Лексикалық–грамматикалық және елтану тестілері 10-сынып Туынды сын есімді көрсетіңіз



Дата16.01.2023
өлшемі16,58 Kb.
#61529
Байланысты:
тест 10 сынып


Лексикалық–грамматикалық және елтану тестілері
10-сынып

  1. Туынды сын есімді көрсетіңіз.

А) Жазғы
В) Келді
С) Тазалау
D) Ойнады
Е) Көріп отыр
Жауап: B
2. Артық сөзді табыңыз: бауырсақ, шелпек, құймақ, қуырдақ, таба нан
А) бауырсақ
В) шелпек
С) құймақ
D) қуырдақ
E) таба нан
Жауап: D
3. Біздің еліміз ... бай.
А) пайдалықазбалар
В) пайдалықазбаларға
С) пайдалықазбалармен
D) пайдалықазбалардан
Е) пайдалықазбаларда
Жауап: А
4. Етісті анықтаңдар. «Жіберілді»
А) ортақ
В) жалпы
С) өздік
D) ырықсыз
Е) өзгелік
Жауап: D
5. «төбе шашы тік тұрды» деген сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.
A) ашуланды
B) таңданды
C) қорықты
D) ұйықтады
E) ренжіді
Жауап: С
6. Бұйрық райда тұрған сөзді тап:
А) болғым келеді
В) барсам
С) жазсын
Д) көрсе
Е) шықтым
Жауап: С
7. Мынау өте маңызды кездесу. Оған ... болмайды.
А) кешігуде
В) кешігуге
С) кешігу
D) кешігумен
E) кешігусіз
Жауап: С
8. Отан сөзінің синонимін табыңыз.
А) қала;
В) атамекен;
С) жер;
D) су;
Е) ауыл.
Жауап:В
9. Сауда орталықтарында адамдар не істейді?
А) білім алады, би билейді;
В) тауарларды сатып алады;
С) ойланады, армандайды;
Д) кітап оқиды;
Е) кітап оқиды, хат жазады
Жауап:D
10. Мақалды жалғастырыңыз: «Ас атасы – ..., нан атасы – ...»
А) нан, ұн
В) нан, дән
С) ас, нан
D) бас, тас
E) сүт, май.
Жауап: D
11. Берілген құттықтаудың қайсысы туған күнге қатысты екенін табыңдар.
А)Мерекеңіз құтты болсын!
В) Шаңырақтарың биік болсын!
С) Керегелерің кең болсын!
D)Жастан жасқа жете беріңіз!
Е)Жастар бақытты болсын!
Жауап:D
12. Көп нүктенің орнына қандай шылауды қою керек? Біз кешке ... далаға серуенге шықтық.
А) дейін
B) кейін
C) соң
D) әрі
E) қарай
Жауап:E
13. «Қарындасым» деп кім айтатынын анықтаңыз
А) әкесі
В) әпкесі
С) ағасы
D) інісі
E) анасы
Жауап:C
14. Сөйлемнің түрін анықтаңыз: Сабақ кестесін өзгертсе, бізде кітапханаға баратын уақыт болады.
А) салалас құрмалас сөйлем
В) жай сөйлем
С) жалаң сөйлем
D) атаулы сөйлем
Е) сабақтас құрмалас сөйлем
Жауап:E
15. Өкінішті білдіру үшін қай одағайды қолдану керек?
A) алақай
B) тәйт
C) шіркін
D) әттеген-ай
Е) бәсе
Жауап:D
16. Асық қолданатын спорт түрі
А) баскетбол
В) ханталапай
С) футбол
D) шахмат
Е) тоғызқұмалақ
Жауап:B
17. Қазақстанның ең ірі өзендерін белгілеңіз.
А) Алтай, Тарбағатай, Алатау
В) Ақсу, Көксу, Нұра
С) Ертіс, Жайық, Сырдария
D) Балқаш, Алакөл, Марқакөл
Е) Арал, Каспий, Талас
Жауап:C
18. Қандай тағамдарды халық бір сөзбен «ақ» деп атайды?
А) ет тағамдарын
В) сүт тағамдарын
С) ұннан жасалған тағамдарды
D) дүкеннен сатып алынған тағамдарды
E) үйде жасалған тағамдарды
Жауап:B
19. Қазақстан қай елмен шектесетінін көрсетіңіз.
А) Иран В) Татарстан С) Түркия D) Армения Е) Ресей
Жауап:E
20. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазғанын анықтаңыз.
А) Абай Құнанбаев
В) Ыбырай Алтынсарин
С) Сәкен Сейфуллин
D) Бейімбет Майлин
Е) Сәбит Мұқанов
Жауап:B

Оқылым
10-сынып
1-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Сусыз тіршілік жоқ. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады. Ал сусыз сонша
уақыт өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің үштен бірі құрлық. Ал үштен екісін су
алып жатыр. Мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдерде, жер астында, топырақта
да су бар. Мұздықтар да қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада
бұлт, тұман, бу, жаңбыр, қар түрінде болады. Су сұйық, қатты және газ тәрізді
үш түрінде кездеседі. Судың көптеген заттарды оңай ерітетін қасиеті бар.
Табиғатта қоспасы жоқ таза су кездеспейді. Таза суды тек зертханадан ғана
алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ. Теңіз суының құрамында еріген тұздар
бар. Сондықтан оны ішуге болмайды.


1. Сөйлемді толықтырыңыз.Жердің үштен бір бөлігі... , үштен екісі ... болып табылады.
А) су, жер
В) құрлық, су
С) мұхит, су
D) су, құрлық
Жауап:A
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты анықтаңыз.
А) Теңіз суын ішуге болмайды.
В) Таза суда мүлдем дәмболмайды.
С) Топырақтың құрамында суболады.
D) Адам тамақтанбай бір күнде өткізе алмайды.
Жауап:A
3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді белгілеңіз.
А) құрлық, тұз, су
В) табиғат, су, теңіз
С) су, тіршілік, өмір
D) көл, су, атмосфера
Жауап:A
4. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) Адам теңіз суыменқоректенеді.
В) Суда затты еріткіштік қасиетбар.
С) Сусыз біраз күн жүруге болады.
D) Құрлық судан гөрі кең жердіалып жатыр.
Жауап:C
5. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А) Атмосфераның құрамы қандай?
В) Адам неге сусыз өмір сүре алмайды?
С) Су табиғатта қандай түрінде кездеседі?
D) Сусыз қанша уақыт өмір сүруге болады?
Жауап:C
6. Мәтінге сай мақалды табыңыз.
А) Судың да сұрауы бар.
В) Сыйласқанның суын іш.
С) Тау мен тасты су бұзады,Азаматты сөз бұзады
D) Ақылы аздың — ашуы көп.
Жауап:B
7.Көп нүктенің орнына керек сөзді қойыңыз.Теңіз суының құрамында ... бар.
А) қатқан тастар
В) еріген жұлдыздар
С) еріген темір
D) еріген тұздар
Жауап:D
8.Зертханадан алынған таза ...
А) су дәмді
В) судың дәмі жоқ
С) су ащы
D) су тәтті
Жауап:B
9. Мәтін бойынша, судың қандай қасиеті бар?
А) көптеген заттарды қатыратын
В) көптеген заттардың түсін өзгертетін
С) көптеген заттарды ерітетін
D) көптеген заттарды бұзатын
Жауап:C
10. Мәтінге қандай ат қоюға болады?
Жауап:Судың мәні
2-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Біз бесінші сыныпты бастаған жылы жағрапия пәнінен мектеп директорының тәртіп жөніндегі орынбасары сабақ беретінін естіп қорқып қалдық. Өйткені біздің сынып оқушылары үшін «тәртіп» деген сөз онша ұнамайтын. Сыныпта бар болғаны төрт-ақ ұл. Бірақ тәртіп бұзатын ұлдар емес, қалған он алты қыз еді. Қыздар көп болғандықтан да, ұлдар тыныш жүретін, ал қыздар ұлдар сияқты небір ойға келмейтін оқиғалар ойлап табатын. Біз аз уақыттың ішінде осындай еркіндіктен айырылып қаламыз деп ойламаған едік.
Зағипа апай «тәртіп» деген жалғамасы болса да қатал емес екен. Сабақта ұрыспақ түгілі дауыс көтермейді де. Бірақ ол кісінің жәй айтқан әрбір сөзі біздің жүрегімізде қалды.
«Жағрапия – ең бірінші картамен жұмыс істей білу. Сендер ер жеткен кездеріңде әлемге жол ашылады, еш кедергісіз жер шарының түкпір-түкпіріне баратын боласыңдар. Сол кездерде әрине мені ұмытарсыңдар, бірақ әрбір елдің жағрапиялық жағдайын, табиғи ерекшеліктерін, тіпті астанасы мен қала аттарын, өзен-көлдерін біліп тұрсаңдар, менің еңбегімнің босқа кетпегені» деп жиі айтатын. Ол кез-келген уақытта, кез-келген сұрағымызға қуана да сүйсіне жауап беретін. Жағрапия оқулығы аз уақыттың ішінде біздің бас көтермей оқитын пәнімізге айналды. Зағипа апайдың жағрапиясы біздің басқа пәндерді де қызыға оқуымызға септігін тигізді.
(«Мұғалім», Гүлзат Шойбекова)
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
1. Мәтін тақырыбы ... туралы.
А) жағрапия (география) пәні
В) мұғалім
С) тәртіп
D) оқушылар
Жауап:С
2. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Жағрапия оқулығы аз уақыттың ішінде біздің бас көтермей оқитын пәнімізге айналды.
А) жақсы
В) сүйікті
С) қиын
D) керекті
Жауап:В
3. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.Зағипа апайдың жағрапиясы біздің басқа пәндерді де қызыға оқуымызға септігін тигізді.
А) жақсылығын
В) көмегін
С) мақсатын
D) жақсы жағын
Жауап:А
4. Әңгіменің қорытындысы бойынша оқушылар
А) жағрапия пәнін оқымады
В) жағрапия пәнін жақсы көріп кетті
С) жағрапия қызықты пән деді
D) жағрапия керек деді
Жауап:В
5. Оқушыларқандай сөзденқорықты?
А) жағрапия
В) тәртіп
С) орынбасар
D) директор
Жауап:А
6. Мәтін бойынша сөйлемді толықтырыңыздар: Ер жеткен кездеріңде...
А) отбасын құрасыздар
В) карта сатып аласыздар
С) әлемге жолдарың ашылады
D) директор боласыздар
Жауап:С
7. Жағрапия мұғалімі неліктен оқушыларға ұнады?
А) жағрапия мұғалімі өз пәнін жақсы көрді
В) жағрапия мұғалімі қатал тәртіп сақтады
С) жағрапия мұғалімі тапсырма берген жоқ
D) жағрапия мұғалімі директор болып, сабақ өткізбеді
Жауап:А
8. Мәтіндегі басты тірек сөздерді көрсетіңіздер.
А) жағрапия, тәртіп, орынбасар, директор
В) жағрапия мұғалімі, әрбір сөзі жүрегімізде, бас көтермей оқитын пән
С) орынбасар, тәртіп, әлемге жол ашу, бәрін ұмыту
D) директор, қорқып қалдық, қатал емес, жер шары
Жауап:С
9. Жағрапия мұғалімінің мінезі қай сөйлемде көрсетілген?
А) Ұлдар тыныш жүретін.
В) Ұрыспақ түгілі дауыс көтермейді.
С) Әлемге жолашты.
D) Директордың орынбасары болды.
Жауап:С
10. Мәтінде қай сұрақтың жауабы жоқ?
А) Оқушылар қандай сөзден қорықты?
В) Оқушылардың есінде не қалды?
С) Жағрапия мұғалімінің балалары болды ма?
D) Жағрапия мұғаліміДиректордың қандай орынбасары еді?
Жауап:В

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет