ТАҚЫРЫБЫ: Сапалық химиялық талдаудың негізгі ұғымдары. Аналитикалық реакцияның сезгіштігі. Қышқылдық-негіздік әдіс бойынша катиондарды жіктеу. Қышқылдық-негіздік жіктелу бойынша І аналитикалық топ катиондары.
МАҚСАТЫ:Аналитикалық химия пәнінің негізгі түсініктерімен, әдістерімен, қарастыратын мәселелерімен танысу.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ: 1. Аналитикалық химия және химиялық талдау.
2. Дамудың негізгі кезеңдері, ғалымдардың қосқан үлесі.
3. Сапалық химиялық талдаудың әдістері мен принциптері, негізгі түсініктері.
4. Химиялық реактивтер, реакциялардың сезгіштігі және спецификалығы.
5. Катиондар мен аниондарды аналитикалық топтарға бөлу.
ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ Аналитикалық химия – зерттелетін заттың құрамын және оның құрамына кіретін элементарлық бөлшектерді (атомдарды, иондарды, молекулаларды) сапалық және сандық анықтайтын жалпы химия ғылымының бір тарауы. Заттың сапалық және сандық құрамын анықтау үшін аналитикалық химияда химиялық талдауды пайдаланады. «Химиялық талдау» ұғымын 17 ғасырда қазіргі сапалық талдаудың негізін қалаушы ағылшын ғалымы Р.Бойль (1627-1691) енгізген. Ұлы орыс ғалымы М.В.Ломоносов ашқан зат массасының сақталу заңы (1748) сандық талдаудың негізі болып табылады. Аналитикалық химияда Д.И.Менделеевтің заңы, әрекеттесуші массалар заңы, зат массасының сақталу заңы, эквиваленттер заңы т.б. кеңінен қолданылады. Ғылым ретінде аналитикалық химияның қарастыратын мәселелері:
1. Аналитикалық қасиеттерді және аналитикалық реакцияларды зерттеу және іздеу.
2. Заттың құрылысы мен аналитикалық қасиеттері арасындағы өзара байланысты зерделеу.
3. Заттарды бөлу әдістерін өңдеу.
4. Аналитикалық қасиеттері мен бөлу әдістеріне негізделген химиялық талдау әдістерін құру.
Шикізат сапасы мен өнімді анықтау үшін халық шаруашылығының әрбір саласы аналитикалық химия қызметінің түріне байланысты бөлінеді: