Ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған айтысынан Арман бар Алашымның тілегінде, Замана қасіретін білемін бе?



Pdf көрінісі
Дата08.01.2017
өлшемі179,13 Kb.
#1412

Ақтаудан ұшқан 

ақиық 


...Қазаққа ең жаманы — надан болу, 

Надан болып, басқаға — бодан болу. 

Ақындық — әркімдерге арман шығар, 

Абайға ұқсау — алдымен адам болу! 

(Ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған 

айтысынан). 

...Арман бар Алашымның тілегінде, 

Замана қасіретін білемін бе? 

Сәкеннің жер бетінде қабірі жоқ, 

Жерленген ол — халқының жүрегінде... 

(Сұңқар Сәкеннің 100 жылдығына арналған 

айтысынан). 

Қойлыбайдың осынау шымыр шумақта-

рына бір сәт үңіліп, ой жіберіп көріңізші. 

Тағы да оқыңыз. Иә, көз алдыңыздан үміт 

құсы шарықтай ұшып, көкжиекке сіңіп бара 

жатқандай әсерде қаларыңыз сөзсіз. 

Егер, сіз сол Алаш аспанындағы қос 

алыптың мерейтойларында бола қалса-

ңыз: сондағы дүбірлі дүрмек, буы бұрқы-

раған той қызығы ендігі бірте-бірте са-

ғымданып, уақыт қойнауына еніп кеткенін 

мойындайсыз. Ал, бірақ сол тойларда ай-

тылған мына екі шумақ өлеңнің әлі күнге 

дейін тамыры бүлкілдеп соғып тұрғанының 

және куәсі боласыз. Бұл екі үзім ой 

кешегінің де, бүгінгінің де, ертеңгінің де 

еншісінде қала бермек. Өнердің 

құдіреттілігі де осында жатқан шығар. 

Енді сәл шегініс жасай отырып, 

кейіпкеріміздің өзін сөйлетіп көрейік. 

Мұндайда әңгімені ең әуелі кіндік қаны та-

мған туған жерден бастағанға не жетсін! 

Біздің сыр-сұхбатымыздың есігі де осы-

лай ашылған еді. 

 Қойлеке, әркімге туған жері, сон-

да өткізген алтынға бергісіз балалық 

шағы қымбат екені бесенеден белгілі. 

Осы орайда әңгімемізді тым алыста 

қалған жауқазын жылдардан, өмір са-

парына қадам басқан алғашқы ады-

мыңнан бастасақ... 

— Мен 1964 жылы 10 қарашада Қараған-

ды облысы (біраз жылдар Жезқазған болғ-

ан  Ж а ң а а р қ а ауданына қарасты Ақтау 

ө ң і р і н д е дүниеге келіппін. Туған жер 

демекші, бір Тәңірдің құдіреті шығар, 

әйтеуір, мені өмірге әкелген Ақтауым — 

аңызға айналған аймақ! Тұнып тұрған таби-

ғаты бар, Сарыарқаның сайын даласына 

лайық үлес қосып жатқан шұрайлы мекен. 

Сол жұмақтай жайлы, ып-ыстық туған жерім 

менің жүрегіме жасымнан арманшылдықты 

дарытыпты. Арман құсы мені тым ерте 

иектеді. Табиғат-анамыз өзінің отты құша-

ғына сонау балаң кездерімде-ақ орап алған 

еді. Оның себебі де бар. Менің әкем өмір 

бойы қой баққан кісі. Ал қойшының баласы 

есі кіріп, етегін жапқан соң, әкесіне 

көмектесуі — өмірдің заңдылығы. Сонан бо-

лар мен басқа балалар құсап, ертеден қара 

кешке дейін доп қуып домалап, асық ойнап 

арзандағаным жоқ. Оның есесіне еңбекке 

ерте араласып, әкеме қолқанат болып, қой 

соңында дала мектебін мейлінше меңгеру-

ге тырыстым. Тек қой бағып қана қойғаным 

жоқ, сонымен бірге таңғажайып табиғатты 

жан-жүрегімнен, ой-санамнан өткізіп, ойла-

нумен ержете бастадым. Даламның ерке са-

малы, ырғалған тал-қайыңы, неше түрлі 

гүлдері, неше түрлі үндері, хош иісті ауасы, 

әсіресе, сағына күтер сол маңның көктемі 

менің қолыма еріксіз қалам ұстатты. Балаң 

ойларым сол қой бағып жүрген алаңсыз 

шағымда-ақ қағаз бетіне түсе бастады. 

Сөйтіп, алғашқы өлеңдер мен алғашқы 

ой үзіктері дала сахнасында және мектеп 

қабырғасында жарыққа шықты. 

 Алғашқы адымың айтарлықтай 



екен. Яғни, табиғатты сүйсеңдер, мен-

ше сүйіңдер демексің ғой. Оған қосы-

ламын. Дегенмен, ақындық ауылына ат 

басын бұруыңа табиғатпен қоса, бірді-

өкілі адамдар да ықпал өткен шығар. 

— Ақындық дегеніміздің өзі — Тәңірдің 

сыйы. Ал табиғат сол ақындықтың арна-

сын толтырып, әрі қарай тасытатын 

қосымша күштің көзі, Әйтпесе, ар жағын-

да саңылауы жоқ топасты тұнып тұрған та-

биғат аясында тоғыз ай тұсап қойсаң да, 

одан түк шықпасы белгілі ғой. 

Менің арғы аталарымда батыр да, ше-

шен де, би де болған кісілер бар екені 

шежіремізде жазылған. От ауызды, орақ 

тілді адуын ақындар да бабаларымызда бо-

лыпты. Өз шешем де әжептәуір әнші әрі 

діндар адам. Сондай-ақ, нағашы жағымда 

да өнер дарыған қасиетті адамдар аз бол-

мағанын көнекөз қариялардан көп естідім. 

Ақындық өнердің ептеп болғаны қанымыз-

да бар қасиет. Ал журналист болуыма 

бірінші әсер еткен туған жерімдегі табиғат 

сұлулығы мен Сарыарқамның сағыныш 

тұнған кең даласы. Екінші, адам ретіндегі 

алғашқы ұстазым өзіміздің жерлесіміз, 

үлкен жазушы Өмір Кәріпов ағамыз. Мектеп-

те әдебиет пәнінен сабақ беріп, менің алға-

шқы тырнақалды дүниелеріме тілек айтқан 

да, онан кейін өнер сапарына бата беріп, ат-

тандырған да сол кісі еді. Сондықтан, ол 

кісіге айтар алғысым шексіз. 

 Дала ұлының қалаға қарай қадам 

басуы. Қой бағуды ой бағуға айырбас-

тау. Бұл өзі кездейсоқтық па, әлде... 

— Әрине, далада туып-өскен қыр баласы-

ның у-шуы мол үлкен қалаға сіңіп кетуі қиын-

ның қиыны. Солай бола тұрған-

мен, жастық шақта қиялға қанат 

бітіріп, шарықтап ұшқанды кім 

жек көрсін?! Мектепті бітірген 

жылы мен де ел қатарлы арма-

нымды арқалап Алматыға атта-

нып кеттім. Жасымнан журна-

лист болсам деген тәтті 

қиялым бар еді. Сол орайда 

Алматыдағы ҚазМУ-дің жур-

налистика факультетіне ба- | 

ғымды сынадым. Бірақ жо-

лым болмады. Сонан қайтып келіп, әскерге 

кеттім. Екі жыл Отан алдындағы азаматтық 

борышымды шетелде атқардым. Келген соң 

Қарағанды Мемлекеттік университетінің фи-

лология факультетіне құжат тапсырдым. Бұл 

жолы сәті түсіп, оқуға қабылдандым. Ал онан 

кейінгі өмір өзіңе де таныс шығар. 

 Иә, бес жыл университет қабырға-

сы. Ондағы өздерің басқарған талапты 

да талантты студенттердің «Балауса» 

үйірмесі, сол жылдарда жарқ етіп ашы-

лған жастар басылымы «Қарағанды жа-

стары» (кейіннен «Замандас»), «Орталық 

Қазақстан» газеті, онан соңғы екеуміз 

ыстық-суығын бірге бөліскен денсаулық 

газеті «Шипагер». Осылардың бәрінде де 

өзіңнің жарқын іздерің қалыпты. Өткен 

өмірімізден келер буынға керекті ізгілік 

іздер қалып жатса, бәріміздің де арман-

мақсатымыздың орындалғаны емес пе! 

Ендігі сөз арнасын өзіңді Арқа өңіріне 

ақын Қойлыбай ретінде танытқан айтыс 

өнеріне бұрсақ. Қалай басталды, даму 

жолдары, жүрек жылытар жеткен 

жетістіктер мен көңіл суытар кеткен 

кемшіліктер дегендей... 

— Жалпы, ақындар айтысына қатысып 

келе жатқаныма 10 жылдан асыпты. Дәлірек 

айтқанда, 1987 жылдан бері қарай. Ең алғ-

аш рет 1987 жылы Павлодар қаласында 

өткен республикалық телеайтысқа түстім. Ол 

кезде студенттік шағымыз. Міне, осыдан ба-

стау алған, яғни 10 жылдан аса уақыт 

мерзімінде қалалық, облыстық, республика-

лық, халықаралық дәрежелердегі 40-қа 

жуық айтыс додасына қатысыппын. Бұларға 

қоса көршілес Жезқазғанда дәстүрлі түрде 

жылда өтіп тұратын «Ұлытау үні» фес-

тивалінде де бірнеше рет болып, өнер 

көрсеттім. Ал жетістік және кемшіліктерге ке-

лер болсақ: халықтың сұранысынан, қоғам 

мен тарихтың талабынан туындап жататын 

ақындар айтысы да тұла бойдағы қанды 

қыздырар, жер апшысын қуырар нағыз ала-

ман ат бәйгесі іспетті. Мұнда да біреудің 

бағы жанып, топтан озып жатса, енді 

біреулердің тауы шағылып, шаң қауып қала 

беретіні және бар. Менің осынау дүбірлі ай-

тыстарда жеңімпаз атанғандарымның алға-

шқысы — Сайдалы Сары Тоқаның 160 жыл-

дығында өткізілген аймақтық ақындар айты-

сы болатын. Осы жолы бас бәйгені жеңіп 

алып, ақ боз ат міндім. Онан кейін Кенішбай 

ақынның 125 жылдығында да тура осылай 

бас бәйгеге тігілген ақ боз атты иелендім. 

Оңтүстік өңірінде өткен әйгілі би Төленің 

330 жылдығында Айнұр Тұрсынбаева 

екеуіміз бірінші орынды бөлістік. Шымкент 

қаласындағы халықаралық студент ақындар 

айтысында жеңімпаз үш ақынның бірі бол-

дым. Сондай-ақ, Керекудегі Орта жүз ба-

тырларының тойында екінші орынға және 

Семейде болған Қабанбай батырдың 300 

жылдығында үшінші орынға іліктім. 

Айтыс ақындары ретінде республикаға 

жақсы танымал Баянғали Әлімжанов, Қати-

молда Бердіғалиев, Серік Құсанбаев, 

Құдайберлі Мырзабеков, Жадыра Құтжано-

ва, Шорабек Айдаров, Әзімбек Жанқұлиев, 

Мұхамеджан Тазабеков сияқты айтыс 

өнерінің саңлақтарымен кездесіп, түрлі сах-

наларда сөз тербесіп, халық алдында сынға 

түсуімді де үлкен жетістіктерге жатқызамын. 

Өзіміздің Қарағандыда өтіп жататын облы-

стық, қалалық айтыстардың жеңімпаз-

дығына да, жүлделеріне де ие болған 

кездерім көп. 

1997 жылдың желтоқсан айында «Айтыс — 

Ардың байрағы!» атты 10 жылдық шығарма-

шылық кешімді өткіздім. Бұл мәдени шараға 

ұйытқы болған, әрі ұйымдастыруға көп 

көмегін тигізген облыстық мәдениет 

департаментінің төрайымы Рымбала Кенже-

балақызы Омарбекова апамызға көптеген 

алғысымды білдіргім келеді. 

Енді таразының екінші жағында тұрған 

кемшіліктер жайында сөз етсек: оны 

көңілдерінде кеткен көрермендер, 

жүректерінде жүрген жақын жанашырларым 

айтқаны жөн шығар. «Жаңылмас жақ, 

сүрінбес тұяқ жоқ» дегендей, аламанды ай-

тыс болған соң қателіктер мен кібіртіктердің 

болуы — заңдылық қой. Сахнада өтіп жатқ-

ан айтыс сырттай қарағанға сәнді 

көрінгенімен, отырған айтыскер ақындарға 

берілген санаулы уақыттың әр сәті іштей ар-

палыс. Қарсыласыңның әрбір сөзін қадаға-

лап, оны өз ой елегіңнен сүзіп шығарып, қол-

ма-қол жауап қайтару оңай шаруа емес. 

Мұндайда өте жылдамдық пен тосын тапқ-

ырлық керек. Осыған орай қарсыласың көңіл 

толарлықтай күшті болса жақсы, әйтпесе, ол 

кібіртіктей берсе, сенің де құлашың жазыл-

май, адымың ашылмай айдалада қалғандай 

арманда кетесің. Мен өз басымнан өткен 

кейбір жайттарға ғана тоқталып отырмын. 

 Түсінікті. Тағы бір қозғайтын ой. 



Әділқазылар (кейбіреулердің айтуы бой-

ынша «әділ емес» қазылар) туралы не 

айтасың? 

— Айтыс өнерінде екі жүп ақынға лайық-

ты баға беріп отыратын қазылар алқасының 

болатыны баршаға аян. Ал енді, олардың 

әділ, әділ емес екендерін көріп, тыңдап отыр-

ған халық қана айыра алады. Кей кездері 

қазылар алқасының қасақана өз «таныста-

рына» қарай бүйрек бұратындары да 

кездесіп тұрады. Ол жайында айтылып та, 

жазылып та жүр. 

 Парасатты айтыс және саясатты ай-

тыс. Осылар жөнінде бірер сөз. 

— Бұл өзі жаңағы сауалдың заңды жалға-

сы іспетті. Парасатты айтыс — әділ, жан-

жүрегі таза адамдардың атсалысуымен 

өмірге келіп жатса, саясатты айтыс әлгі «әділ 

емес» қулардың әлегінен туындайтын сияқты. 

Жалпы, айтысты үлкен өнер деп бағалау 

— парасаттылықтың бір белгісі. Әділдік, 

шындық, тазалық — парасат әлемінің қай-

нар көздері. Ендеше, сахнаға шыққан қос 

ақынның сөздері сұлу, ойлары салмақты, 

әуені әдемі, қимыл-қозғалысы мәдениетті 

болса; осылардың бәрі қиюласа келген 

сәттегі ортаға түскен өнім халық жүрегіне 

кедергісіз құйылып жатса; бұған қоса, қазы-

лар екі жаққа да әділ бағаларын беріп отыр-

са — аталмыш айтыстың айы оңынан туып, 

бағы жанары сөзсіз. Осыған қарама-қарсы 

саясатты айтыс — сатқындар мен пысықай 

қулардың шаруасы. Олардың айналасында 

ақша мен түрлі амал-айлалар қоса жүреді. 

Саясатты айтысқа тағы бір жататын дүние 

— науқаншылдық. Әрине, айтыс белгілі бір 

тақырыпқа арналған соң, онан ауытқыма-

ған дұрыс. 

Дегенмен, жердегі жүрген адамды мақ-

тағанның жөні осы екен деп, аспандатып ала 

жөнелгеннен не шығады? Бір-бірінің аузы-

на түкіріп қойғандай, бар ақын жоғарғы 

басшыларды әуелетіп мақтап, абырой-бе-

дел жинағысы келеді. Жоғары жақтан да, 

қазылар алқасынан да кей сәттерде осын-

дай «сигналдар» беріліп тұрады. Мұндай-

да айтые өнер түрінде көрінбей, 

күштілердің айтқандарына көнер жасанды-

лыққа айналады. Мен әрқашанда халқы-

мыздың қасиетті айтыс өнерін осы айтыл-

ғандардан аулақ болса екен деп тілеймін. 

 Бүгіндері айтыскерлеріміз де, оған 

қатысы бар басқа «көкелеріміз» де үсті-

үстіне мәшине мініп, марапаттаумен 

марқайып, жоқтан бар жасап жатқанда, 

сенің бұл қоғами үрдіске үрке қарап, 

шеттеп қалуыңды, сондай-ақ соңғы кез-

дерде айтыс аренасынан көрінбей 

кеткеніңді қалай түсінсек екен? 

— Айтысқа мәшине тігілуі, оны бәрінен 

оза шапқан өнерпаздың иеленуі өзімізге 

де, өзге ұлттарға да үлгі боларлық жақсы 

үрдіс. Егер сол мөшинені (мейлі, қанша 

болса да) өз еңбегі, маңдай терімен алып 

жатқан ақынға «неге сонша мәшинені ала 

бересің?» деп ретсіз тиісудің өзі үлкен 

қателік. Тіпті ақымақтық. Топтан озған та-

лант, дара шапқан дарын неге алмасқа?! 

Алсын! Айтысқа тігілген техникалардың 

шығынын өз демеушілері көтереді. Сондық-

тан, мәшине тігу айтысқа салқындығын 

тигізбейді, қайта сәнін кіргізіп, қыздыра 

түсері айдан анық. 

Ал өзімнің бүл үрдістен үркідім немесе 

шеттеп қалдым деп ренжуім орынсыздық 

болар. Бұл жерде ең негізгісі — көріп отыр-

ған көрермен көңілінен шығу. Ең басты сый 

халық көңілі мен ыстық 

ықылас-ниетінде ғой. 

Өзіңді ақын деп танып, 

бір ауыз жылы сөзін, 

ізғантай ғана алғысын 

айтып жатса, сол мәшине-

ден мың есе қайырлы емес пе! 

Рас, соңғы уақыттарда айтыс ауылынан 

алыстап кеттім. Күнделікті тұрмысқа бай-

ланысты, оның түрлі себептері де бар... 

Құдайға шүкір, қартайып тұрғанымыз 

жоқ, өмір әлі алда. Бұйырса, келер күндер-

де бұл олқылықтарымның орнын толтырар-

мын деген ойым бар. Оны келешек көрсе-

тер! 


 Дәстүрлі бір-екі сауал: жануяң жай-

лы және алдағы арман-мақсаттар 

көкжиегінен өзіңнен күтетініміз... 

— Жанұямда: көңіліміз жарасып қосылғ-

ан жұбайым мен екі балам бар. Жолдасым 

Қоңыр — Нұра жақтың тумасы. Тұңғыш 

қызымыз — Ақерке алдымыздағы жазда 

жетіге толады. Өткен күзде Ақжол атты 

кішкене ұлымыз өмірге келді. Осы екі 

құлыншағымыздың тілеуін тілеп, ел қатар-

лы тірлік жасаудамыз. 

Өмір көшіне, заман ағымына ілесу үшін 

адамзатқа, оның ішінде, әсіресе, өнер ада-

мына биік арман-мақсаттар мен идеал 

қажет екені айтпаса да түсінікті. 

Дәл қазір өзім Қарағанды Мемлекеттік 

университетінің журналистика бөлімінде 

аға оқытушылық қызметін атқарамын. 

Өнермен қатар ғылым жолына да ден қоя 

бастадым. Болашақта әдебиет саласынан 

ғылыми жұмысқа кірісіп, кандидаттық 

қорғау, әрі тәуір шыққан айтыстарым мен 

жазба өлеңдерімнің басын біріктіріп, жеке 

жинақ-кітабымды шығарсам ба деген ой-

ларым да баршылық. Тек әзірге барлық 

дүние қаражатқа тіреліп, осы жағынан 

қиындықтар болып тұр. Әйткенмен, «Тірінің 

ісі — үміт» дегендей, Алла тағала нәсібін 

беріп, сәтін салса, оған да жетерміз. 

Басты міндет: 

«Әсемпаз болма әрнеге, 

Өнерпаз болсаң, арқалан. 

Сен де — бір кірпіш дүниеге, 

Кетігін тап та, бар, қалан!» — 

деп Абай атамыз айтқандай, осынау алып 

дүниенің кіп-кішкене бір кірпіші болып, реті 

келген жеріне қаланып жатсақ, нұр үстіне 

нұр емес пе! 

 Бәрі дұрыс-ақ. Енді соңғы сұрақ. 

Мынау ғасыр аяғында, келер үшінші 

мыңжылдықтың алдында «Азия Тран-

зит» газеті арқылы оқырман қауымға, 

ұлтымызға, жалпы адамзат баласына 

деген тілегің қандай? 

— Оқырман қауымға да, ұлтымызға да, 

жер шарын мекендеген барлық адамзат 

баласына да амандық пен бақыт тілеймін. 

XX ғасыр жан-дүниемізді, тұрмыс-

тірлігімізді біраз жүдетіп кетсе, келер 

ғасыр мен келер заман уайым-қайғысы 

жоқ, табысты да тоқ болса екен деймін. 

 Айтқаның келсін, Қойлеке! Әріден 

қозғап, берімен біте-қайнастырып, ер-

теңге үмітпен көз салған әсерлі 

әңгімеңе көп-көп рахмет. Өзіңе де әрқа-

шанда денсаулық пен бақыт, шығарма-

шылық шабыт тілеймін. 

Әлімжан ҚҰТЖАНҰЛЫ, 

Қазақстан Журналистер одағының 

Азия Транзит.-1999.- 18-24 ақпан.- 11бет 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет