар орнатуда едəуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. 
Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске 
асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа 
жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-
қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Ре-
спубликасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. 
тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жол-
дарын ашудың сəті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы жылдары 
ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан 
жəне Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс 
Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына 
шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жұмсалатыны 
жөніндегі шартқа қол қойылды. Мұның өзі саяси-экономикалық 
байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт 
өмірді сақтауға кепілдік берді. 
1998—1999 жж. белсенді дипломатиялық əрекеттер арқылы Қы-
тай мен Қазақстан арасында тағы да жаңа маңызды уағдаластықтарға 
қол жетті. Ең алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды. 
Қытаймен  арадағы  шекараны  айқындап  белгілеу  Қазақстанның 
ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдірді. 
Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан 
айында жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың 
жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесуі ба-
рысында 5 құжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы “Қазақстан 


364
365
Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату 
көршілік, достық жəне ынтымақтастық туралы шарт” болып та-
былады. Сондай-ақ, бұдан басқа екі ел деңгейінде халықаралық 
лаңкестікпен, сепаратизммен жəне экстремизммен күресте 
ынтымақтастық жөнінде, екі мемлекет арасындағы қауіпті əскери 
əрекетті болдырмау туралы жəне т.б. құжаттарға қол қойылды. Екі 
арадағы сауда-экономикалық байланыстар жылдан-жылға артып, 
2004 жылы оның көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асты. Жалпы 
соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер 
жүргізу біздің елдің сыртқы саясатындағы тұрақты құбылысқа ай-
налды. 
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасы-
ның маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тəуелсіз мем-
лекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мем-
лекет арасында елші дəрежесіндегі толыққанды дипломатиялық 
қатынастар орнады. 1991 ж. желтоқсанында Мемлекеттік хатшы 
Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ə.Назарбаев жəне басқа да ресми 
адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 ж. көкек айында Қазақстанға 
Еуропадағы қауіпсіздік жəне қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ 
Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылғы мамырда 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Америка 
Құрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың бары-
сында: “Сауда қатынастары жөніндегі келісім”, “Қаржы салымдарын 
өзара қорғау жөніндегі шарт”, “Қазақстан Республикасы жəне АҚШ 
үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум”, 
“Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі 
туралы бірлескен мəлімдемелерге” қол қойылды. Сөйтіп, екіжақты 
қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негіздері қаланды. 
Осыдан кейінгі жылдары Қазақстан мен АҚШ қарым-
қатынастары серпінді түрде дамып келеді. Қазіргі кезде АҚШ 
Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы болып отыр. Вашинг-
тон Қазақстанға Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік 
тұғыры, өзінің осы аймақтағы басты серіктесі ретінде қарайды.  
1999 ж. желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев  
АҚШ-қа тағы да бес күндік сапар жасап, екі ел арасындағы 
байланысқа жаңа жол ашты. Екі мемлекет арасындағы келісім ба-
рысында ХХІ ғ. басындағы басымдық беретін басты бағыттары 
айқындалды. 
Біздің мемлекетіміздің тəуелсіздігіне он жыл толуына орай 
жіберген құттықтау хатында АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстан 
Халықаралық қоғамдастық үшін аймақтағы тұрақсыздық пен 
жанжалдарға қарсы шешуші рөл атқаратынын қуаттады. 2001 жы-
лы желтоқсанда Президент Н.Ə.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми са-
пары барысында «Жаңа Қазақстан-Америка қатынастары туралы” 
бірлескен  мəлімдемеге қол қойылды. 
Сонымен қатар, Қазақстан үшін Түркия, Пəкістан, Үндістан, 
Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Ко-
рея сияқты жəне басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мəні өте 
зор. 
Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тари-
хи жəне мəдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы — 
Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен 
тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы 
Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. Оған 
Қазақстан,  Өзбекстан,  Қырғызстан,  кейіннен  1998  ж.  4-  мемле-
кет Тəжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа  
сəйкес Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институттары — 
Премьер-министрлер кеңесі жəне олардың тұрақты органы — Атқару 
комитеті құрылды. Ортақ экономикалық кеңістік туралы шартқа қол 
қойылғаннан кейінгі жылдар ішінде көпжақты ынтымақтастықтың 
маңызды бағыттары, көкейкесті халықаралық күрделі мəселелер 
жəне республикалардың экономикалық интеграциясы бойынша 200-
ден астам құжаттар қабылданды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы 
— Орталық Азия экономикалық қауымдастығының 2005 жылға 
дейінгі интеграциялық даму стратегиясы. 2002 жылдың ақпан 
айынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа 
келісілген құжат негізінде “Орталық Азия ынтымақтастығы” болып 
қайта құрылды. 
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып 
отырған мəселелерінің бірі — елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. 
Бізбен солтүстікте бірнеше мың шақырым шекараласатын Ре-
сеймен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шекараны тұрақтандырып 
бекіту өте қажет іс еді. Шекара — мемлекеттік егемендіктің басты 
белгілерінің бірі. Сондықтан бұл маңызды саяси проблема Ресей 
мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде əлденеше рет 
əңгіме арқауы болды. Осының нəтижесінде екі ел арасында 1992 ж. 
15 мамырда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа жəне 1999 ж. 28 
наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Əскери ынтымақтастық 
туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарттар бойынша Қазақстан мен 
Ресей əрі қарай да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту жəне 


366
367
қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп сыртқы 
саясат саласында өзара бірлесіп əрекет етуі көзделген. Ресей мен 
Қазақстан арасындағы қауіпсіздік жəне сыртқы саясат мəселесі екі 
ел  арасындағы  1998  жылы  шілдеде  қабылданған  “Мəңгі  достық 
жəне одақтастық туралы декларацияда”, сондай-ақ, экономикалық 
ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998—2007 жж.) арналған 
экономикалық бағдарламада өзінің даму көрінісін тапты. Осы 
келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерінде дели-
митациялау шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы қаңтарда 
Мəскеуде өткен екі мемлекет басшыларының кездесуінде басты үш 
бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі — екі ел саясатындағы 
қарым-қатынастың сабақтастығы. Екіншісі — қауіпсіздік мəсе-
лесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі — шекараны нақтылау мə-
селесі. 
Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасының жалпы 
ұзындығы 15 мыңға жуық шақырымды құрайды. Соның ішінде 
Қазақстанның Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарасы ша-
мамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен — 7,5 мыңнан астам 
шақырым, Түркменстанмен — 400 шақырым, Өзбекстанмен — 
1660 шақырым. Ресеймен шекараны делимитациялау мəселесі 1998 
жылғы 6 шілдеде екі ел басшыларының бірлескен мəлімдемесінен 
жəне сол жылғы 12 желтоқсандағы мемлекеттік шекараны делими-
тациялау жөніндегі хаттамадан басталды. Алты жыл аралығындағы 
құжаттарды əзірлеумен тыңғылықты айналысқан сарапшылар 
шекаралық сызықтың барлық нүктелері бойынша ортақ келісімге 
келді. Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев пен Ресей президенті 
В.Путин 2005 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан-Ресей мемлекеттік шека-
расы туралы шартқа қол қойды. Шын мəнінде, тарихи деп бағалауға 
болатын осы құжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы бар 
шекара мəселесі халықаралық нормаларға сəйкес шешімін тапты. 
Елбасы атап өткендей, “қадым замандардан қазақ-орыс елдері ара-
сында шекара бірінші рет заңды түрде тартылып отыр”. Əлемдегі 
жерүстілік ең ұзын саналатын, жалпы аралығы 7591 шақырымды 
құрайтын бұл шекара сызықтары белгіленіп жəне мойындалып, екі 
мемлекет арасындағы мызғымас достықтың сенімді кепілі ретінде 
бағаланды.
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шека-
раны заңдастыруға кірісті. Өзара түсіністік пен мүдделілік бұрын-
соңды болмаған табысқа қол жеткізді. 1994 жылдың сəуір айында 
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Премьер-министрі Ли 
Пэн екі ел арасындағы шекара сызығын заңдастырып, белгілеу (де-
лимитация) жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Жалпы ұзындығы 
1718 шақырымға созылып жатқан желінің екі шағын учаскесінен 
(бұрынғы Талдықорған жəне Семей облыстарындағы) басқасы түгел 
заң жолымен бекітілді. Келесі кезектегі мəселелерді шешу үшін 
делимитациялық комиссия құрылды. Жоғары дəрежелі кездесу 
кезінде шекара мəселелерін толық реттеуге қатысты келіссөздерді 
одан əрі жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жетті. Бұл бағытта 
1996—1998 жж. үш арнайы келісім болды. Соның нəтижесінде 1999 ж. 
қарашада Цзянь-Цземинь мен Н.Назарбаев шекаралық мəселелердің 
толық үйлестірілуі туралы арнайы коммюникеге қол қойылды. 
Сөйтіп, Қытаймен шекараны межелеу негізінен аяқталды. 
Сонымен қатар, Қазақстан бұл жылдары өзінің жақын көршілері 
— Қырғызстанмен, Өзбекстанмен жəне Түркменстанмен арадағы 
шекара мəселелерін іс жүзінде түпкілікті реттеуге қол жеткізді. 
Шекара мəселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай 
ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) маңызды рөл атқарады. 1996 жылғы 
сəуірде Шанхайдағы кездесу кезінде Ресей, Қытай, Қазақстан, 
Тəжікстан, Қырғызстан басшылары шекараларды бұзбау, олардың 
арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін 
жеткізу келісіміне қол қойылды. Кейін бұл келісімге Өзбекстан 
қосылды. 
“Шанхай келісімі” негізінде алты ел басшыларының жыл сайын-
ғы кездесуі 1997 ж. Мəскеуде, 1998 ж. Алматыда, 1999 ж. Бішкек, 
2000 ж. Душанбе, 2001 ж. Алматыда болып өтті. Онда аймақтық 
қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту мəселелері жан-жақты 
талқыланып, осының нəтижесінде Декларациялар қабылданды. 
2002 жылғы маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымының ке-
зекті саммиті Санкт-Петербург қаласында болып өтті. Оның 
жұмысында ШЫҰ құрылымын орнықтыру іс жүзінде көрініс тап-
ты. ШЫҰ-ның Секретариаты Пекинде, ал Аймақтық терроризмге 
қарсы құрылымның штабпəтері Бішкекте орналасатын болды. Бұл 
кездесуде 3 құжатқа — ШЫҰ Хартиясына, аймақтық терроризмге 
қарсы құрылым жөніндегі Келісімге жəне ШЫҰ-ға қатысушы мем-
лекеттер басшыларының Декларациясына қол қойылды. 
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат — бейбіт-
шілік,  соғысты  болғызбау.  1992  ж.  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  47 
сессиясында Президент Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен 
сенім шараларын орнықтыру туралы мəселе көтерді. Оған сəйкес 
1993 ж. көктемде Алматыда осы мəселеге байланысты шақырылған 


368
369
бірінші бас қосуға оннан аса мемлекеттен өкілдер келген болса, сол 
жылғы тамыз айындағы кездесуге 17 елден сарапшылар тобы келді. 
Қазақстан Хельсинки процесіне қосылып, Еуропадағы қауіпсіздік 
пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның жұмысына қатысты (1992 
ж.).  Ал  1996  ж.  31  қыркүйекте  Қазақстан  БҰҰ-ға  мүше  129  елдің 
қатарында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды. 
Қазақстанның СШҚ-І-Шарты мен ядролық қаруды таратпау 
туралы шартқа қосылуы əлемдік маңызы бар оқиға. Мұның өзі 
елдің қауіпсіздігінің кепілдіктерін күшейтті. 1994—1995 жж. ба-
сты ядролық державалар — АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, ҚХР мен 
Франция Қазақстанға қауіпсіздіктің бірлескен жəне жан-жақты 
кепілдіктерін берді. 
Қазақстан саяси-əскери одақ — НАТО-мен ынтымақтастыққа 
маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін 
əріптестік” бағдарламасы аясында дамып, еліміздің қарулы күштері 
үшін кадрлар даярлауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының тəуелсіздігі мен шекарасының 
тұтастығын қорғау үшін өзінің жеке Қарулы Күштерін құрудың 
зор маңызы болды. Оны іске асыру Елбасының 1992 ж. мамырдағы 
“Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” 
жарлығымен басталды. 2000 ж. 10 ақпанда 1999—2005 жылдарға 
арналған жаңа əскери доктрина жəне ұлттық қауіпсіздік стратеги-
ясы қабылданды. Осы құжаттарға сəйкес армия елдің ішкі жалпы 
өнімінің бір пайызынан кем емес көлемде қаржыландырылатыны 
көзделді. Доктрина негізінде Қазақстан жерінде əскери аумақтық 
құрылымға көшіру жүзеге асырылып, елдің барлық аймағын 
қамтыған Оңтүстік, Шығыс, Батыс жəне Орталық əскери округтері 
құрылды. Сөйтіп, біздің елімізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең 
басты мəселе болып қала береді.
1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 
болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға 
болды. Осыдан кейін елімізге басқа да халықаралық ұйымдарға 
мүше болып кіруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі 
валюта-қаржы ұйымдарына — Халықаралық Валюта қорына, 
Дүниежүзілік қайта құру жəне даму банкіне, Еуропа жəне Азия даму 
банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам 
халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Нəтижесінде 
Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта 
түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі арт-
ты. Мысалы, 1992—1995 жж. халықаралық қаржы институтының 
Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 млрд. АҚШ доллары-
нан асып түсті. Тəуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетара-
лық жəне үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды. 
Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында 
АҚШ орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидер-
ланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия 
жəне Оңтүстік Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым-
қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық “Шеврон” компания-
сымен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды. 
Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық 
əріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам 
Қазақстан-Американ бірлескен кəсіпорны жұмыс істейді, сондай-ақ 
100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген. 
Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы 
зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-
нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нəтижесінде 
сыртқа шығаратын жəне сырттан бізге алып келетін тауарлардың 
көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. 2001 ж. Қазақстанның сыртқы 
сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда 
айналымының шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне, 24% Еуропа 
елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді. 
Біз ашық сыртқы сауда саясатын дəйекті жүргізіп келеміз. 
Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң саль-
досы (Сальдо — белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен 
шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. 
АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен 
астам өсті деген сөз. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен 
ТМД-ның ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың 
географиясы да біршама тарамдала түсті. Қазақстан тауар 
айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше 
елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты. 
Осылайша біз əлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, 
жаһандық бəсекелестік арнасына ендік (Қазақстан экономикалық, 
əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республи-
касы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // 
Егемен Қазақстан, 19 ақпан 2005 ж.).
2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер 
Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан 
Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы 
Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі 


370
371
ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген əлемнің 56 мемлекетінің 
шешімі — еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік. Бұл — елба-
сы Н.Ə. Назарбаевтың халықаралық зор беделінің ерен табысы, 
еліміздегі ұлан-ғайыр оң өзгерістердің, біздегі демократияның 
айшықты нəтижесі. Біздің еліміз халықаралық мойындауда жəне 
өзінің дамуында жаңа сапалық дəрежеге көтерілді. ЕҚЫҰ — дүние 
жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірінен саналады. 
Қазақстан — ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші 
түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын 
бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел. 
Қорыта келгенде, тəуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген 
елдерімен тең деңгейде дипломатиялық жəне экономикалық 
қарым-қатынастар орнатты. Тəуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы 
саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы 
бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта 
лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы əлемдік қоғамдастықтың 
іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі 
күні Қазақстанды əбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық 
Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті əріптеске, 
халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың 
таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды. 
Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан əлемдік қауымдастықтың 
толыққанды  мүшесі  болды,  оның  бастамалары  тəжірибе  жүзінде 
əрқашан кең қолдау тапты жəне нақты іс жүзіне асырылып отыр-
ды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дəрежеде танылудың жаңа 
сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы 
қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы 
шешім оның сенімді дəлелі болды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет