Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың
салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрете отырып, Ұлыстың ұлы күнін- Наурыз
мерекесінің қазақтың ұлттық мейрамы екенін көрсету;
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, ұлттық киімдер, ұлттық
тағамдар, слайд.
І-жүргізуші: (Наргиза)
Құрметті ұстаздар, қонақтар және студенттер!
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді
жайнатып, әнші құстарды сайратып, наурыз тойын тойлатып жаңа жыл
келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке
сіздерге тек жақсылық әкелсін!
ІІ-жүргізуші: (Багдат)
Уа халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық!
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларың шашайық!
Дей отыра бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды ән шашумен ашуға рұқсат
етіңіздер. Сахнада «Наурыз думан» әнімен
(Нурмуханбетова Шырын)
ІІ-жүргізуші: (Багдат)
Уа жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздер де бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Ақ батасы бар екен.
Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ. Оның
белгісі оң қолының бас бармағында сүйек болмайды деседі білгендер.
Бәрімізге де Қыдыр баба жолығайық деп тілейміз!
Қазақ елі батамен ел көгерер демекші кешіміздің басын батамен
бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: (Наргиза) Ендеше бәріміз Қыдыр бабаны шақырайық.
ІІ-жүргізуші: (Багдат)
Армысыз, Қыдыр баба!
Қыдыр баба: Бар бол, жарқыным! Жанарыңда нұр ойнаған қай баласың,
қарағым?!
ІІ-жүргізуші: (Багдат)
Көңілі жарқын, ниеті ақ, ұзын да , қысқа да кегі жоқ, досына құшағы
ашық, дарханы дос қана емес, дұшпаны да ашық қазақ халқының
ұланымын, әз Баба!
ІІ-жүргізуші: (Багдат)
«Бірлік түбі - тірлік», «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған,
ынтымағы күшейген озады» деуші еді үлкендер. Халқым үшін бірлік
тілеймін. әз Баба!
1-жүргізуші: (Наргиза)
«Елдің атын ер шығарады, ер анадан туады» деуші еді халық
даналары. Ел басына алмағайып күн туғанда атқа қонып, ел қорғаған
ерлерден қалған ұрпақты, жақсыдан қалған көздерді тәрбиелеп өсірген
аналарымыздың саулығын кеп тілеп тұрмын, әз Баба!
ІІ-жүргізуші: (Багдат)
«Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер» деп аталарымыз айтпақшы ,
бата беру- адал ниет, тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Қазақ халқы
батадан қуат алып, ізгі сөздерге қанығып, оның құдіретіне сенеді.
22- наурызда үлкен кішіге бата береді. Батаны көбінесе құрметті
ақсақалдар, атақты адамдар, кемеңгерлер береді,- дей отырып Қыдыр
Бабамыздан қол жайып ақ бата тілейік.
Қыдыр Баба:
Уа, Халайық! Менімен ілесе келген жылды жақсылап қарсы алыңдар.
Кел, төрлет, қасиетті жылым! Жұртыңмен ризалықпен қауаныш!
Барар бағыт, сапарларың сәтті болсын!
«Ырыс алды - ынтымақ», «Татулық түбі - береке» деуші еді үлкендер.
Халқым үшін ынтымақ пен береке, татулық сұрайық.
(Тізе бүгіп, қол жаяды)
Бата
Әумин!- бата берейін,
Жақсылықты тірейін.
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!
Жүгінелік ақылға,
Араздыққа жол беріп,
Отырмайық тақырға.
Жермен бірге жаңарып,
Көңілде кір қалмасын!
Жырттағы жау жаланып,
Жағаға қол салмасын!
Есіктен кірген емініп,
Төр менікі демесін!
Еңістен келген тебініп,
Өр менікі демесін!
Наурызбенен жаңарсын
Тәніміз бен жанымыз
Жақсы негіз қалансын
Жасырып ән сәніміз.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсан да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын ,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін ,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарын көп болсын!
Әумин!
ІІ-жүргізуші: (Багдат)
Жаны жамандықтан қашық
Құшағы досына ашық
Шат көңіл жомарт
Қазақ деген халқымның
Несібесін шалқытып,
Ризалығын тасыта көр
деп тілеймін, Қыдыр Баба!
1-жүргізуші: (Наргиза)
Қатерлі қиын жолдардан
Алмағайып сындардан
Қиясы қиын шыңдадан
Тайдырып алмай тағасын
Жыртқызып алмай жағасын
Халқына болып шам-шырақ
Болашаққа бастаған
Елбасымыз жасасын! дей еліміздің болашағының іргесін қалайтын біз
жастарға сенеміз. Ендеше келесі кезекті ән шашуға берейік .
Сахна төрінде
«Өз елім менің» әнімен (Шәкіржан Ернат)
ІІ-жүргізуші: (Багдат)
Уа халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық!
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларың шашайық!
«Наурыз көжені»
таныстыру.
Наурыз көжені - Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен
тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр
ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз,су қосылады.
Ән шашу «Егемен елім» орындайтын ( Тұрлықожа Айбар)
1-жүргізуші: (Наргиза)
Армысың Науырыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый-құрмет!
Мереке қарсаңда бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік!
Сахнада Қаражорға биін тамашалаңыздар.
ІІ-жүргізуші: (Бағдат)
Ертіп қарын даланың
Жинатып гүлін саланың
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз жыл басы!
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліштің,
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз жыл басы!
Сахнада тамаша ән шашу «Қазағымның дәстүрлері ай»
орындайтын ( Дулатбай Достан, Нурмуханбетова Шырын )
ІІ-жүргізуші: (Бағдат)
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттар біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
1-жүргізуші: (Наргиза)
Жар-жар қазақ халқының тұрмыс - салт жырларының ежелден келе
жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, ата-
аналар алдында орындалады.
Қазақтын салт-дәстүрлерін құрметтей отырып «Қыз Ұзату» салтын
тамашалайық.
ІІ-жүргізуші: (Бағдат)
«Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз
Ән айтылсын, би биленсін қауым болып.
Уақыт болды тұрмайтын өнерді аяп ,- дей келе келесі кезекті қазақтың
ұлттық аспабының бірі домбыраның әсем үнін тыңдап көрейік.
Күй «Көңіл толқыны»
орындайтын
(Қуаныш Ерсін)
1-жүргізуші: (Бағдат)
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығымен, шуағымен күн ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
Наурыз тойы бүгін,
Міне тағы есігімізді ашып отыр.
Құрметті халайық қадірменді жамиғат.
Жыл басы - Наурыз күні айтылған бұл ақ тілектер қабыл болсын.
ІІ-жүргізуші: (Наргиза)
Ұлыс күні кәрі- жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып көріскен.
Аталар бата беріскен,
«Сақтай көр» деп теріскен.
«Кел, таза бақ, кел» десіп,
Кел тілектер бер десіп......
Қазақтың мың бұралған ару қыздарымызды қазақтың «Қамажай»
би шашуымен ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: (Наргиза)
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата- бабам тойлаған
Қарсы алайық Наурызды! дей келе халқымыздың салт-дәстүрін құрметтей
келе келесі кезекті тамаша көрніске берейік.
Көрніс
«Айтыс»
ІІ-жүргізуші: (Бағдат)
Алтын күн төгеді шуағын,
Шырқаймыз өмірдің жырын біз.
Мың алғыс өзіңе, Отаным!
1-жүргізуші: (Наргиза)
Жасай берсін жаңа күн!
Туа берсін жаңа нұр!
Дүр сілкінсін дала бір.
Құтты болсын Наурыз тойы,
Құтты болсын Жаңа жыл!-дей отырып келесі кезекті әнге береміз.
«Қазақ жастары»
әнімен сахна төрінде (Аманжол Ғафузат)
ІІ-жүргізуші: (Бағдат)
Қазақтың халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, ойындары көбінесе төрт түлік
малмен байланысты болды. Қазақтың ұлттық ойындарының бірнеше
түрлері бар. Олар: аңға, малға, түрлі заттармен ойналатын ойындар бар.
Мысалы мынандай ұлттық ойын түрлері бар:
Ұлттық ойындар:
«Асық», «Ақсүйек», «Тобық», «Ханталапай», «Тоғызқұмалақ», «Арқан
тартыс», « Қазақша күрес» тағыда басқа ойындар баршылық.
1-жүргізуші: (Наргиза)
Енді осы ұлттық ойындарды көрермендерден де сұрап білсек қалай
болады.
ІІ-жүргізуші: (Бағдат)
Бұл ойын өте дұрыс екен Бағдат. Ендеше ұлттық ойындар туралы
көрермендерге бірнеше сұрақтар қойайық.
1.Қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, ойындары немен байланысты?
(Қазақтың ұлттық ойындары 5 түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты,
малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті,
икемділікті қажет етеді. Олардың негізгілері жүзден астам. Қазақтың
ұлттық ойындары тәрбиеліктің бір түрі болып табылады. )
2.Ұлттық ойындардың қандай түрлері бар?
(Асық, Ақсүйек, Тобық, Ханталапай, Тоғызқұмалақ, Арқан тартыс,
Қазақша күрес т.б.)
3. Ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындарын атаңыз?
(Күзем алу, Беташар, бастаңғы, Сиқырлы таяқ, шертпек, Белбеу
тастау, Сақина салу т.б.)
Бәрекелді ұлттық ойындарымызды өте жоғары бағалайтындарыңыз
көрініп тұр. Сіздерге үлкен алғысымызды білдіреміз.
Ендеше келесі тамашалайтындарыңыз ер жігіттерімізге арналған ұлттық
ойындарға кезек берейік. «Қазақша күрес»
ІІ-жүргізуші: (Бағдат)
Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнің
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз –достық ,
Наурыз - күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
Жалғасып ғалам тірлігі.
1-жүргізуші: (Наргиза)
Аралап келген сапар шегіп жер бетін,
Жақсылықпен нұрландырған келбетін,
Мол шуағын пейіштің ала келген,
Бұл жылы қуанышпен төрлесін!
Ендеше келесі кезекті тамаша әнге берейік. Сахнада «Сағыныш сазы»
орындайтын (Сейтқазы Айбол)
ІІ-жүргізуші: (Бағдат)
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз.
Көрніс
«Телефон»
1-жүргізуші: (Наргиза)
Сәулесі бар наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адамның, ғұрыптың,
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
ІІ-жүргізуші: (Бағдат)
Жүріндер наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен-cаяқ.
Ән шақырып, би билейік, қауым болып
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп .
Сахнда төрінде «Испан» би шашуын тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: (Наргиза)
Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер жап – жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жанарға
Жайып келші , бар ізгі.
ІІ-жүргізуші: (Бағдат)
Қош келдің наурызым Ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасырып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Келесі тамашалайтындарыңыз ән
шашу
«Жаяу»
орындайтын (Жумағұлов Аян)
1-жүргізуші: (Наргиза)
Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі
мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару
мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы
күні - Әз Наурыз құтты болсын.
1-жүргізуші: (Наргиза)
Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп,
жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл әлемге
нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіреді.
1-жүргізуші: (Наргиза)
Қоғамдық өмір өрістеп,
Сан ғасыр зулап өтсе де,
Наурыз тойын теріс деп,
Айтпаған ешкім әйтсе де.
Өйткені оның бойында
Еңбек, бірлік, достық бар.
Баршаңызға жүректеріңіз мейрімге және нәзіктікке толсын дей отырып
келесі кезекті тамаша ән шашуға берейік «Нәзігім»
орындайтын (Шыңғысбаев Руслан)
ІІ-жүргізуші: (Бағдат)
22-Наурызда кун мен түн теңеледі.
Жан-жануарлар төлдейтін
Адамдардың аузы аяққа тиетін
Жер жүзінде шаттық орнаған күн.
Келесі кезекті тамаша әнге берейік
«Қазақ қыздары»
орындайтындар (Дулатбай Достан, Шәкіржан Ернат)
ІІ-жүргізуші: (Бағдат)
Наурызда дүйім жұрт алаңға жиналып, ат жарыстырып,
Ақындарын айтыстырып, бауландарын күрестіріп,
Той тойлатып, ойын ойнатып, алтыбақан тебісіп, Наурыз көже ішіп,
таңды көзбен атырған. Сол түні ғашықтар бір-біріне көңілін білдірген.
1-жүргізуші: (Наргиза)
Наурыз мейрамы жүректерге нұр сепкен,
Маңдаймнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гул көктем.
Қазақ халқы әр қашанда өзге ұлттарды қадірлейтін дана халық.
Біздің еліміз көп ұлтты мемлекет. Сондықтан да өзге ұлттың әдеп-ғұрып,
салт-дәстүрлерін құрметтей отырып Наурыз мерекесінде өзінің мың
бұралған биімен Калибек Еңлікті «Ұйғыр» биімен ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: (Наргиза)
Жыр сыйлаған нұр сыйлаған тірлікте,
Қастерледік , қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күні жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
1-жүргізуші: (Наргиза)
Жаса Наурыз, жаса көктем,
Жаса достық, күн, тіршілік.
Болсын ұмыт, мұндар өткен,
Мейрімділік күлсін шығып.
Келесі кезекті АТУ 2-4 тобының жігіттерінен тұратын заманауи биді
тамашалаңыздар
«Флешмоб»
1-жүргізуші: (Наргиза)
Наурызда жаңа жыл басталады.
Жаңа жы л жақсылыққа бастар әні.
Жер ана да бусанып қозғалуда,
Ақ көрпесін сыпырып тастағалы.
1-жүргізуші: (Наргиза)
Көне заманнан бері Наурыз
Сұлулық пен жасампаздықтың,
Бейбітшілік пен келісімнің
Символы болып табылады.
ІІ-жүргізуші: (Бағдат)
Көп ұлтты Қазақстан халқының өз
Мүмкіндіктеріне деген сенімдері
Арта түсіп, бай рухани мұралары
Жарқын болашақ жолындағы
Жарқын істеріне қуат берсін.
1-жүргізуші: (Наргиза)
Қазақстандықтар үшін Наурыз- айрықша мейрам.
Бұл күн қыстың сәті аяқталып ,
Барша еліміз жаңаша
Кейіпке енетін көгілдір
Көктемнің келгенін білдіреді.
Келесі кезекті тамаша әнге берейік «Алматы түні»
орындайтындар (Шәкіржан Ернат, Нурмуханбетова Шырын)
ІІ-жүргізуші: (Бағдат)
Жаңару мен жасару күні Сіздерге
Бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ән шашу «Мерекем» орындайтын ( Тұрлықожа Айбар)
1-жүргізуші: (Наргиза)
Алтын күн төгеді шуағын,
Шырқаймыз өмірдің жырын біз.
Мың алғыс өзіңе, Отаным!
ІІ-жүргізуші: (Бағдат)
Жасай берсін жаңа күн!
Туа берсін жаңа нұр!
Дүр сілкінсін дала бір.
Құтты болсын Наурыз тойы,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Хор «Қазақтай ел қайда»
1-жүргізуші: (Наргиза)
Бұл күні алдадағы күндерге арналып ізгі ой,
арман-мақсат айтылып,
тілектер тіленген.
Ендеше:
Бастаса-елдің көсемі,
Сөйлесе сөздің шешені.
Ақылы асқан абыздай,
Бар түйінді шешеді, - дей отырып, оқу орнымыздың тәрбие жөніндегі
басшысы Қашабаева Роза Ахметқазықызы
апайға сөз кезегін бере
отырып
қошеметпен ортаға шақырайық.
Осымен «Қош келдің, құтты Наурызым!» атты ашық тәрбие сағатымыз
аяқталды. Назар аударғандарыңызға үлкен рахмет құрметті халайық.
Әр жыл сайын аманшылықпен Наурыз айына жете берейік ағайын.
Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |