Математика ғылымы – сандық қатынастарға негізделген кеңістіктің нысандарын зерттейтін сала. Математика ғылымының тарихын зерттеу арқылы оны кім және қашан ойлап тапқанын анықтауға болады. Кеңес заманының математиктері математика ғылымының пайда болу тарихын төрт түрлі кезеңге бөліп қарастыруды ұсынған болатын, яғни:
1) бірінші кезең – өте ерте заманнан бастап біздің заманымыздан бұрынғы VI-VII ғасырлар аралығын қамтыды. Бұл кезеңде математика ғылымы тікелей адамдардың тәжірибесіне байланысты болды, сол арқылы математика ғылымы жөнінде ең алғашқы деректер жинақталып, ережелер жинағы жасалып шығарылды;
2) екінші кезең – бірінші кезеңнің соңы мен XVII ғасыр аралығын қамтыған болатын. Бұл кезеңде математика ғылымы ең алғаш рет дербес ғылым саласы болып қалыптасты. Сонымен бірге, бұл кезең тарихта тұрақты шамалар кезеңі деп аталады, өйткені дәл осы уақытта алгебра, геометрия сияқты пәндер қалыптасты;
3) үшінші кезең – екінші кезеңнің соңы мен XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Тарихта бұл кезң айнымалы шамалар кезеңі деп көрсетілген және дәл осы аралықта жоғары математика қалыптасқан болатын;
4) төртінші кезең – үшінші кезеңнің соңы мен XX ғасыр аралығын алып жатыр. Дәл осы кезеңде математика ғылымының негізгі мәселелері мен қиындықтары қарастырылып, тиісті шешімдерді табуға әрекеттер жасалған. Сонымен бірге, бұл уақыт аралығы тарихта – қазіргі математика кезеңі деп аталып жүр.
Жалпы математика ғылымының бастапқы кезеңдегі деректері әлем халықтарының барлығында да болды. Мысалы, ежелгі Египетте ең алғаш рет күнтізбелер жасау, құрылыс жобаларын сызу, әр түрлі нәрселерді өлшеу және Ніл өзенінде кеңінен қолданылған кемелерді құрастыру сияқты тоқтаусыз жасалған әрекеттер салдарынан ең алғашқы математикалық дағдылар қалыптаса бастады. Тіпті египеттіктер математикада қарапайым деп саналатын арифметикалық төрт түрлі амалды қолдана отырып, үшбұрыш, төртбұрыш және трапеция сияқты фигуралардың аудандары мен көлемдерін дәл таба білген. Одан бөлек, Вавилон халқы ең алғашқы болып санау жүйесін қалыптастырған, сонымен бірге, сандарды көбейту, бөлу, дәрежесін табу, қарапайым және күрделі теңдеулерді шешу, бұрыштарды өлшеу сияқты маңызды математика элементтерін анықтап, тригонометрия саласының қалыптасуына жол ашып берген. Әлемге әйгілі Пифагор теоремасын да осы вавилондықтар ойлап тапқан болатын. Қытай мемлекеті – математика ғылымының дамуында шешуші рөл атқарған, өйткені қытайлықтар ең алғаш рет иероглифтерді ойлап тапты да, қазіргі таңда тригонометрияда қолданып жүрген синус, косинус және тангенс, катангенс теоремаларын дайындап шығарды. Сол арқылы қытайлықтар математика ғылымы пайда болуының тарихи екінші кезеңін толықтай ашып берді.
Жоғарыда аталып өткен мәліметтерге қарамастан математика ғылымы нақты қайда және қашан пайда болды, оны кім ойлап тапты деген орынды сұрақ туындайды. Тарихшылар жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес математика ғылымы IV ғасырда ең алғаш рет ежелгі Мысырда пайда болған және оны ойлап тапқан – мысырлықтар болды. Мысыр халқының күнделікті тұрмыста Ніл өзенін жиі пайдалануы салдарынан сауда-саттық кемелерін жасап шығару және егіншілік жерді суару үшін аумақтың көлемін есептеу қажеттілігі туындады. Дәл осы қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында мысырлықтардың тарапынан кез келген нәрсені өлшеп, есептеуге қатысты тоқтаусыз жұмыстар атқарылды, нәтижесінде өмірге қыр-сыры толықтай ашылмаған математика ғылымы келді.
Қорытындылай келе, математика ғылымы – білім саласындағы өзге де ғылым салаларына, атап айтқанда химия, физика, сызу, астрономия сияқты салаларға жол ашып берген өте көне әрі ұлы ғылым саласы болып саналады. Математика ғылымының дамып, тереңінен әрі толықтай зерттелуі үшін шетелдік және қазақстандық математиктер үлкен еңбек ете білді. Сондықтан да математика ғылымына оңай зерттеле қоймаған, тек қана тоқтаусыз әрекеттер мен үлкен еңбектің нәтижесінде қалыптасқан ғылым саласы ретінде қарастырған жөн.