Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың Ақтөбе өңіріне келуі

Дата10.04.2023
өлшемі123,51 Kb.
#80993
түріСеминар

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың Ақтөбе өңіріне келуі

Тарих пәнінің мұғалімі Аманғалиев Ерлан Аманғалиұлы

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
«Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ ұлтының ұстазы,кемеңгер ақын Ахмет Байтұрсынов 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер семинариясын аяқтағаннан соң,оның ұстаздық жолы Ақтөбе топырағында басталған еді.Ақтөбе уезі Батпақты болысындағы Ахметкерей Қосуақовтың ауылына келіп,қазақ мектебін ашады.Бұл қазіргі Алға ауданы,Қарағаш ауылдық әкімдігінің орталығы-Самбай ауылы. Сол кездегі Торғай мен Ақтөбе бөліп жарылмай тұтас отырған жұрт, екеуі де Батпақты болысына қарайтын. Ахмет атаның Батпақтының ауқатты қазағы Ахметкерей Қосуақовтың ауылын таңдауда не сыр бар?Сырт қарағанда, оқытушылық жұмыс болып көрінгенімен, ол бұл жақта «Алаш» қозғалысының ұйымдастыру шараларын жүргізген.Неге десеңіз, ХХ ғасырдың басында Алға ауданы табанындағы елден «Алаш» қозғалысының ұлтжанды азаматтары көптеп шыққан.Бұл жақта патша заманында сауда саттығы қызған Қарақамыс жәрмеңкесі болды.Темір қаласы салынды.Керуен жолы да осында.Саяси өмірдің көрігі қызып жатқан Орынбор да тиіп тұр.Орынбор мұғалімдер семинариясы елін-жерін сүйген тұлғаларды қалыптастыратын тұлғаларды қалыптастырған шын мәніндегі алтын бесік еді.

Ахмет Байтұрсыновтың Қарағашқа келуіне Ахметкерей Қосуақов себепші болған. Дұрысы, екеуі Орынбордан осы жаққа бірге келген. Алға ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 5 қыркүйек күні Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі Самбай ауылында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы-ұлттың ұлы ұстазы» атты облыстық конференция өтіп,атамыздың өмір жолы мен еңбектері төңірегінде сөз қозғап,баяндама оқыды. Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынов әлі де зерттеулерді қажет ететін ұлттың ұлы тұлғасы.

Кезінде Кеңестік отаршылдық құрбаны болып,халық жауы деп танылған Ахмет Байтұрсынов 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ КСР-нің Жоғары соты ешбір қылмысы жоқ деп тауып,Ахмет Байтұрсынұлын толық ақтау туралы шешім қабылдады.Сөйтіп біртуар тұлғаның азаматтық есімі қалпына келтірілді.Дей тұрғанмен де,өзекті бір өкініш өртейді.Әділет таңы неге үнемі кеш атады?Сұңқар атаулының неге соры басым?Әлі де «Аз күндікке алданып,Аз нәрсеге жалданып»адасып жүрген Алаш жұртының ұлы Ахаңдар қанымен жазып кеткен тарих сабағынан тағылым алатын күні бар ма?!

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет