Лицензиялық шарт
Лицензиялық келісім дегеніміз?
Лицензиялық келісім дегеіміз, "ноу-хауды", тауар белгілерін, т. б. пайдалану құқығын беру туралы келісім; Бұл келісімде патенттік лицензия беру; бірнеше патентті және олармен байланысты "ноу-хауды" кешенді түрде беру көзделуі мүмкін.;
бірыңғай технологиялық процесс деген не?
лицензияланатын бір қызмет түрінің шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
Лицензиялық шарт дегеніміз не?
патент иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарт
4. жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау дегеніміз не?
- лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгіленген шара;.
Лицензиар дегеніміз кім?
- лицензияны беретiн, қайта ресiмдейтiн, оның қолданылуын тоқтата тұратын, тоқтататын жəне жаңғыртатын тиiстi уəкiлеттi мемлекеттiк орган;
лицензиялардың сәйкестендіру нөмірі?
- әкімшілік құжаттарды нөмірлеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесінің стандартына сәйкес лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде генерацияланатын бірегей нөмір.
Лицензиат деген кім?
- Лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға.
Лицензияны кімдер бере алмайды?
Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды..
Лицензияның күші қай аумақта қолданылады?
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
10. Лицензиялар тізілімі қамтитын дерекқор базаларын ата:
- Берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәлiметтердi қамтитын дерекқор базасы;
11. 3-бапта. Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарды ата:
- Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бiлiктiлiк талаптары ;
2) бірыңғай технологиялық процесс ;
3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау ;.
12. электрондық лицензия?
– қағаз жеткізгіштегі лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия.;
13. лицензиялық бақылау?
– лицензиардың лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгенге дейiн өтініш берушінің немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ ол берілгеннен кейін лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi.
14. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы
заңнамасы неден тұрады?
- Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.;
15. бiлiктiлiк талаптары ?
– өтiнiш берушiнiң және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы;;
Достарыңызбен бөлісу: |