Лизосома
Лизосома (
гр.
'
λύσις' –
еру және sōma – дене) – жануарлар мен саңырауқұлақ
жасушасының органелласы, жасуша ішінде ас қорыту
қызметін атқаратын және
гидролиттік ферменттердің қор ретінде жиналатын орны. Оның диам. 0,2 – 0,7 мкм.
Лизосомалар қоректі, зиянды бөлшектерді, жасушаның
ескі бөліктерін немесе
жасушаның өзін қорытуы мүмкін.
Лизосома —
торшалар
органоиды. Олардың құрамына гидролиттік
ферменттер
тобы
—
қышқыл фосфатаза, нуклеаза,
протеазалар, гликозидазалар т. б. (барлығы 20-дан
астам) кіреді. Лизосома торшаның өзінің (аутолиз) және оның ішіне кірген заттардың
ыдырауына қатынасады. Лизосома құрамына кіретін
ферменттер торша және
белоктарының
жетілуіне (процессинг) қатынасады.
[1]