Лицензиялық шарт Лицензиялық келісім дегеніміз?



Дата06.01.2022
өлшемі20,81 Kb.
#14347

Лицензиялық шарт


  1. Лицензиялық келісім дегеніміз?

  • Лицензиялық келісім дегеіміз, "ноу-хауды", тауар белгілерін, т. б. пайдалану құқығын беру туралы келісім; Бұл келісімде патенттік лицензия беру; бірнеше патентті және олармен байланысты "ноу-хауды" кешенді түрде беру көзделуі мүмкін.;

  1. бірыңғай технологиялық процесс деген не?

  • лицензияланатын бір қызмет түрінің шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

  1. Лицензиялық шарт дегеніміз не?

патент иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарт

4. жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау дегеніміз не?

- лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгіленген шара;.



  1. Лицензиар дегеніміз кім?

- лицензияны беретiн, қайта ресiмдейтiн, оның қолданылуын тоқтата тұратын, тоқтататын жəне жаңғыртатын тиiстi уəкiлеттi мемлекеттiк орган;


  1. лицензиялардың сәйкестендіру нөмірі?

- әкімшілік құжаттарды нөмірлеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесінің стандартына сәйкес лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде генерацияланатын бірегей нөмір.

  1. Лицензиат деген кім?

- Лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға.

  1. Лицензияны кімдер бере алмайды?




  • Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды..

  1. Лицензияның күші қай аумақта қолданылады?

- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

10. Лицензиялар тізілімі қамтитын дерекқор базаларын ата:

- Берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәлiметтердi қамтитын дерекқор базасы;



11. 3-бапта. Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарды ата:

- Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бiлiктiлiк талаптары ;

2) бірыңғай технологиялық процесс ;

3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау ;.

12. электрондық лицензия?

– қағаз жеткізгіштегі лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия.;



13. лицензиялық бақылау?

– лицензиардың лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгенге дейiн өтініш берушінің немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ ол берілгеннен кейін лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi.



14. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы

заңнамасы неден тұрады?

- Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.;



15. бiлiктiлiк талаптары ?

– өтiнiш берушiнiң және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы;;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет