Ұлыстың Ұлы күні қҰтты болсын! Б е р е к е. Б І р л І к. Ы н т ы м а қ



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата05.02.2017
өлшемі17,99 Mb.
#3447
  1   2   3   4
3447

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Б е р е к е .   Б і р л і к .   Ы н т ы м а қ .

Сырдария ауданының қоғамдық - саяси басылымы 

газет 1939 жылдың 26 наурызынан шығады

№22 (8329)

21 наурыз, сенбі, 2015 жыл

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ     

70 ЖЫЛДЫҒЫНА   

49 КҮН ҚАЛДЫ

Ұлы  Отан  соғысына  1  миллионнан  астам  қазақстандықтар 

қатысқан  болса,  қазіргі  таңда  елімізге  оралған  қан  майдан 

куәгерлерінің  саны  саусақпен  санарлықтай.  Бүгінгі  күні  ауданы-

мызда  жандарын  шүберекке  түйіп,  жаудың  бетін  қайтарған  қайсар 

жүректі  соғыс  ардагерлерінің  саны  да  сиреп  қалды.  Ұлы  Жеңістің 

70  жылдығы  қарсаңында  ерліктері  елге  үлгі  4  ардагеріміз  орта-

мызда  аман-есен  жүр.  Олардың  алды 

93  жаста.  Яхия  Тасыров  атамыз  93                         

жаста  еңсесін  тік  ұстап,  ауданда  өтіп 

жатқан  іс-шараларға  белсене  атсалы-

сып,  кейінгі  ұрпаққа  ақ  батасын  бе-

руден  жалыққан  емес.  Ал  қалған  үш 

қаһарманымыз  үстіміздегі  мерейлі 

жылы тоқсанның төріне шығатын бол-

са, солардың бірі Дәуітбай Сақтағанов 

10  наурызда  бұл  белесті  бағындырды. 

Енді  бір  ондықты  аттаса  ғасыр  жа-

сайтын  соғыс  ардагерінің  торқалы 

мерейтойы  Тереңөзек  кенті  клубы 

қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен 

аталып өтілді. Сұрапыл шайқастардың 

куәгері  Дәуітбай  атаға  көрсетілген 

ерекше 


құрмет 

күнінде 


оның 

қуанышын  аудан  әкімінің  орынбаса-

ры  Б.Лекеров,  аудандық  ардагерлер 

кеңесінің төрағасы Х.Әбенов, кент ар-

дагерлер кеңесінің төрағасы Т.Болғанбайұлы, кент ақсақалдары және 

майдангердің ағайын-туысы бөлісті.

Мерекелік кеш басталмай тұрып қарт жауынгер кентке қарасты 

О.Мәлібаев  ауылындағы  тағзым  алаңына  барып,  майдандастарын 

еске алып, гүл шоқтарын қойды. Майдан даласында жан тапсырып, 

елге оралмай қалған жауынгерлерді еске алу үшін кент клубындағы 

іс-шарада да үнсіздік жарияланды. Мұнан соң «Ерлігі ұрпаққа өнеге» 

атты мерейтойлық кеште 90 жасқа толған Дәуітбай Сақтағанов сах-

на төріне шығарылып, оған құрмет көрсетілді. Мерейтой иесіне ау-

дан әкімінің орынбасары Б.Лекеров лебізін білдіріп, аудан әкімінің 

құттықтау  сәлемін  жеткізді.  –  Бұл  биік  белеске  өнегелі  өмір  сүру 

мен  еңбек  етудің  үлгісін  көрсетіп,  абыроймен  жеткен  Сіз  бүгін 

айналаңызға  қамқорлық  жасайтын,  ақыл-кеңес  беретін  ақсақал  аға 

деңгейіндесіз. Сіз өміріңізде кездескен қиындықтарды жеңу арқылы 

жеткен жетістіктеріңізбен өзіңізге қуаныш, жақсылық сыйлаған адам-

сыз. Биыл 70 жылдығы тойланғалы отырған Ұлы Отан соғысындағы 

Жеңісті болдыруға үлес қосып, ел ішіндегі тәртіпті сақтау саласын-

да  ұзақ  жыл  қажырлы  қызмет  жасадыңыз,  ауыл  шаруашылығын 

дамытуға  абыройлы  еңбек  еттіңіз.  Өзіңізден  кейінгілер  елін 

қорғаған, жерін қадірлеген, ауданымыздың Құрметті азаматы Сізді 

мақтан етеді,- деп Бақытжан Зинадинұлы қадірлі қарт майдангерге 

қуатты болуды және отбасына амандық тіледі. Аудандық ардагерлер 

кеңесінің  төрағасы  Хайролла  Әбенов  те  торқалы  жастың  төріндегі 

Дәуітбай атаға жүрекжарды құттықтауын білдірді. Ол Ұлы Жеңістің 

мерейлі  жылына  жеткен  төрт  ардагерге  құрметтің  ерекше  екенін 

айтып,  туған  күн  иесіне  «Осынау  жылдар  ішінде  өмірдің  талай 

белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей 

үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқасүйері болып отырсыз. Бұған 

жеткен де бар, жетпеген де бар. Сондықтан өнегелі ғұмырыңызбен 

көп  жасай  беріңіз»  деген  ыстық  ықыласын 

жеткізді.  Құттықтаушылар  соғыс  ардагеріне 

өздерінің  тілектерімен  бірге  сый-сияпаттарын 

табыстап, шапан жапты. 

Мерейтойда  «менің  көргенімді  емес,  жа-

сымды берсін» дейтін ауданымыздың Құрметті 

азаматы  Д.Сақтағанов  қиын  болса  да  өткенге 

шегініс  жасап,  өзінің  жастық  және  зұлматты 

жылдардағы  жауынгерлік  өмірі  жайын-

да  естеліктерін  айтып  берді.  –  1925-тің  10 

наурызында  Қалжан  ахунда  туылғанмын,- 

деп  бастаған  соғыс  ардагері  жастық  шағы 

таршылықпен  өткенін  тілге  тиек  етті.  –  Бала 

күніміз  қиындыққа  толы  болды.  Таршылық 

кезең,  одан  кейін  1931-32  жылдары  болған 

ашаршылық бізді есеңгіретті. Ауылдағылардың 

тұрмыс  деңгейі  төмен  болды.  Үлкен 

дүрбелеңнің  шоғы  тұтана  бастағанда,  яғни 

1939 жылы мен туған ауылда мектеп ашылып, 

сонда білім алдым. Содан кейін әскер қатарына 

алды.  Ауылдан  7  жігіт  аттандық,  барлығымыз  да  елге  оралдық. 

Әскерге  алынған  соң,  қару  ұстап,  әскери  даярлықтан  өткізді.  Со-

сын  Қытайдың  Манчжурия  қаласында  жапондықтарға  қарсы  ұрыс 

жүргіздік. Ол кезде Пекиннен кейінгі екінші қала саналатын Чань-

чуньда  да  болып,  тәртіптің  сақталуына  атсалыстық.  Даурия,  Чита, 

Хабаровск  деген  жерлерде  жау  шабуылына  тойтарыс  бердік.  Одан 

соң соғыс Жеңіспен аяқталып, мен 1948 жылдың наурыз айында ел-

мен қауыштым. Елге келгеннен кейін ауыл шаруашылығы және ішкі 

істер салаларында қызметтер атқарып, зейнет демалысына шықтым, 

-  деді  тоқсанды  алқымдаған  Дәуітбай  қария.  Жапондықтардың 

жауыздық  пиғылына  қарсы  ұрыстарға  қатысқан  соғыс  ардагері  өз 

ғұмырнамасын  осылайша  айтып  берді.  Оны  еске  ала  берудің  өзі 

жанына  бататынын  ескертіп,  бейбіт  күн  ұландарына  егемендіктің 

қадірін білу қажеттілігіне назар аударды. 

Торқалы  тойда  қанды  қырғынның  ортасында  ерлік  көрсете 

білген  майдангерге  кент  клубының  өнерпаздары  концерттік 

бағдарламаларын  ұсынды.  Олар  әннен  шашу  шашып,  күмбірлетіп 

күй шертті. Жастар қасіретті соғыстың болмауын тілейтін өлеңдер 

және  Қазақстан  Журналистер  Одағының  мүшесі  М.Шілдебаев 

Ұлы Жеңіске арналған арнауын оқыды. Мерекелік кештің соңында 

Дәуітбай Сақтағановтың ағайын-туысы құрметті жанға сыйлықтарын 

тапсырып, ақ тілектерін жеткізіп жатты.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ 

Соғыс ардагері Дәуітбай Сақтағанов 90 жаста

ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ ҒҰМЫР

15 – 19 наурыз

«Наурыз–думан,  Наурыз  -  той»,  «Ұлыс  оң,  ақ  мол  

болсын,  әз-Наурыз»,  «Құт  бол,  Наурыз,  халқыма» 

атты  тақырыптарда (1 - 11 сыныптар аралығында) тәрбие 

сағаттары.

Барлық орта мектептерде.

17 - 25 наурыз

«Ұлыс  оң  болсын,  ырыс  мол  болсын»  тақырыбында 

көрме. 


Аудандық тарихи-өлкетану музейінде.

18 наурыз

«Шапағаттың  нұрын  сепкен  ұлы  Наурыз» 

тақырыптық көрме. Аудандық балалар кітапханасында



19 наурыз

«Наурыз тойы дәстүрлі мереке» тақырыптық  кеші.

Аудандық орталық кітапханасында.

21 наурыз

«Нұр  себеле,  Ұлыстың  ұлы  күні»    атты    Ұлыстың  

Ұлы  күні наурыз  мерекесіне арналған  театрландырылған  

бағдарлама.

Бағдарламада:  мерекелік  ойын-сауық  іс  шаралары, 

театрландырылған  қойылымдар,  концерттер,  ұлттық  спорт 

жарыстары  (гір  көтеру,  арқан  тарту,  қол  күресі),  ұлттық 

тағам түрлерінің халыққа таратылуы, ұлттық нақышта киіз 

үйлердің тігілуі, алтыбақандардың орнатылуы.



Орталық  алаңда. Сағат:10.00.

22 наурыз

Наурыз  мерекесіне  орай  барлық  елді-мекендерде 

театрландырылған 

қойылымдар 

мен 

концерттік 



бағдарламалар, спорттық шаралар өткізіледі.

Барлық елді-мекендерде. Сағат:10.00. 

Ұйымдастыру комиссиясы

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ 

БАЙЛАНЫСТЫ ӨТКІЗІЛЕТІН ІС-ШАРАЛАР

Бұл әлем қалғығандай,

Ұшты көкке ән қандай.

Наурыз көже дәмді балдай,

Сенің көшің сәнді қандай, 

Наурызым!

Аталардың - Қара Нардың,

Ақ жаулықты Аналардың.

Бас иетін саған әр күн,

Ақ батасын ала барғын,

Наурызым!

НАУРЫЗЫМ


Дүниежүзін  екінші  рет  дүр  сілкіндірген 

соғыстың  зардабын  шекпеген  адам  жоқ 

десе де болады. Жас өмірі зұлматты жыл-

дармен байланысты майдан даласында жа-

умен шайқасқан жандардың  бірі - Сансыз-

бай  Мұқымов.  Майдангер  С.Мұқымов  1917 

жылы  Сырдария  ауданы  Қоғалыкөл  ауы-

лында  дүниеге  келген.  Адамзат  баласын 

қайғы-мұңға  душар  еткен  соғысқа  дейін 

ол  арнаулы  оқу  орындарын  бітіріп,  алған 

білімі бойынша еңбек еткен. Маңдай терін 

төгіп жүргенде 1941 жылдың шілде айын-

да  Отан  алдындағы  борышын  өтеу  үшін 

әскер  қатарына  шақырылады.  Шалғай  ау-

ылдан  барған  әскери  даярлықтан  өтіп, 

Мәскеу  түбіндегі  станцияда  тұрған  Кали-

нин  майданы  құрамындағы  34-ротада  са-

яси  жетекші  (политрук)  болып  соғысқа 

қатысады.  Ұрыстарға  қатысып  жүріп 

1942  жылы  алғаш  рет  сол  қолынан  жа-

раланады.  Госпитальда  жарақатынан 

айыққаннан  соң  Сансызбай  Мұқымов  І 

Украина  майданының  І  Украина  дивизиясы 

құрамында  33-миноатқыштар  ротасында 

немістермен қиян-кескі ұрыстар жүргізді.

Ұлы Жеңіске бір күн қалғанда, яғни 1945 

жылдың  8  мамыр  күні  Берлинге  жасалған 

шабуыл кезінде сол жақ жауырынынан тағы 

да жарақат алып, госпитальға түседі. 

Емделіп шыққан соң да С.Мұқымов 1945 

жылдың  21  маусымында  Жапониядағы 

шайқастарға  жіберіледі.  Ол  Ұлы  Отан 

соғысын 1946 жылы Порт-Артур қаласында 

аяқтады.

Елге оралғаннан кейін бейбіт еңбекке ара-

ласты.  Қан  майданда  көрсеткен  ерліктері 

үшін  С.Мұқымов  ордендермен,  медальдар-

мен наградталған. 

«Тт-ақпарат»

ЖЕҢІСТІ 

ЖАҚЫНДАТҚАНДАР

Сансызбай МҰҚЫМОВ

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді бірлік пен берекенің бастауы «Жыл 

басы -  Наурыз» мерекесімен аудан әкімдігі, ау-

дан халқы атынан шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз    -  атадан  балаға  жалғасып  келе 

жатқан,  тарихы  терең,    халқымыздың  ұлттық 

мерекесі. Ақ пейіл жұртымыз қашанда Ұлыстың 

ұлы күнін  дастархан жайып, ақ тілекпен қарсы 

алған. Тамырын тереңнен тартқан осынау мере-

ке  береке мен бірлікті, тазалық пен татулықты 

нығайтып,  шаттық  пен  қуанышқа  жалғасып 

келеді.


Наурыз  -  қыс  өтіп,  жаз  жетіп,  диқан 

қауымының  шаруаға  кірісетін  мезгілі.  Наурыз-

да  халқымыз  елдің  тыныштығын,  халықтың 

ынтымағын  тілеген.  Мереке  күндері  бұлақ 

көздерін  ашып,  ағаш  еккен.  Қайырымдылық 

шараларын  ұйымдастырып,  сауапты  істерді 

атқарған.  Біз  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе 

жатқан  осындай  игі  дәстүрлерімізді  дамытып, 

оның мазмұнын байыта түсуіміз қажет. 

Баршаңызға  белгілі,  халқымыздың  көнеден 

жеткен  жыл  санау  дәстүрі  бойынша,  биыл  на-

урызда  «Қой  жылы»  төрімізге  енеді.  Қойды 

халқымыз молшылықтың, берекенің нышаны деп 

санаған.  «Қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған 

заман» деген нақыл сөз осыдан қалса керек...

Құрметті сырдариялықтар!

Сырдария ауданының халқы жылдағы дәстүр 

бойынша  «Наурыз» мерекесін биыл да көтеріңкі 

көңіл күймен, еселі еңбекпен, берекелі табыста-

рымен қарсы алып отыр. «Бақ бағалағанның ба-

сында тұрады» дейді дана халқымыз. Іргесі берік, 

бірлігі  бекем  еліміздің  алдында  асқар  асулар, 

биік  белестер  тұр.  Бұл  ретте,  тәуелсіздігімізді 

тұғырлы,  мемлекетімізді  ғұмырлы  ету  біздің 

ортақ  мақсатымыз.  Ендігі  алдағы  міндетіміз  -  

тәуелсіздікті ту етіп, тұрақтылықты, татулықты, 

ауызбіршілікті сақтау. 

Биыл  Елбасының  шешіміне  орай,  елімізде 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  жылы  бо-

лып бекітілді. Сонымен қатар,  Ата Заңымыздың 

20  жылдығы,  Қазақ  хандығының  550  жылдығы  

және Жеңістің 70 жылдығы кең көлемде аталып 

өтіледі.  Ауданда  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

жылының ашылуы мен осы бағыттағы басқа да  

шаралар  бүгінде  басталып  та  кетті.  Бұл  айтулы 

мерекелерде қазақ елінің тарихын, ел дамуының 

биік көрсеткіштерін, этносаралық бірлікті, саяси 

тұрақтылықты насихаттау қажет. 

Өткен  жылы  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев  Қазақстан  халқына  «Нұрлы  жол  - 

болашаққа  бастар  жол»  атты  Жолдауын  жа-

рия  етті.  «Нұрлы  жол»  –  ел  дамуындағы  жаңа 

кезеңнің бастауы. Алдымызда дағдарысты жеңіп, 

қиындықты  еңсеру  міндеті  тұр.  Мақсатымыз  

айқын,  ол  –  әлемнің  дамыған  отыз  елінің 

қатарына қосылу, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге 

асыру.  Ендігі  кезекте,  біздің  алдымызда  Жол-

дау жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру, осы 

жолда  елді  тың  белестер  мен  биік    асуларды 

бағындыруға, ортақ мақсатқа жету жолында аян-

бай еңбек ету керек. 

 Қадірлі әлеумет !

Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек 

қабыл  болады  дейді  ата-бабаларымыз.  Олай 

болса,  киелі  Наурыз  мерекесі  баршаңызға  жаңа 

жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. 

Еліміз  тыныш,  туған  жеріміз  аман  болып, 

арайлап атқан  жаңа күн әрбір отбасына қуаныш, 

бақыт пен береке сыйласын!

Наурыз мерекесі құтты болсын!

«Әлемнің әміршісі – еңбек», -  деген даналы сөз тегін айтылмаса 

керек. Адамды адам ететін - еңбек екенін саналы қоғам қай кезеңде 

болмасын сезініп келеді.

Тәуелсіз  еліміздегі  адам  тұрмысының  жақсаруы  еңбек  арқылы 

келетіндігін,  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  «Жалпыға  Ортақ  Еңбек 

Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында ерекше атап өтті.

Сол  себепті,  Біз,  Жастар,  масылдықтан  арылып,  адал  еңбекпен 

Отанға  қызмет  ете  отырып,  әлеуметтік  жаңғырту  дәстүрін 

қалыптастыруға  үлес  қосуымыз  керек.Тек  еңбек  ету  арқылы  ғана 

барлық қиындықтарды еңсеруге болады. 

 Біз, жастар өз замандастарымызды:

-Адал да, табысты еңбек етуге;

-Туған  елді  гүлдендіруге,  өз  қаламызды  көріктілер  қатарынан 

көрсетуге;

-Аймақ    экономикасының  тұрақты  дамуына  жастық  жігерімізбен 

үлес қосуға;

-Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамының  идеялары  мен  принциптерін 

қолдауға;

-Еліміздің  дамыған  30  елдің  қатарынан  көрінуіне  бағытталған 

мақсаттар мен міндеттерді орындауға шақырамыз! 

Еңбек маусымында еңбекші жастарға жаңа серпін, жаңа табыстар 

тілейміз!

Сонымен  қатар,  еліміздегі  үлкен  сайлау  науқанына  белсенді  ат-

салысып,  конституциялық  құқығымызды  пайдаланып,  мемлекет 

алдындағы азаматтық борышымызды өтеуге шақырамыз!



Құрметті жас достар! 

Сіздерді 2015 жылғы еңбек маусымына үн қосуға 

шақырамыз.

ЕҢБЕКШІ ЖАСТАРДЫҢ  

ҮНДЕУІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметпен, аудан әкімі Ғ.ҚАЗАНТАЕВ

2

Тiршiлiк тынысы

№22 (8329) 21 наурыз, 2015 жыл

ЖОБА

«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен 

тәртібін айқындау туралы» Сырдария аудандық 

мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 86 

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

“Қазақстан  Республикасындағы  жергiлiктi  мемлекеттiк  басқару 

және  өзiн-өзi басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 

23  қаңтардағы  Заңына,  “Тұрғын  үй  қатынастары  туралы”  Қазақстан 

Республикасының  1997  жылғы  16  сәуірдегі  Заңының    97-бабының  

2-тармағына,    “Тұрғын  үй  көмегін  көрсету  ережесін  бекіту  туралы” 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2009  жылғы  30  желтоқсандағы  

№2314  Қаулысына  сәйкес Сырдария  аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 

1.Сырдария аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 

86  «Тұрғын  үй  көмегін  көрсетудің  мөлшері  мен  тәртібін  айқындау  ту-

ралы»  (нормативтік-құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  Тізілімінде 

2012  жылғы  13  желтоқсанда  №  4367  болып  тіркелген,  «Тіршілік  тыны-

сы» газетінің 2012 жылғы 27 желтоқсанда № 106 санында жарияланған) 

шешімнің қосымшасының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«2.Тұрғын  үй  көмегін  тағайындау  «Сырдария  аудандық  жұмыспен 

қамту,  әлеуметтік  бағдарламалар  және  азаматтық  хал  актілерін  тіркеу 

бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) 

арқылы жүзеге асырылады.»

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн 

өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Аудандық мәслихат                                         Аудандық мәслихат             

сессиясының төрағасы                                                 хатшысы

ПРОЕКТ

О внесении изменений  в решение Сырдарьин-

ского районного маслихата от 21 ноября 2012 года 

№ 86 «Об определении размера и порядка оказания 

жилищной помощи»

Согласно с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года “О 

местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Ка-

захстан”, пункту 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 

года “О жилищных отношениях”, Постановлению Правительства Республи-

ки Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 “Об утверждении Правил пре-

доставления жилищной помощи” Сырдарьинский районный маслихат РЕ-

ШИЛ:  

1. Пункт 2 приложения решении Сырдарьинского районного маслиха-

та от 21 ноября 2012 года № 86 «Об определении размера и порядка оказа-

ния жилищной помощи» (зарегистрировано в Реестре государственной ре-

гистрации нормативных-правовых актов от 13 декабря 2012 года № 4367, 

опубликовано в газете «Тіршілік тынысы» № 106 от 27 декабря 2012 года ) 

изложить в новой редакции:

«2. Назначение жилищной помощи осуществляется коммунальным го-

сударственным  учреждением  «Сырдарьинский  районный  отдел  занятос-

ти,  социальных  программ  и  регистрации  актов  гражданского  состояния» 

(далее-уполномоченный орган).»

2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти кален-

дарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессий                                     Секретарь районного

районного маслихата                                       маслихата

Туберкулез  –  әлемде  адамдарды  көп  өлімге  әкеліп 

соқтыратын,  ең  кең  таралған  жұқпалы  аурулардың  бірі. 

Ауру  науқас  адамнан  дені  сау  адамға  ауа  тамшысы  арқылы, 

жөтелгенде,  сөйлегенде  жұғады.  Жыл  сайын  әлемде  тубер-

кулезден  1,7  млн.  адам  көз  жұмады.  Қазақстанда  жылына  ту-

беркулезбен  шамамен  15  мың  адам  сырқаттанады.  Осын-

дай  деректерді  және  бұл  жұқпалы  аурудың  алдын  алу  тура-

лы  ақпарат  берумен  қатар,  тұрғындарды  салауатты  өмір  сал-

тын ұстануға шақыру мақсатын көздеген акция жақында кент 

орталығында өтті. Аудандағы бірқатар медицина мекемелерінің 

қызметкерлері көшелерді аралап, көпшілік шоғырланатын жер-

лерде парақшалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Акция  барысында  оны  ұйымдастырушылар  туберкулездің 

алғашқы  белгілері,  атап  айтқанда  екі  апта  бойы  жөтелу, 

тәбеттің  жоғалуы,  арықтау,  түнгі  тершеңдік,  жалпы  әлсіздік, 

шаршау  сияқты  белгілері  байқалса,  дереу  дәрігерге  бару 

керектігін ескертті. Жалпы туберкулез дертіне шалдықпау үшін 

тиімді тамақтану, ет пен сүт, балық өнімдерін, көкөністер мен 

жемістерді жеткілікті мөлшерде қолдану, дене шынықтырумен 

белсенді түрде айналысу қажеттігі аса қажет ұстанымдар. Де-

генмен,  бұл  дертке  шалдыққандар  туберкулезден  емделетінін  білген 

жөн.  Себебі,  туберкулез  микробактериясына  қарсы  әсер  ететін  дәрі 

бар. Сондықтан туберкулез неғұрлым ерте анықталса, емдеу нәтижесі 

де соғұрлым сәтті болмақ. Әркім өзін туберкулезден қорғау үшін жеке 

тазалық тәртібін сақтап, зиянды әдеттен аулақ болғаны жөн. 

Жыл  сайын  республика  бойынша  24  ақпан  мен  23  наурыз 

аралығында  өтетін  туберкулезге  қарсы  акция  тұрғындардың  өз 

денсаулығына жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жолғы 

акцияда  кенттің  Д.Қонаев,  И.Тоқтыбаев,  А.Әлиакбаров,  Ә.Тәжібаев, 

Керейтбаев,  Сырдария  көшелерінің  тұрғындары  қамтылып,  барлық 

елді-мекендерде жүргізілді. 



Г.ЖАНӘЛИЕВА, 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

кабинетінің маманы. 

Биылғы  жылы  Ұлы  Отан  соғы-

сындағы Жеңіске 70 жыл толу мерекесі 

кең көлемде аталып өтуде. Осы жеңіс үшін елден 

небір жақсылар мен жайсаңдар елім мен жерімді 

қорғаймын деп аттанғандар ішінде хабар-ошарсыз 

кеткені қаншама? 

Сондай  жандардың  бірі  –  Бәйменов 

Әбдіқалық.  Ол  1898  жылы  қазіргі  Сырдария  ау-

даны  Сәкен  Сейфуллин  елді-мекенінде  дүниеге 

келген. Әбдіқалық әкесі Бәйменнен сауатын аша-

ды. Әкесі Бәймен Тілемісұлы ахун дәрежесіндегі 

ғұлама болған. Ол Уфа, Троицк қаласындағы «Ра-

сулия»  медресесінде  ұстаздық  қызмет  атқарып 

жүрген  кезінде,  Қараөзек  бойынан  шыққан  сол 

заманның  алпауыты  әрі  қажысы  Кіребай  де-

ген  кісі  Бәймен  ахунмен  жүздесіп,  өз  елінде 

салдырған  мешітіне  бас  имам  болуды  өтінеді. 

Бәймен  ахун  шақыруды  құп  алып,  Қараөзек 

дариясының арғы бетіндегі Қыр мен Сырдың орта 

шенінде  бүгінгі  күнге  дейін  «Кіребай  мешіті» 

аталып  келген  мешітте  ел  балаларының  сауа-

тын  аша  жүріп,  келешегінен  үміт  күттіретін  жа-

старды Уфа, Троицк қалаларындағы медреселер-

ге білімін жетілдіруге жіберіп отырған. Солардың 

бірі  болып  Әбдіқалық  та  Уфа  қаласындағы  «Ра-

сулия»  медресесінде  білім  алады.  Кеңес  өкіметі 

орнаған  кез  1919  жылы  «Ақсу»  станциясында 

(қазіргі Жалағаш кенті) ел балалары үшін мектеп- 

интернат ашу жұмысына басшылық етіп, жаңа заман талабына сайкес 

жаңа әдіспен 1924 жылға дейін еңбек етеді. Бүгінде осы білім ошағы 

сол кезеңдегі мектеп-интернат негізінде үлкен орта мектепке айналған. 

1924  жылы  Қызылорда  округтік  ағарту  бөлімі  Әбдіқалықты 

Тереңөзек ауданы №10 ауылындағы «Айнакөл» мектебінің меңгерушісі 

әрі  оқытушы  қызметіне  тағайындайды.  Әбдіқалық  халықты  сауаттан-

дырып, жас ұрпақтың білімге-ғылымға деген құштарлығын арттыра от-

ырып, жалпы халықтың мәдени-әлеуметтік, рухани дамуына айрықша 

үлес қосқан абзал жан. 

Сұрапыл  соғысқа  1942  жылы  қазан  айында  сұранып,  Әбілда 

Күзембаев,  Оразақ  Кеделбаев,  Әбдіқалық  Жотаев,  Байзақ  Жама-

нов,  Смайыл,  Мұхамбедияр,  Дауылбек,  Аққұлақ  есімді  ауылдастары-

мен бірге аттанады. Осы аттанғандардың бірде-біреуі елге оралмаған. 

Әбдіқалықты  Ақмола  қаласындағы  запастағы  №79  атқыштар  полкы-

на қосады. Осында әскери даярлықтан өтеді. Қазақстандық дивизияны 

5-14 желтоқсан 1942 жылы Тихвин қаласына таяу жердегі майдан дала-

сына жеткізеді. 

Әбдіқалық  осылай  соғысқа  кірісіп  кетеді.  1942-1944  жылдардың 

қыркүйек  айына  дейінгі  уақытта  Волхов,  Тихвин,  Ленинград 

майдандарындағы  қанды  шайқастарда  ерлік  көрсете  білді.  Елі 

Әбдіқалықтан  сол  қыркүйек  айынан  бері  хабарсыз  қалады.  Ұлы 

Әбдіқалықұлы Рахымжан әкеден айырылғанда небәрі он бір жаста бо-

латын. Әкесі хатты көбіне арабша жазатын. Рахымжан ол кезде латын-

ша оқи алатын. Кейіннен араб әрпімен латын әрпін салыстыра отырып, 

араб әрпін оқи алатын дәрежеге жетеді. Почта келгенде әкеден келген 

хатты танып, өзі алып үй ішіне оқып беретін. 

Ол ұзақ жылдар бойы әке туралы мәліметтер жинап, мүмкіндігінше 

ақпарат  құралдары  арқылы  көпшілікке 

ұсынумен  келеді.  Десе  де  әкесінің  соғыстағы 

ерлік істерінен бейхабар-ды. 

Рахымжан  қария  жақында  аудандық  әуез 

мектебінің  директоры  Жантемір  Айсиннің 

көмегімен интернет желісі бойынша жиналған 

тарихи  құжаттарымен  аудандық  мұражайға 

келді. http://www.blockade.ru/press/ сайтындағы 

86  атқыштар  дивизиясының  ұрыс  жолдары 

атты  құжаттар  жинағы  ішінен  әкесі  Бәйменов 

Әбдіқалықтың осы дивизия құрамындағы 330- 

шы атқыштар полкында болғанын көреді. Бұл 

86  атқыштар  дивизиясы  1943  жылы  қазан  ай-

ында  Ленинград  шайқасынан  шығарылып, 

құрамы  қайта  толықтырылып,  14  қаңтар  1944 

жылы 42 Армия құрамында бірінші эшелонмен 

Пулков  ауданына  жеткізіледі.  Осы  аудандағы 

бір  биіктікті  және  Александровск  станция-

сы  үшін  болған  ұрысқа  қосылады.  Аса  ауыр 

шайқаста  дивизия  80  пайыз  жауынгерінен  ай-

ырылады.  Әбдіқалық  осы  қырғыннан  да  аман 

шығады. 


Әбдіқалық  құрамында  болған  330-  шы 

полкта  Ресей  Федерациясының  президенті 

В.В.Путиннің  әкесі  Владимир  Спиридонович 

Путин  де  бірге  соғысыпты.  Сөзімізге  дәлелді 

болу үшін құжатты сөйлетсек. «Отец Владими-

ра Владимировича Путина. Владимир Спиридонович Путин (родился в 

1911 году, умер 1999 году) участник Великой Отечественной войны. Он 

проходил службу в 330-том стрелковом полку» - деп беріледі. 

Осы полктың құрамында 1944 жылдың сәуір айының 8-і күні Оле-

нино  селосы  үшін  болған  қырғын  шайқаста  ерен  ерлік  көрсеткен 

Әбдіқалық  бір  өзі  жаудың  үш  жауынгерінің  көзін  жояды.  Осы  ерлігі 

үшін  ІІІ  Прибалтика  майданы  86-шы  атқыштар  дивизиясы  330-шы 

атқыштар полкының бір топ жауынгерлерімен бірге осы полктың 4-ші 

атқыштар  ротасының  қатардағы  жауынгері  Ә.Бәйменов  те  13  шілде 

1944 жылы СССР Жоғарғы Советі Президумы «За отвагу» медалімен 

марапатталады.  Бұйрық  астына  «Бәйменов  Әбдіқалық  1898  жылы 

туылған. Ұлты қазақ. ВКП(б) мүшесі, 1942 жылдан бері Қызыл Армия 

қатарында. Қызылорда облысы, Тереңөзек аудандық әскері комиссари-

атынан шақырылған. 1943 жылы жеңіл жарақат алған» деп көрсетілген. 

Сонымен  бірге  «За  боевые  заслуги»  медалімен  де  марапатта-

лыпты.  24-25  тамыз  1944  жылы  Тарту  қаласы  үшін  болған  аса  ауыр 

шайқаста мерт болғанға ұқсайды. Бұлай деуге осы уақыттан кейін елге 

Әбдіқалықтан хабар тоқтауы себеп болып отыр. 1944 жылы «Қоштасу» 

атты өлеңімен өріліп жазған хатынан кейін дерек үзіледі. 

Сексенді еңсеріп, тоқсанды алқымдаған қарт ұстаз Әбдіқалықұлы 

Рахымжан  ақсақал  әкесі  сияқты  ағарту  саласында  жемісті  еңбек  ете 

білген.  «Ел  азаматтары  әкемді  мәңгі  есте  қалдыру  мақсатында  ба-

стама  көтерсе,  көзімнің  тірісінде  оның  алдындағы  перзенттік  боры-

шым  ақталғандай  болар  еді»  –  деген  қарияның  көзінен  әкеге  деген 

сағынышты көргендей боласыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет