Ұлттық бірыңғай тестілеу 2023



бет1/9
Дата28.04.2023
өлшемі55,17 Kb.
#87849
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ұлттық бірыңғай тестілеу 2023

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ
2023
Астана, 2023

Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2023



«Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны»
(ҚР «Білім туралы» Заңы
1 б., 56 т.)

  • ҰБТ "1 тестіленуші – 1 компьютер – 2 камера" қағидаты бойынша өткізіледі.

  • Түсушілер тестілеу орнын (аймақтық тестілеу орталығы - АТО), күнін
    және уақытын өз бетінше таңдай алады.

  • Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары қолданылады.

  • Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары қолданылады.

  • Тестілеу нәтижесі тестілеу аяқталған соң бірден беріледі.

  • Техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу барысында беріледі.

  • Апелляцияға мазмұны бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі.

  • * Талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында «Қазақстан тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін - бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).
    2) * «Оқу сауаттылығы» бағытында 3 мәтін бойынша 15 тест тапсырмасы (15 балл) беріледі.
    3) * Сонымен қатар, бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында жауап нұсқаларының саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) жауап нұсқаларының саны 8-ден 6-ға дейін азайтылды.

  • ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізілді, яғни төменде көрсетілген 3 білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер «Математика+Информатика» пәндері комбинациясы бойынша тест тапсырады:
    - В011 - Информатика мұғалімдерін даярлау;
    - В057 - Ақпараттық технологиялар
    - В058 - Ақпараттық қауіпсіздік




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет