Магнит өрісі тарауына есептер шығару а деңгей: 1



Дата21.04.2023
өлшемі14,48 Kb.
#85403

Магнит өрісі тарауына есептер шығару

А деңгей:
1.Ток күші 3 А болған ұзындығы 10 см өткізгіш магнит индукция векторы
0,2 Тл магнит өрісіне орналастырылған. Магнит индукция күш сызықтары перпендекуляр бағытталған. Өткізгішке әсер ету күшін тап. (Жауабы: )
2.Ток күші 5А тогы бар тұйық рамаға әсер етуші күш моменті 2Н*м. Раманың ауданы 4 см. Магнит өрісінің индукциясын тап.
3.Біртекті магнит өрісінде 2 мкКл электр заряды 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Зарядқа индукциясы 0,1Тл магнит өрісі тарапынан күш әсер ету күшін анықта.

В деңгей:
1.Заряды 10 мкКл және массасы 1 мг электр зарядының тозаңы біртекті магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады. Өрістің индукциясы 1 Тл, ал тозаңның жылдамдығының шамасы 5 м/с болса, шеңбердің радиусын анықта.
2.Актив бөлігінің ұзындығы 4 см өткізгіштегі ток күші 20А-ге тең. Ол индукциясы 10 мТл біртекті магнит өрісінде орналастырылған.Егер өткізгіш сызықтарына перпендикуляр 10 см-ге орын ауыстырс, осындағы істелген жұмысты табыңдар.
3.Индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта магнит өрісіне 10 Мм/с жылдамдықпен электрон ұшып кіреді. Егер электрон өрісте радиусы 1 см шеңбер сызатын болса, онда өріс индукциясын табыңдар.

С деңгей:
1.Зарядталған бөлшек 0,6Мм/с жылдамдықпен индукциясы 0,31 Тл біртекті магнит өрісінде радиусы 4 см шеңбер бойымен қозғалады.Бөлшектің кинетикалық энергиясы 1,2*10-15 Дж-ге тең. Заряд шамасын анықта.
2.Индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісінде электрон 2м жол жүргеннен кейінгі кинетикалық энергиясы қаншаға өзгереді? Электрон магнит өрісінде күш сызықтарына перпендикуляр бағытта 10км/с жылдамдықпен қозғалады.
3.Зарядталған бөлшек потенциалдар айырмасы 15 В индукциясы 0,5 Тл магнит өрісінде индукция күш сызықтарына перпендикуляр бағытта қозғалады. Егер электрон радиусы 10 см шеңбер бойымен қозғалатын болса онда бөлшектің зарядының оның массасына қатынасын тап.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет