Ұлттық тіл,ұлттық мәдениеттің бөлігі ретінде



Дата30.03.2023
өлшемі1,13 Mb.
#77812

“Ұлттық тіл,ұлттық мәдениеттің бөлігі ретінде”
Орындаған:Рахматулла Аяулым
ҰЛТ-ТІЛ-ТӘРБИЕ
Тіл мен мәдениет – қоғам дамуының әлеуметтік азығы. Тілдің әлеуметтік маңызы тіл мен мәдениетті, тіл мен қоғамды бірге алып қарағанда ғана ашылады. Адамның жан дүниесі мен болмысының, мәдениетінің калыптасуына үлкен үлес қосатын халықтың баға жетпес байлығы – оның тілі. Себебі бүкіл бір ұлттың әдет-ғұрпын, дүниетанымын, рухани мәдениетін тек тіл арқылы ғана танып біле аламыз. Тіл мәдени байлықты жасайтын құрал ғана емес, сонымен қатар, ол – мәдениеттің көзі, ұлт өмірінің айнасы
«Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік-бостандығы мен тарихы, зейіні, философиялық жүйелері мен рәмізтаңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты – осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан» Т.Ғабитов
  • Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
  • Тілі өлген ел - тірі өлген ел
  • Ана тілі – бәріміздің анамыз Өйткені ол – ұлтымыздың анасы
  • Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңір.
  • Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.

Қарапайым сөйлеу тілі - белгілі бір стильдік мақсатпен сөздерді дөрекі, тұрпайы етіп қолдану тәсілдерін құрайтын сөйлеу тілінің бір түрі. Қарапайым сөйлеу тілінің құрамына мазмұны тұрпайылау, дөрекі сездер, диалектизмдер, жаргондар енеді
Ауызекі тіл , ауызекі сөйлеу — адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі — сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы.
Бейтарап тіл – тілдің барлық стильдерінде қолданыла беретін, стилистикалық синонимдері жоқ сөздер қатары. 
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет