Қазақ балалар әдебиетіндегі жақсы-жаман кейіпкерлер бейнесі



Дата09.02.2023
өлшемі1,26 Mb.
#66493

Тақырыбы: «Қазақ балалар әдебиетіндегі жақсы-жаман кейіпкерлер бейнесі»
3 «А» сынып оқушысы: Искужанова Айя
Секциясы: Қазақ тілі, әдебиеті
Ғылыми жетекші: Абильдинова Жанат Қамысбаевна 
Тақырыптың өзектілігі:
1) 2022 жыл ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың арнайы шешімімен «Балалар жылы» деп аталды. Сол себепті, бізге, яғни, балаларға бар жақсыны ұсына отырып, қандай мінездер жақсы, қандай адам болуымыз керек, не үйренуіміз керек деген сияқты сұрақтарды анықтау маңызды деп санаймын.
2) Кез келген қоғамда балаларға үлгі болатын кейіпкерлер керек. Яғни, қазақ ертегілеріндегі жақсы кейіпкерлерден үлгі алып, жаман кейіпкерлердің бойында кездесетін қылықтардан аулақ болуын үйрету.
Жұмыстың мақсаты:
Қазақ ертегілеріндегі жақсы және жаман мінездердің суреттелуін ашу;
Әрекеттерінің жағымды не жағымсыз болып саналуының себептерін ашу.
Жұмыстың міндеті:
  • қазақ ертегілеріндегі жақсы және жаман түсініктерді талдау;
  • осы екі қасиеттің адамдар ортасындағы орнын анықтау;
  • жақсы адамның өмір сүру кеңістігін, ертегідегі екеуінің ортақтаса
  • өмір сүруін, тартыс пен қайшылықтарын беунелеуін айқындау;
  • жақсы кейіпкерлерге тән талдау жасау;
  • жаман адамның белгілерін көрсету.

  • Жобаны жазу кезінде салыстыру, талдау, баяндау әдістері қолданылды.

Ертегінің жақсы – жаман адамдар ортасы туралы алғашқы түсінік негізі екендігін ескере отырып, оның шығармадағы суреттелуін бірнеше топтарға бөлдік.

1. Жақсы кейіпкердің отбасындағы орны.

2. Кейіпкердің жақсы болуына ықпал ететін орта.

3. Кейіпкердің жақсы-жаман қасиеттері сыналатын орта.

4. Жақсылығының өзінен бұрын жетуі.

5. Жақсылыққа берілетін сый.

Жақсы кейіпкердің отбасындағы орны.


Ертегі кейіпкерлері – балалар. Сондықтан да олардың бейнесі отбасынан басталады. Отбасында балалардың жақсы болып өсуіне қажет тұстар да ертегілерде маңызды екенін көрсетеді.
Төстіктің жақсылығы – отбасындағы әке-шешесін сақтады, үміттерін жақты, орындарынан тұрғызды, жоғалған ағаларын іздеді. Осы жақсылығының өтеуіне кейінгі оқиғалар тізбектеліп кете береді.

Кейіпкердің жақсы-жаман қасиеттері сыналатын орта.


Ертегілерде кейіпкердің жақсы-жаман екендігі міндетті түрде сыналады. Бұл сыналатын орта батырлар жырындағыдай майдан даласы емес. Ертегіде ол ақыл мен күшті қатар қояды. Кейіпкерге ақыл мен мейірім керек, ал күшті оған жаратылғанда берілген.
  • Арнайы топ алдында өзінің жақсылығын дәлелдейді.

  • («Аяз би» ертегісі).
    2. Жетім балаға көмектесіп, жолға шығады.
    («Керқұла атты Кендебай»)
    3. Хан мен уәзірдің айтуымен алыс сапарға аттанады
    («Күн астындағы Күнікей қыз»)

Жақсылығының өзінен бұрын жетуі.


Ертегілерде бас кейіпкерлер тек жақсы жағынан ғана суреттеледі. Олардың жақсылығы бір мінездерінің маңына топтасады. Ол – адалдық, шыншылдық, мейірім. Сондықтан да олардың жақсы мінездері туралы өздері баратын мекенге дейін атақтары бұрын жетеді.
Жақсылыққа берілетін сый.
Ертегінің өзге туындылардан ерекшелігі жақсылыққа берітелетін сыйдың бар екендігін айтады. Ертегілердегі кейіпкерлердің жақсы болуынан кейін де оқиғаның соңы бас кейіпкердің бақытқа жетуімен аяқталып отырады.

ЖАҚСЫ МЕН ЖАМАННЫҢ ОРТАҚТАСА ӨМІР СҮРУІ


Ертегілердегі кейіпкер бойындағы жақсы қасиеттер олардың түрлеріне байланысты да жіктеледі.
Қиял-ғажайып ертегілерде кейіпкерлер: батыр, күшті, кейде аңғал, сенгіш, мейірімді, уәдеге берік.
Шыншыл ертегілердегі кейіпкерлер: адал, еңбекқор, қайратты, мейірімді.
Қорыта келгенде, ертегілерде жаман кейіпкерлер әрқашан жақсы кейіпкерлерден жеңіледі. Қазақ ертегілерінде жаман кейіпкер аса кездесе қоймайды. Ертегілердегі сабырсыздық, еңбектен қашу, өтірік айту, алдау мен арбау – кейінгі адамдар қоғамы топтана бастаған шақтың белгілері.
Ертегідегі жаман кейіпкерлер қиял-ғажайып ертегілерде екінші бір түрге ауысып кетеді, ал шыншыл ертегілерде ақылды, жақсы адамдарға орнын босатып өздерінің қателіктерін мойындайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет