Тақырыбы – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы, шығарманың іргетасы. Бұл әңгіменің басты тақырыбы соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры туралы.
Жанр түрі – әңгіме – көлемі шағын, әдемі дүние, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, шұғыл үн қосқыш жанр.
Идеясы – бұл тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Өз мақсат – мүддесін, арманын білдіреді. Бұл шығармада жетім балалар тағдырына деген аяушылық сезімді оятады.
Композиялық құрылысы
Оқиғаның басталуы – Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі, Директормен әңгіме.Оқиғаның дамуы – аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы
Оқиғадағы шиеленіс – Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы үйлесімсіздік, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы.
Шарықтау шегі – Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытта сұрап, жаттығуға асығуы.
Оқиғаның шешімі – Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып вокзалға бағыттаулы.
Оқиғаның шешімі – Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып вокзалға бағыттаулы.
Шығарамадағы кейіпкердің бейнесі: Жағымды– Манап, ҚалиЖағымсыз кейіпкерлер жоқ десе болады.
Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа үгіп, тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма?- деді қалыптасып қалған қоңыр үнмен. Алақанына қыстыра шыққан тарағын дымқыл шашына кеміп жіберіп, артқа қарай көтеріп-көтеріп тастады. «Маңдайына көлкітіп түсіріп жіберсе ғой, тым жарасып кетер еді. Ересек адамша артқа қайырғаны қарашы. Тез ер жете алмай, он бес жастың тар қауызына сыя алмай қыстығып жүрген қарағым-ай!» Манаптың ішінде оттай ыстық бірдеңе шыжылдамай да, көңірсімей де жайлап еріп барады