АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КОКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
«Ақпараттық жүйелер және информатика» кафедрасы
Өндірістік іс-тәжірибенің
ЕСЕБІ
Орындаған: Кажкен Ж
Көкшетау, 2023
Өндірістік іс-тәжірибенің мақсаты ақпараттық жүйеде ақпаратты қорғауға арналған компьютерлік программаларды талдау болып табылады.
Өндірістік іс-тәжірибенің міндеттер орындалуы тиіс:
ақпараттық жүйелер қауіпсіздігінің жұмыс істеу жағдайларын талдау;
деректерді қорғауға арналған бағдарламалық жасақтаманы талдау.
Мен Кажкен Жандос 30 мамырдан бастап, 9 маусымға дейін өндірістік іс тәжірибемді өттім. Бірінші күні, яғни 30 маусым техника қауіпсіздік шараларымен таныстым. Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
1. Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір студент қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң тәртіпте орындау керек.
2. Электр тогымен зақымдалған студентке әрбір студент алғашқы көмек көрсете білу керек.
3. Электр тогымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.
4. Егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бірқалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек.
Қауіпсіздік техникасы жарақаттанудың немесе денсаулықтың кенеттен күрт нашарлауының себебі болып табылатын қауіпті өндірістік факторлардың жұмыс істеушілерге әсерін болдырмауға бағытталған ұйымдастырушылық іс-шаралар мен техникалық құралдар жүйесі. Қауіпсіздік техникасы еңбекті қорғаудың бір бөлігі болып табылады және жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқыту және нұсқау беру, ғимараттар мен құрылыстарды техникалық қауіпсіз жағдайда ұстау, жаңадан құрылған және пайдаланылатын өндірістік жабдықтарды қорғаныс және қауіпсіздік құрылғыларымен жабдықтау, жұмысшыларды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын әзірлеу, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлерді осы құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру сияқты шараларды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |