Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті
Өткізген: логопед А.С.Бисембаева
Сайқын – 2013ж
Мақсаты: Оқушылардың түрлі тапсырмалар арқылы ойын, есте
сақтауын, зейінін, өз ойын еркін жеткізе білуін,
қабылдауын дамыту. Сонымен қатар ұйымшылдыққа,
бірлікке, жауапкершілікке және сенімділікке тәрбиелеу.
Топпен бірге жұмыстануға үйрету, өз ойын ортаға сала
білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: плакаттар, пазлдар, табло, т.б.
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіз бе, оқушылар, ата – аналар, ұстаздар! Бүгін бізде ерекше сайыс. Яғни «Ақылдылар сайысы». Қазір біз ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз.
1. Байболатов Әділхан
2. Сағымбаев Елдос
3. Жаксылыков Арманбек
4. Искалиева Айнур
5. Утегенова Айнур
6. Масалова Алтынай
7. Мутешева Альбина
8. Курмангазиева Дана
- Енді оқушыларды 2 топқа бөліп, топ эмблемаларын тағу: 1. «Білгірлер» тобы, 2. «Алғырлар» тобы.
- Оқушылар, сендер орындарыңа отырыңдар, қазір әділқазылар алқасын сайлайық. Әділқазылар сайлау.
-Енді бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен танысайық:
1. «Т» сөзжұмбағын шешу.
2. Жұмбақ шешу.
3. Кестені пайдаланып сөз жаса.
4. Пазл құрау.
5. Суреттің айырмашылығын тап.
6. Санамақтарды шеш.
- Міне, сайыстың турларымен таныс болдық, олай болса бастайық. Берілген сұрақтарға дайын болғанда, мына таблоны көрсетеміз. Орнымыздан айғайлап айтуға, не қол көтеруге болмайды.
1. Сөзжұмбақ шешу.
Тақтаға сөзжұмбақ жазылған плакат ілінеді, сосын оның 7 сұрағы оқылады, жауабын тапқан топ тақтаға шығып жазады. Әділқазылар бағасын қояды.
1. Онсыз астың дәмі жоқ. Бұл не? (тұз)
2. Тәтті тағам. (торт)
3. Үй құсы. (тауық)
4. Құс. (торғай)
5. Хабар алмасу құралы. (телефон)
6. Жидек. (таңқурай)
7. Үйдегі көгілдір экран. (теледидар)
2. Жұмбақ шешу.
Мұғалім жұмбақтар айтады, әр топ шешуін табады. Қай топ көп табады, сол көп ұпай жинайды.
Сырт – сырт соғады,
Уақыт озады. (сағат)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса-дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды. (ешкі)
Бір мойын, екі иық,
Тұрады киім киіп. (ілгіш)
Тікен, тікен тік пісте,
Қысы – жазы бір түсте. (шырша)
Әншейінше біреусің,
Қарай қалсаң екеусің. (айна)
Жүзгенде көлдің сәні өзі,
Судағы құстың нәні өзі. (аққу)
Ұшып жүрген гүл көрдім,
Қонғанда ұстап үлгердім. (көбелек)
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді. (жұлдыз)
10. Жер астында басы,
Жер үстінде шашы. (сәбіз)
3. Кестені пайдаланып сөз жаса.
Әр топ алдына бір бет қағаз беріледі, онда әріптер толтырылған кесте бар. Сол әріптерді пайдаланып, 8 отбасы мүшесінің атауын табу, қарындашпен қоршау.
Сөздер: ата, ана, іні, әке, тәте, апа, әпке, мен.
- Жақсы балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар, енді біраз ойын ойнап жіберейік. Ойынымыздың аты «Орныңды тап».
4. Пазл құрау.
Әр топ алдына пазл беріледі, қай топ дұрыс, тез құраса, сол топ ұпай алады.
5. Суреттің айырмашылығын тап.
Әр топ алдына 2 сурет беріледі, сол суреттен айырмашылықтарды табу керек. Қай топ тез және дұрыс тапса, сол топ ұпай алады.
6. Санамақтарды шеш.
Мұғалім санамақтар айтады, ал топ мүшелері санамақтағы сандарды табу керек, сонда ұпай алады.
Қанша қонақ?
Сансызбаев Сұлтан бүгін
Атап өтпек туған күнін.
Тойласуға Мақсат келді,
Самат, Сағат, Самғат келді.
Самал, Сара сосын келді.
Одан кейін Хасан келді,
Одан кейін Сымбат келді,
Бәрі қанша қонақ келді? (сегіз)
Кім үлкен, кім кіші?
Қасым бесте,
Хасан сегізде.
Сәуле Хасаннан екі жас кіші,
Қасымнан бір жас үлкен.
Кім үлкен, кім кіші? (Сәуле алтыда)
Шұнақ құлақ бір ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрі нешеу айта ғой? (он үш)
Табақта үш шие,
Қолыңда бес шие,
Қосқанда барлығын
Болады неше шие? (сегіз)
Алма ағашта үш алма,
Қандай тәтті, жесе алма!
Үшеуінде жеп қойсаң,
Қалады онда неше алма? (жоқ)
- Өте жақсы балалар, міне біздің сайысымыздың турлары да аяқталды, қазір әділқазылар алқасы өз шешімдерін қабылдағанша, біз ойын ойнайық.
-Жақсы балалар, өз орнымызға отырайық, сөз кезегін қазылар алқасына берейік.
Жеңімпаз топ анықталып, мақтау қағазы табыс етіледі.
- Міне, балалар, осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды, келіп қатысқандарың үшін, рахмет! Сайыс өте қызықты, әрі тартымды өтті деп ойлаймын, сендер соған келісесіңдер ме?
- Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, келесі кездескенше сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |