Мандат біреудің уәкілдігін куәландыратын құжат қайсыбір жерде, елді мекенде елді басқару үшін берілетін құқық



Дата14.10.2023
өлшемі17,49 Kb.
#114328

Мандат-1.біреудің уәкілдігін куәландыратын құжат 2.қайсыбір жерде, елді мекенде елді басқару үшін берілетін құқық.
Мемлекеттік билік-барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.
Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі. Ол жүргізілетін келіссөз мәселелерінің заңдылық жақтарын дамытады, негіздейді.
Метрополия-қол астында колониялары бар мемлекет.
Милитаризм-жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат.
Аристократия −ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі. 
Ассамблея – халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. 
Анархия – 1) мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті , жөнсіздікті, заңсыздықты басшылықтың жоқтығын білдіреді.
Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін – өзі басқаруға құқық берілген саяси – ұлттық құрылым.
Антисемитизм – еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның түрі. 
Деполитизация – белгілі бір ұйым, органдардың және т.б.жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық.
Деспотия − шексіз және дара билеудің бір түрі. 
Держава – зор, әскери, экономикалық потенциалы бар және дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынаста басты рөл ойнайтын ірі және берік мемлекет.
Диктатор −заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.
Децентрализация – орталық басқару жүйесінің жергілікті жерге өз билгінің бөлігін беруі.
Иерархия-төменгі органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға, шенділерге бағыну тәртібі.
Интернационализм- мемлекеттердің, ұлттардың, халықтардың немесе таптардың, әлеуметтік топтардың мүдделері бірігуіне негізделген саясат
Инфляция- ақшаның сатып алу қабілетінің ұзақ уақытқа төмендеу процесі
Иренология-бейбітшілік туралы ғылым.
Инновация-жаңалық енгізу жаңарту
Нәсіл-шығу тегіне және әр түрлі тұқым қуалайтынерекшеліктеріне байланысты бірлескен адамдар тобы. Негізгі нәсілдерге негроидтар, монғолоидтар және европоидтар жатады.
Нигилизм – жалпы қабылданған заңдық ережелер, қоғамдық саяси өмірдің тәртіптерін және т.с.с. жоққа шығару. Саясатта оны жақтаушылар қалыптасқан саяси қазыналарға, партиялар мен саяси қайраткерлердің іс-әрекетіне қарсы болып, қабылдамайды. 
Нонсенс- қатыгездік, артық кетушілік
Нувориш- сауда-саттық және т.с.с. тәсілдер арқылы тер төкпей тез байыған адам. Әдетте, ондайлар қоғамның жоғарғы сатыдағыларымен тіл тауып, билік басына келуге, қоғамдық өмірге әсер етпеуге тырысады.
Нота- Бір мемлекеттің екінші мемлекетке ресми дипломатиялық хаты. Нота алмасу арқылы кейде халықаралық келісім де жасалады.
Альянс – ортақ мақсаттарға жету үшін келісім шарт негізінде жасалған ұйымдардың одағы, бірлестігі. Әдетте жағымсыз, келеңсіз мағынада пайдаланылады
Аннекция – басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күштеп жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.
Абсентеизм – халықтың саяси өмірге немқұрайлы, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. 
Автархия – елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлттық мақсат. 
Альтернатива – бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана таңдап алу. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет