Марал Әділгерейқызы «Білемін. Білдім. Білгім келеді» әдісі



Дата28.01.2022
өлшемі17,39 Kb.
#24497
түріСабақ

Марал Әділгерейқызы

«Білемін. Білдім .Білгім келеді» әдісі
Білім мазмұнының жаңаруына байланысты заманауи білім беруде мұғалім мен оқушының іс-әрекеті тығыз байланысқа түскен. Оқушыларды өз тәжірибесі негізінде оқытуда мұғалімге сабақты жүргізудің неше түрлі қызықты әдістері қажет.

Білім алушыны өз бетімен оқуға тартатын әдістердің бірі- «Білемін, Білдім, Білгім келеді» әдісі. Бұл әдіс бірнеше нұсқада қолданылады. Соның қарапайым, жеңіл қолданылатын бір нұсқасын айтып өтейік. Бұл әдістің тиімділігі- сабақ кезеңдерімен кіріктіріле жүргізілуі. Яғни сабақтың өне бойында жүргізіледі.




Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың аяғы

Білемін

Білдім

Білгім келеді










I.Сабақтың басы. Мұғалім «Миға шабуылы» әдісі арқылы жаңа тақырып бойынша не білетіндерін сұрайды. Оқушылар жаңа тақырып бойынша не білетіндерін бірінші кестеге жазады. Кестенің бірінші бағанын оқушының өз бетімен, шынайы толтыруы мұғалім үшін өте маңызды. Мұғалім толтырылған бағандарды қарап жүріп, ары қарай сабақтың ортасында қандай мәселелер қаралатынын шешеді және шешім қабылдайды, саралау жұмыстарын ұйымдастырады. Уақыт 5-7 мин. (Қосымша параққа не дәптерлеріне сызылған кестенің «Не білемін?» бағанын толтыру)

II.Сабақтың ортасы. Оқушының «Не білетінін» білген мұғалім әрі қарай әр оқушыға ұсынатын тапсырмаларын саралап, қандай дағдысын дамыту керектігіне назар аударып, топта, жұпта біріктіріп, не жеке жұмыс ұйымдастырады. Сабақтың ортасы аяқталарда оқушылар жаңа тақырып бойынша не түсінгендерін кестеге жазады. Уақыт 20-25 мин. (Қосымша параққа не дәптерлеріне сызылған кестенің «Білдім» бағанын толтыру)

III. Сабақтың аяғы. Оқушының «Не білгені» ортаға салып талқыланады. Не түсінікті, не қиын, не жеңіл болды деген сияқты түрлі сұрақтарды оқушылар топта, жұпта талқылап, топтық, жұптық, өзін-өзі бағалау жүргізіп, мұғалімге кері байланыс жасайды. Бұл кезеңнің тиімділігі әрі қарай тағы да жаңаны үйренуге жетелеу. Уақыт 10-15 мин. Яғни тоқтап қалмау, үйден қосымша тағы не білгісі келетін кестеге жазғызу. (Қосымша параққа не дәптерлеріне сызылған кестенің «Білгім келеді» бағанын толтыру)

Әдістің тиімділігі:

-Мұғалім білім алушы туралы ақпарат жинайды, сол арқылы келесі қадамдарын жоспарлап отырады. ( не білетінін, не білгенін,не білгісі келетінін біліп отырады)

-Алынған ақпарат негізінде белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге жүріп отырады;

-Оқушының өз бетімен жұмыстануына жағдай жасалады;

-Сабақтың бірізділігін, нақтылығын ұйымдастырады;

-Саралау тапсырмаларын қолдануды жеңілдетеді;



-Айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары байланыста жүргізіледі;

«Білемін, Білдім, Білгім келеді» әдісін бір бөлімді оқытуды бастау не аяқтау кезеңдерінде қолдануға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет