Линза. Линзада кескін салу. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің жоо-ға дейінгі білім беру факультетінің жоо-ға дейінгі дайындық кафедрасының



бет1/3
Дата27.04.2023
өлшемі175,29 Kb.
#87396
  1   2   3
Байланысты:
imagePaper36864


Линза.Линзада кескін салу.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушысы Т.М. Буланова,
аға оқытушы К.Р. Ембергенова
Екі сфералық бетпен шектелген мөлдір дене линза деп аталады. Шеттеріне қарағанда, ортасы қалың линзалар дөңес линзалар деп аталады.Ортасынан шеттері қалың келген линзалар ойыс линзалар деп аталады.

Өздеріне түскен параллель сәулелер шоғын жиналатын сәулелер шоғына
айналдыратын линзалар жинағыш линзалар деп аталады.
Өздеріне түскен параллель сәулелер шоғын шашыраған сәулелер шоғына айналдыратын линзалар шашыратқыш линзалар деп аталады.

Линзалардың элементтері: Линза беттерінің қисықтықтарының центрлерінен өтетін түзу бас оптикалық ось деп аталады.Бас оптикалық осьте орналасқан және одан сәулелер өткенде сынбайтын қасиеті бар нүкте линзаның оптикалық центрі деп аталады да, О әрпімен белгіленеді.Линзаның оптикалық центрінен өтетін бірақ бас оптикалық оспен сәйкес келмейтін түзулер жорамал оптикалық осьтер деп аталады.Әдетте линзаларды шыныдан жасайды.Дөңес линзалар жинағыш линза болып табылады.Линза арқылы өтетін барлық сәулелер оның оптикалық бас осіне қарай ауытқиды. Оптикалық бас оське параллель болып линзаға түскен сәулелер жинағыш линзадан сынғаннан кейін,қиылысатын нүкте линзаның бас фокусы деп аталады.Бұл нүктелер F1 және F2 әрпімен белгіленеді,линзаның бас фокусы екеу. Біртекті ортада фокустар линзаның екі жағында, одан бірдей қашықтықта болады.Бұл арақашықтық линзаның фокус аралығы деп аталады, оны F әрпімен белгілейді.Оптикалық бас оське перпендикуляр, бас фокус арқылы өтетін жазықтық фокустық жазықтық деп аталады.

Линзаға оның қандай да бір қосымша оптикалық осіне параллель болып түсірілген сәулелер линзада сынғаннан кейін фокаль жазықтықта жататын нүктеде қиылысады.Егер жарық көзін линзадан әрірек орналастырсақ, линза сыртындағы сәулелер тоғысады да, шын кескін шығады. Жарық көзі фокусқа жақын болса, сынған сәулелер шашырайды да, кескін жалған болады.Шашыратқыш линзаның бас фокусы жалған болады (F<0).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет