“Математикалық сауаттылық ”
Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған
оқу-әдістемелік құрал.
Авторы:
Бұл әдістемелік құрал жалпы білім беретін орта мектепте
қолданылатын математика бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Бұл оқу-
әдістемелік құрал ҰБТ-ға дайындалуға арналған әдістемелік құрал болып
табылады. Құралдың тиімділігі – 11 сынып
оқушылары мен талапкерлерге,
математикалық сауаттылық есептерін шығарып, ҰБТ –ге дайындалуда
қолдануға өте ыңғайлы.
Құралда қолданылатын материалдар 3- бөлімге (теориялық,
практикалық, өз бетімен шығаруға арналған есептер ) жүйеленіп, олар
алдын ала сынақ кітапшаларынан алынған
есептердің шығарылуымен
көрсетілген. Практикум мемлекетіміздің жоғарғы оқу орнына түсушілерге,
сондай-ақ жоғарғы сынып оқушыларына арналғандықтан,
олардың жоғарғы
оқу орнына түсуіне өз бетімен дайындалуға мүмкіндік береді.
Түсінік хат
«Математикалық сауаттылық – негізгі математикалық білім » курсы
11 – сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту және
ҰБТ-ның жаңа форматындағы математикалық
сауаттылық бойынша алдын-
ала дайындау үшін ең маңызды математикалық ұғымдрдың бірі – пайыз
ұғымына және әртүрлі тақырыптарда берілген есептерге теңдеу құру арқылы
оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға арналады.
Күнделікті өмірде біз тауарлар
және қызмет ету бағаларымен
ұшырасамыз. Мысалы: банктегі жинақ салымы, несие алу,
айып өсімін
төлеу, саудадағы жеңілдіктер, сақтандыру төлемі т.б.
Сондықтан математикалық сауаттылық математиканың
практикалық
құндылығын айқын көрсететін қажеттілік болып табылады.