1.Денелердің инерттілігінің өлшемі бола алатын физикалық шама: Масса 2.Өте төмен температурада металл кедергісінің күрт кеміп, жойылу құбылысы: Асқынөткізгіштік 3.Инерция заңын ашқан ғалым: Г.Галилей 4.Іштен жану қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті: механикалық энергия үлесін білдіреді. 5.Кристалдану кезінде дене температурасы: Тұрақты болады 6.Әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы: Шу 7.Электролиз кезінде электродтарда бөлініпа шыққан зат массасын анықтайтын заң: Фарадей заңы 8.Электрон антибөлшегі: Позитрон 9.Жылжымайтын блок: күштен ұтыс бермейді. 10.Жылжымалы блок: күштен 2 есе ұтыс береді. 11.Ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал: психрометр 12.Дыбыс биіктігін анықтайды: Тербеліс жиілігі 13.Кез келген инерциялық жүйеде барлық физикалық құбылыстар бірдей жағдайда бірдей өтеді. Бұл тұжырымдама: Эйнштейннің 1-ші постулаты 14.Тербелмелі контур: катушка және конденсатордан тұрады 15.Атом ядросының құрамы: Протон және нейтрон. 16.Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс кезінде: жылдамдық тұрақты 17.Дене импульсінің өзгерісі: күш импульсына тең. 18.Идеал газ жұмысы нөлге тең процесс: Изохоралық.
19.Изотермиялық сығылу процесінде идеал газдың ішкі энергиясы: өзгермейді 20.Электрон мен протонның заряд таңбалары: электрон-теріс, протон-оң 21.Дененің шын және кішірейтілген кескінін беретін оптикалық аспап: фотоаппарат 22.Герметикалық жабық ыдыстағы идеал газдың ішкі энергиясы кемитін процесс: изохоралық салқындау 23.Егер біратомды идеал газ тек алған жылу есебінен ғана қызатын болса, онда газда жүретін процесс: Изохоралық 24.Механикалық қозғалыс: дененің кеңістіктегі орнының санақ денелері ретінде алынған басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгерісі 25.Броундық қозғалысты түсіндіруге болады: тек қана молекулалы-кинетикалық теорияның негізінде 26.Вакуумда электр зарядын тасымалдаушылар: тек қана электрондар 27.Сұйықтықта электр зарядын тасымалдаушылар: оң және теріс иондар Газдада электр тогын тасымалдаушылар: электрон және оң,теріс иондар 28.Металдардағы электр тогын тасымалдаушылар: электрондар 29.Жартылай өткізгіштердегі электр зарядын тасымалдаушылар: кемтіктер мен электрондар 30.Көз бұршағының көмегімен алынған кескін: шын, төңкерілген, кішірейтілген 31.Электромагниттік процесс кезінде пайда болған индукциялық токтың бағытын анықтайтын ереже: Ленц ережесі 32.Ампер күшінің бағыты:тік жоғары 33.Бірлік зарядты тасымалдау үшін бөгде күштер жұмысымен анықталатын шама:ЭҚК 34.Бірлік заряд бергенде потенциалдар айырымы 1 В-ке өзгертетін:электр сыйымдылығы 35.Бірлік көлемдегі молекула саны:молекула шоғыры 36.Толқын ұзындығы ең үлкен сәуле:радиотолқын 37.Дискінің айналасында пайда болған түрлі түс:интерференция 38. Көлік майының су бетіне түсіп түрлі түске боялуы: интерференция 39.Массаслық сан дегеніміз: ядродағы нуклондар саны 40.Вакуум арқылы ток өткенде электр тогының қандай әрекеттері байқалады:тек магниттік 41.Салқын күйде абсолют қара дене жұтатын сәуле:барлық түсте 42.Жарық интенсивтілігі 3 есе артса, максимал кинетикалық энергиясы:өзгермейді 43.Айнымалы ток кернеуін түрлендіру үшін қолданылатын аспап:транформатор 44.Механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін құрылғы:генератор 45.Электромагниттік өріс:құйынды өріс 46.Радиоактивті сәулелердің ішіндегі ең көп иондалатыны:альфа 47.Диффузия құбылысы ең жылдам тарайтын орта: газ 48. Газдың берілген массасы үшін тұрақты температурада жүретін процесс:изотермалық 49. Вакуум арқылы ток өткенде электр тогының қандай әрекеттері байқалады:тек магниттік 50.Кризистік температурадан төмен температураға дейін суығанда, кедергісі күрт жойылатын құбылыс: асқын өткізгіштік