Мақаладағы тірек сөздер қолданысы Жоспар: Тірек сөздер қандай мақсаттар үшін қолданылады? Тірек сөздер жиынтығын қалай дұрыс құру керек? Мақала қандай терминдермен логикалық жағынан байланысты болуы мүмкін?
Мақаладағы тірек сөздер қолданысы Жоспар: Тірек сөздер қандай мақсаттар үшін қолданылады? Тірек сөздер жиынтығын қалай дұрыс құру керек? Мақала қандай терминдермен логикалық жағынан байланысты болуы мүмкін? Тірек сөздөр (түйін сөздер) дегеніміз - мәтіннің өн бойында кездесетін және басқа түйін сөздермен бірлесе отырып, мәтінді баяндауға ықпал ететін маңызды сөздер. Тірек сөздер негізінен ақпаратты іздестіруге қызмет етеді. Тірек сөздер жиынтығы аңдатпаға өте жақын. Мысалы, жүк тасымалын ұйымдастыруға арналған мақалада ауыр жүк тасымалы,жүк тасымалдау, тасымалдауды ұйымдастыру сияқты тірек сөздер пайдаланылса, академиялық оқылым және жазылым мәселелеріне арналған ғылыми мақалада академиялық сауаттылық, академиялық
оқылым, академиялық жазылым, академиялық жанрлар, ғылыми мәтін, ғылыми стиль, ғылыми жоба, дағды, жазбаша қатысым сияқты тірек сөздер қолданылады.
Осылайша, тірек сөздер мақаланы сипаттауға мүмкіндік беретін қосымша техникалық мәліметтерден тұрады екен.
Тірек сөздер қандай мақсаттар үшін қолданылады? Тірек сөздер мақалаларды жүйелеу үшін қолданылады. Олар мақаланы тез табуға, ұқсас мақалаларды топтастыруға, жіктеуге көмектеседі.Тірек сөздер мақаламен танысқан кезде уақыт үнемдеуге де мүмкіндік береді. Олар журналдың белгілі бір айдарында берілген мақаланың тақырыптық бағытын аша алады. Мысалы, «Ұйым қызметкерлерін инновациялық басқару» атты мақалада әртүрлі тірек сөздердің жиынтығы болуы мүмкін: қызметкер, қызметкерлерді басқару, еңбекақы төлеу. Бұл мақалада қызметкерлерді басқарудың классикалық әдісі қарастырылатынын түсінеміз. Осындай тақырыптағы басқа мақалада қызметкер, қызметкерлерді басқару, зияткерлік капитал, зияткерлік-креативті ресурстар сияқты тірек сөздер болуы мүмкін. Осы мәселелермен айналысушы зерттеуші үшін автордың қазіргі заманғы зерттеу әдістерін қолданғандығын түсіну қиындық тудырмайды. Мақалада тірек сөздердің қолданылуы оқырманға тақырыбы ұқсас мақалалардың бір-бірінен айырмашылығын түсінуге мүмкіндік береді. Осылайша, тірек сөздер мақаланың маңызды атрибуты болып табылады, сондықтан оларды оқырманға түсінікті болуы үшін мақаланың басында аңдатпадан кейін беру керек.
Тірек сөздер жиынтығын қалай дұрыс құру керек? Тірек сөздер нені бейнелеуі тиіс? Тірек сөздер мақаланың барлық терминологиялық қорын қамтуы керек, яғни: мақалада қандай терминдер қолданылады?
Мақала қандай терминдермен логикалық жағынан байланысты болуы мүмкін? Мақала үшін тірек сөздерді қайдан іздеу қажет? Тірек сөздер ретінде:
мақала атауынан;
мақала аңдатпасынан;
мақала мәтінінің кіріспе, негізгі және қорытынды бөліктерінен
терминдер алынуы мүмкін.
Тым көп тірек сөздер пайдаланудан қорықпаңыз.
Дұрысы-мәтін көлеміне байланысты 10-15 сөз қолдану. Әрбір қосымша тірек сөз оқырманның мақаланы оқуға деген қызығушылығын тудыруы мүмкін. Негізгі терминдермен қоса күрделі терминдерді де қолданыңыз. Мысалы, бухгалтерлік есепке қатысты мақалада қаражат, бухгалтерлік есеп сөздерімен бірге негіза қаражаттың бухгалтерлік есебі сияқты күрделі терминдерді қолдануға болады, алайда тым күрделі сөздерді қолданбаған жөн. Кейде үш
сөзден артық күрделі сөзді бірнеше тірек сөзге бөлуге болады. Мысалы, мәліметтерді талдау мен өңдеу дегеннің орнына мәліметтерді өңдеу мәліметтерді талдау деп берген дұрыс.
Әрбір тірек сөз - бұл дербес элемент. Тірек сөздер жалқы мағынада болуы керек. Мысалы, адам капиталы, оның бағасы деп қолданған дұрыс емес, оның орнына адам капиталы, адам капиталын бағалау деген жөн.
Тірек сөздерді үтір арқылы бөлесіз.
Ғылыми мақалаларда тірек сөздердің қазақша, орысша және ағылшынша берілгені дұрыс. Ағылшын тілінде сапалы жазылған аңдатпа
(abstract //summary):
a) шетелдік ғалымның сіздің өз тіліңізде жазған мақалаңыздың
мазмұнымен қысқаша танысып, оны толық мәтінін оқып шығуға мүмкіндіп болмаса да, қызығушылық танытуына;
ә) орыс не қазақ тілін білмейтін ғалымның мақала бойынша түсінік алуына жағдай жасауға;
б) сіздің мақалаңыздың үзінділерін шетелдік ғалымдардың дәйектеме ретінде пайдалануына мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, сапалы құрастырылған аңдатпа қазіргі ақпараттар ағыны дәуірінде ғалымдардың уақытын үнемдеп, аз уақытта мақала туралы жалпы түсінік, ақпарат алуына көмектеседі.