Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі0,71 Mb.
#178

73

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ 

МҰНАЙЛЫ ӨҢІР

А.Ж. ƏБДЕНОВ,

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік 

мемлекеттік университеті,

аға оқытушы, т.ғ.к.

Ақтөбе қ., Қазақстан 

Отанымыздың мұнай өнеркəсібінің дамуына аса үлкен үлес қос қан 

ғалым,  академик  И.М.  Губкин: «Ембі  өлкесі,  егер  дамуына  қо лай лы 

жағдай  жасалса,  өзінің  өндіріс  қабілеті  жағынан  Баку  мұна йы на  тең 

келетін бай аудан болып табылады», – деп жазған еді [1, 27]. Осындай 

мол байлыққа ие Ембі өңірінің маңыздылығы соғыс жылдарында арта 

түсті. 

Қазақстан мұнайшылары үшін үлкен сын болған кезеңнің бірі – Ұлы 



Отан  соғысының  қаһарлы  жылдары  еді.  Неміс-фашист  бас қын шы ла-

ры ның Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасауы Қазақстан хал қы-

ның ашу-ызасын туғызды. Олар алып державаны қорғауға бір ауыз дан 

ант  берді.  Тек  бір  ғана  Мақат  ауданы  бойынша 22 маусымда 27 мұ-

най шы лар  ұжымында 4786 адам  қатысқан  жиналыс  болып,  дұш пан-

ға қарсы дұға оқыды. Ембі мұнайшылары алғашқылардың бірі болып 

12 сағаттық жұмыс күніне көшті. Майданға аттанған ер аза мат тар дың 

орнын жоқтатпай, өндіріс ырғағын қалыпты ұстау – мұ най шы лар дың 

алдына қойған қатал талабы мен міндеті болды.

Екінші дүниежүзілік соғыс – бұл моторлы соғыс. Ал мотор болса, 

өзінің қорегі – жанармайсыз қызмет етпейтін. Тек қана фашистік Гер-

мания мен оның одақтастары 1941 жылдың аяғында ай сайын 3 млн. 

тонна мұнай өнімін пайдаланғаны тарихтан белгілі.

1941 жылы 20 қыркүйекте «Правда» газеті «Майдан үшін мұнай» 

атты мақала жариялап, онда «Қазіргі замандағы соғыс – моторлы со-

ғыс. Оның мұнайсыз, бензинсіз, жанармайсыз жүруі тіпті мүмкін емес. 

Ме ха ни ка лан дырылған əскердің бұл соғыстағы қорегі мұнай болып та-


74

былады», – деп жазған болатын. Əрине, соғыста отынның рөлі сөз сіз 

ерекше еді. Соған біздің қазақстандықтар ерекше үлес қосты.

Жау  əскері  еліміздің  маңызды  өнеркəсіп  орындарын  алдымен  жо-

юды ойластырды, фашистердің əуе күштері майдан шебін басып өтіп, 

шы ғыс та ғы əскери-стратегиялық орындарға қауіп төндіруін тоқ тат па-

ды. Сондықтан КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі «Азаматтарды мін-

дет ті түрде əуе шабуылы мен химиялық шабуылға қарсы күресу үшін 

қор ға ныс жəне əскери іске оқыту жөнінде» қаулы қабылдаған болатын. 

Осы  қаулы  негізінде  Қазақ  КСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  Гурьев 

облысы  бойынша 38600 адамды  əуе-химия  шабуылдарынан  қор ға ну 

үшін  арнайы  даярлықтан  өткізуді  жоспарлады.  Мұнай  кə сіп ші лік те-

рін қор ғау үшін 1222 адамнан тұратын 34 өзін-өзі қорғау тобы мен 256 

адамнан тұратын 35 əуе жəне химиялық шабуылдан қорғау тобын құ-

рып, оған жетекшілік ететін 324 нұсқаушы даярланды. Тек Мақат пен 

Жылыой аудандарында 2230 адам осындай қорғаныс істерін үйренеді. 

Ақтөбе облысы Темір ауданы бойынша 1941 жылы 14 қазанда 170 

нұс қау шы даярланған. 2785 адам əуе жəне химиялық шабуылдан қор-

ға ну ісін үйренген екен [2, 74-75]. 

Жақсымай, Шұбарқұдық, Құлсары мұнайы «Бəрі де майдан үшін!» 

деген  ұранмен  өндіріліп,  еліміздің  өнеркəсіп  аудандарына  күні-түні 

ауыр салмақты пойыздармен жөнелтіліп жатты. 

Фашистер Краснодарды жаулап алып, Майкоп пен Грозныйдың мұ-

най лы аудандарына жақындап, Бакумен теміржол қатынасын үзді. Осы 

сəтте «Каспий-Орск» мұнай құбырының рөлі күшейіп, үлкен ма  ңыз ға 

ие болды. Аталған қиын-қыстау кезеңде бакулық мұнай өнім де рін та-

сымалдау үшін мұнай құбырына тез арада өзгертулер енгізіп, мұ най ды 

шойын жол арқылы жөнелту жоспарға алынады [3, 3-4]. 

Ол үшін 1942 жылдың 18 сəуірінде Каспий-Орск магистралды мұ-

най құбырымен байланысатын Үлкен Пешна мұнай құбыры мен Гурьев 

портының құрылысына қатысты қаулысы қабылданды. 

Құрылысшылар мен осыған жауапты басшылықтың тынымсыз ең-

бек те рі нің арқасында мұнай құбыры, теңіз порты мен теміржол же лі-


75

сі жəне басқа да құрылыс нысандары уақытынан ерте аяқталып, қол-

да ну ға  берілді.  Шынында  да,  осындай  маңызды  шаралардың  жү зе ге 

асуына  теңіз  порты  мен  «Үлкен  Пешна – Орск»  мұнай  арнасының 

бас ты ғы  И.В.  Горбачев  пен  Орскі  теміржол  құрылысының  басшысы 

С.К. Мирошниченконың сіңірген еңбектері зор. 

Майдан  шебі  Гурьев  облысының  жеріне  жақындай  түсті.  Дұшпан 

Гурьев  қаласына,  Қазақстанның  мұнайлы  алаңдарына,  мұнай  құ быр-

ла ры на сұқтана көз тігіп, қолына тегін түсіре қоюды, ал олай бол ма-

ған жағдайда маңызды нысандарды жою əрекетін жасады. Сол се беп ті, 

Гурьев қаласы, Теңіз, Новобогат аудандары, бүкіл мұнай кə сіп ші лік те-

рі соғыс жағдайында деп жарияланды. 

1942 жылдың 4 қазанында жау өз командованиесінен Гурьевтегі мұ-

най базасын, Каспий-Орск мұнай құбырын жоюды талап етті. Дұш пан-

ның «Ю-18» маркалы ұшағы Гурьевке 12.30 сағатта ұшып кел ді. Сол 

бойда Гурьев əуежайынан кеңестік екі ұшақ əуеге кө те рі ліп, жау ұша-

ғы ның соңына түсті. Еш қарсылық көрем деп ойламаған жау кері қа-

шып, 100 келі бірнеше фугасты бомбасын далалық өңірге тастап кету-

ге мəжбүр болды. Əлсін-əлсін жау тыңшылары Гурьев теңіз портымен 

Каспий-Орск құбырын жойып жіберуге əрекеттер жасады.

Тарихи  деректерге  қарағанда  неміс  фашистері  Қазақстанның  мұ-

най лы ауданын жаулап алуды көздеген екен. Жаулап алған соң бұл ау-

данды «Еділ-Жайық» деп аталатын өздерінің автономиялық республи-

касын құруды жоспарлапты [2, 86].

Соғыстың  қаһарлы  жылдарында  КСРО-ның  еуропалық  бөлігі  жау 

қо лын да болды, ол аймақтарда еліміздің ірі мұнай өндіретін ор та лық-

та ры қалды. Осы орайда Одақ үшін Батыс Қазақстан мұнайының рөлі 

күшейді, жау қолында қалған кəсіпшіліктердің міндетін атқару қа зақ 

елінің мұнайлы кəсіпшіліктеріне жүктелді, майданды қажетті отынмен 

қамтамасыз етті. Осындай қиын-қыстау кезеңде Батыс Қа зақ стан ның 

мұнайын тасымалдау мəселесі Гурьевтің мұнай бөлімшесіне, оның ди-

ректоры  С.А.  Вазиев  пен  бас  инженері  В.А.  Черняевқа  се ніп  тапсы-

рылды. 


76

Мұнай тасымалы «Каспий-Орск» мұнай құбыры мен құрылысы со-

ғыс кезінде аз уақыт ішінде аяқталған «Қосшағыл – №3 МАС» құ бы-

ры на құйылып, майдан ортасына апарылды.

1942–1943 жылдары елімізді мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде 

Бакуден əкелінетін шикізат көзінің күрт төмендеуі бірқатар қиын шы-

лық тар туғызды.

Қорғаныс қажетіне көптеп мұнай беру үшін еңбек ететін ерлер қа-

та ры майданға кетіп сиреген соң, олардың орнын толтыратын жұ мыс-

шы күшіне мұқтаждық туды. Мұнайшылар қатары кəсіпшілік учи ли-

ще лер ді бітірген жастармен толықтырып отырылды. Жас мұ най шы лар 

үлкен  ерлік  пен  жігерлік  танытып,  скважиналарды  даярлаумен  қа тар 

мұнайды тасымалдау мəселелеріне де тікелей қатысты. Олар бір не ше 

апта  бойы  қолданыстан  шыққан  ұзындығы 32,7 шақырымды  құ рай-

тын  Мақат-Доссор  мұнай  құбыры  желісінен  қажетті  құрал-жаб дық-

тар ды алды жəне 16,8 шақырымдай аралықтың құбырлары түгелімен 

алынып,  ұзындығы 49 километр  болатын  Нармонданақ-Мақат  мұнай 

ар на сы ның құрылысына пайдаланды. Бұл құрылыспен қатар, Мақат-

Қос ша ғыл шойын жолдың да құрылысы жүрді. 

Құрылыс алаңына қажетті жұмысшылар 4600 адамға жетіп жы ғыл-

ды, олардың орнын Астрахань лагерінен жəне жаудың тұтқынға түс кен 

өкілдерімен  толтыру  белгіленді. 1943 жылдың 10 қаңтарында  құ ры-

лыс та іс жүзінде 1064 жұмысшы болса, оның 313-і сотталғандар, 751-і 

тұт қын дал ған дар. Олар негізінен мұнай құбырын төсеу жұ мыс та ры на 

жұмылдырылды [4, 1-3].

Жас  доссорлықтар  мен  басқа  да  кəсіпшілік  ұжымдарының  көмегі 

ар қы лы 1942 жылдың 22 желтоқсанында Нармонданақ кен орны өз жұ-

мы сын жандандырды. Осы шараға жастардың белсене қатысуын еске-

ре отырып, Гурьев облыстық партия комитетінің 1943 жылғы 16 сə уі-

рін де гі  шешімі  бойынша  бұдан  былай  осы  кəсіпшілікті  «Комсомол» 

деп атау ұйғарылды [5, 102-103].

1943  жылы  Орал-Ембі  аймағының  отыз  жылдан  астам  тарихында 

мұ най  өндіруде  ең  жоғары  көрсеткішке – 978,8 мың  тоннаға  жеткен 

[5, 108]. 



77

Соғыс  жылдары  Орал-Ембі  ауданының  мұнайшылары  тəулігіне 

12–13  сағаттан,  демалыссыз,  қызу  қарқынмен  жұмыс  істеді,  барлық 

мұ най кəсіпшіліктерінде фронттық бригадалар ұйымдастырылды. Осы 

кезеңде  сұйықтықты  белсенді  түрде  іріктеу,  тесіктерді  қосымша  ату, 

пайдалану  əдістері,  торпедалау  секілді  прогрессивті  əдістер  қол да-

ныл ды. Ұңғымалардың жедел өтуіне материалдық-техникалық құ рал-

дар  анағұрлым  аз  жұмсалды.  Материалдар  мен  цементті  үнем дей тін 

кондукторсыз  бұрғылау  игерілді.  Барлаушылар  Ембіде  Отан  со ғы сы 

ке зе ңін де өнеркəсіптік игеруге енгізілген жəне он мың тонна жо ға ры 

сапалы  мұнай  берген  жаңа  үш  кен  орнын  ашты.  Жаңа  кə сіп орын дар 

іске қосылды, Гурьев қаласында ірі мұнай өңдеу зауытын салу жоспар-

ланды [1, 15-16]. 

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  Қазақстан  мұнай  комбинатын  да-

мы ту ға  бірден-бір  себепші  болған  жағдай  Гурьев  мұнай  өңдеу  за уы-

ты ның салынуы еді. Мемлекеттік қорғаныс комитеті 1943 жыл дың 19 

тамызында зауыт салу жөнінде шешім қабылдап, құрылысты жүр гі зу 

үшін  Мемлекеттік  қорғаныс  комитеті  Гурьевке  тəжірибелі  мамандар 

мен  қажетті  құрал-жабдықтары  бар  ұйымды  жібереді. 1945 жыл дың 

басында зауыттың негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, оны бай қау 

мен өндіріске қосу басталған болатын. Облыс басшылары құ ры лыс ты 

30 тамызда аяқтап, 7 қарашада өнім алына бастайды деп жоспарлайды. 

За уыт құрылысының ыждағатты жүруі өнімді мерзімінен екі ай бұ рын 

алу ға мүмкіндік жасады. Сөйтіп, зауыт 1945 жылдың 10 қыр кү йе гі нен 

бастап өнім бере бастады, ал белгіленген мерзімде өнім бе ріп тұр ған 

цехтар өзінің жоспарын 212%-ға асыра орындап, 1945 жылы 19 қа ра-

ша да Мемлекеттік комиссия толықтай пайдалануға беруге қол қоя ды. 

За уыт ты небəрі екі жыл үш айда салып бітірді [5, 106-107]. 

Осы жолдағы барлық аршынды істің, асқар өсуіміздің жарқын тұл-

ға сы  жасампаз  еңбек  адамдары  болғаны  белгілі.  Сол  көш  алдында 

атағы  Отанға  тараған,  социалистік  жарыстың  жарқын  жүзді  жаршы-

лары – стахановшылар даңқы шартарапқа тарады. Солардың бірі Жақ-



78

сы май  кəсіпшілігінің  озат  операторы,  КОКП  ХХІІ  съезінің  делегаты 

Ақ ба ла  Назарова,  Шұбарқұдықтағы  мастер  П.  Дубовенко  бригадасы 

май дан да ғы  əрбір  жеңіске  жігерлене  отырып,  жаңа  скважиналарды 

мез гі лі нен  бұрын  іске  қосып  отырды.  Жасампаз  жарыс  озаттарының 

қа та рын барлау экспедициясының мастері, Қазақ КСР-іне еңбегі сің ген 

барлаушылар Əби Құрғұлов, Тəжіғара Тəжіғоразов, Жабы Кө мек баев, 

Əб ді рах ман Жұбалиев сияқты еңбек ерлері толықтырды [6, 9]. 

Соғыстан  кейінгі  жылдарда  бірқатар  кен  орындары: 1947 жылы 

Мұ най лы  мен  Оңтүстік  Төлес, 1948 жылы  Қаратон, 1958 жылы  Тө-

лес, 1951 жылы Қарсақ ашылды. Аталған кен орындарының ашылуы 

1,5 млн. тоннаға дейін мұнайдың жылдық өндірілуінің күрт ұл ға юы на 

жəне барланған қорлардың көп мəрте өсуіне əкеп соқты.

Фашистік басқыншыларды ойсырата жеңгеннен кейін төртінші бес-

жыл дық та (1946–1950) өнеркəсіп  орындары  бейбіт  мақсат  үшін  қыз-

мет етуге бейімделе бастады, соғыс кезінде қираған кəсіпорындар қай-

та қалпына келе бастады. Соғыстан кейінгі КСРО өнеркəсібін қа лып қа 

келтіру мен дамыту шаралары уақытынан бұрын аяқталды. Оған бү кіл 

одақтас республикалар атсалысты, Қазақ КСР-і де белсенді рөл ат қар-

ды. Қазақстанда төртінші бесжылдықта ең алдымен ауыр өнер кə сіп са-

лаларын дамытуға көп көңіл бөлді, ол республика қазына сы ның 94,2% 

мөлшеріне ие болды [7, 18]. 

Сонымен,  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдарында  мұнайлы  Ба-

тыс Қазақстан өңірінің қосқан үлесі зор. Мұнайшы-жұмысшылар легі 

же ңіс ке жету жолында аянбай еңбек етті. Мұнайды барлау, бұрғылау, 

игеру, тасымалдау, темір-құбыр жолдарын салу соғыспен қатар жүрді, 

же ңіс ке деген құлшыныстың артқаны айқын байқалды. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

1. Шаукенбаев Т. Экономика нефтяной промышленности Казахстана. Алма-

Ата: Казахстан, 1974. 168 с.

2. Мұхитов Қ.С. Ұлы Отан соғысы қарсаңы мен соғыс жылдарындағы мұнай 

өнеркəсібінің даму тарихы (1938–1945 жж.). Алматы, 2000. 128 б.


3. Куликов А.А. Становление трубопроводного транспорта нефти. М.: Транс-

Пресс, 1996. 65 с.

4. ҚР Президент Мұрағаты, 708-қ., 7-т., 1038-іс, 1-3 п.

5. Темиргалиев К.Е. Борьба за нефть Казахстана (Партийное руководство раз-

витием нефтяной промышленности. 1920–1970 гг.). Алма-Ата: Казахстан, 

1982. 180 с.

6. Жамантаев М. Қарт мұнайшы Əби // «Ақтөбе» газеті. 1994, 31 желтоқсан. 

9 б. 


7. Кольцов В. Темпы и пропорции развития промышленности Казахстана. Ал-

ма-Ата: «Казахстан», 1970. 137 с.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет