Маркетингтік зерттеулер – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатында, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпарат жинау, өндеу және мәліметтерді талдау мен қорытындылар ұсыну.
Маркетингтік зерттеулердің негізгі принциптері:
Обьективтік
Нақтылық
Мұқияттылық
Объективтілік принципі – барлық факторларды есептеу қажеттілігі және барлық жиналған ақпараттардың сараптауын аяқтауға дейін белгілі көзқарасты қабылдау мүмкіншілігінің жоқтығын білдіреді.
Нақтылық принціпі – зерттелу есептерін қою нақтылығы, оларды түсіну мен трактовкалау, бір мағналығын, сонымен қатар зерттеу нәтижелерінің қажетті сенімділігін қамтамасыз ететін зерттеу құралын таңдауды білдіреді.
Мұқияттылық принціпі – зерттеудің әр кезеңін жоспарлау ісін білдіреді, барлық зерттеулік операциялар орындалуының жоғары сапасы – профессионалдығының жоғары деңгейі мен зерттеуші ұжымының жауаптылығына және олардың жұмысын бақылаудың тиімді жүйесі арқасында жетеді.
Маркетингтік зерттеулердің мақсаты:
Маркетингтік зерттеулердің мақсаты: кәсіпорынның мақсатына қол жеткізу үшін маркетингтік ақпарат арқылы өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыру.
Біріншілік маркетингтік ақпарат – бұл тікелей зерттеу мақсатына сәйкес жиналатын ақпарат.
Екіншілік маркетингтік ақпарат - бұл бұрын осы фирманың немесе басқа ұйымдардың басқа мақсатта жинаған және өңдеген ақпараттары.
Маркетингтік зерттеулер міндеттері:
Маркетингтік зерттеулер міндеттеріне мыналар жатады:
фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саятатын, тауарды нарыққа жылжыту мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарларын, макроортаны талдау.
Маркетингтік зертеулерді жүргізудегі жағдайлар:
Маркетингтік зертеулерді жүргізуге қажеттілік мына жағдайларда болады, егер шаруашылық субъектісі:
— қойылған корпоративтік және маркетингтік мақсаттарға жетпесе;
— бәсекелік стратегиялар мен бәсекелік белсенділіктің тиімділігін бағаласа;
— өсу стратегиясын іске асыруды жоспарласа;
-инвестициялық жобалармен байланысты жаңа портфельді стратегияларды жасаса;
-сегменттеу және позициялаумен байланысты функционалдық стратегияларды таңдаса.
Маркетингтік зерттеулердің кезеңдері:
Маркетингтік зерттеулерді келесі бес кезеңмен өткізуге болады:
Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарын айқындау.
Зерттеу жоспарын құру.
Ақпарат жинау.
Жиналған ақпаратты талдау.
Зерттеу қорытындылары туралы есеп.
Маркетингтің негізгі қағидаттары:
Сатып алушылардың қажеттерін, нарықтық жағдайды, кәсіпорынның нақты мүмкіндіктерін дәл білу негізінде өнім өндіру;
Сатып алушының қажеттерін неғұрлым толық қанағаттандыру;
Белгілі бір рыноктарда өнімдер мен қызметтерді жоспарлаған көлемде және мерзімде тиімді түрде өткізу;
Кәсіпорынның өндірістік-коммерц. қызметінің ұзақ мерзімді нәтижелілігін қамтамасыз ету;
Сатып алушылардың өзгеріп отыратын талаптарына белсенді түрде бейімделу мақсатымен өндірушінің іс-қылығының стратегиясы мен тактикасының бірлігі.
Маркетинг стратегиясы
Маркетинг стратегиясының негізгі бағыттары:
рынокты дамыту — сату көлемін ұлғайтуға не өндірістің тиімділігін арттыруға, фирма қызметін жақсартуға бағытталған өткізу жоспарын әзірлеу, жаңа тауар әзірлеу, “ескі рынокта” өткізілетін тауарлар номен клатурасын кеңейту, рыноктың бос орындарын толтыру, тауарлар рыногын ұлғайту, рыноктың географиясын кеңейту.
Пайдаланылған әдебиттер:
Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
3. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9