Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институты Информатика және білімді ақпараттандыру Кафедрасы
Хабарлама
Қазақстанда білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау
Тексерген: п.ғ.д., профессор.Омарова С.А.
Орындаған: 7М01507 Информатика мамандығының
2 курс магистранты Сансызбай Г.Б.
Алматы,2022
Оқыту үдерісінің мiндеттi компоненттерiнiң бiрi оқыту нәтижелерiн тексеру немесе бақылау болып табылады.
Бағасыз бағалау бір жағынан тиімді болды, себебі оқушылардың біршамасында дербес, өз бетінше оқу қабілеттерін дамытты.
Орта ғасырда Германия мектептерінде алғаш рет үш баллды бағалау жүйесі пайда болған. Әр балл сынып оқушыларының үлгерімін, басқа оқушылардың үлгерімімен алатын орнымен, дәрежесін білдірген. /1-ші-өте жақсы, 2-ші орташа, 3-ші нашар/. Кейін орташа дәрежені иеленген оқушыларды сыныптарға бөлген. Ресейде бес баллдық шкаланы алып пайдаланған. Осыдан барып баллға басқаша мән бере бастаған. Баллдың көмегімен оқушылардың дүниетанымын бағалауға тырысқан. Мұндай көзқарас негізінде Базедовтың 12 баллдық бағалау жүйесі орнайды. Базедов Иоганн-Бернгард /1724-1790/ неміс педагогы, филонтропизмнің педагогикалық ағымының негізін салған. 1774 жылы Дессау қаласында тәрбиелеу мектебін ашқан. Бұл мекемеде тәрбиеленушілерді мадақтау үшін өзіндік ерекше бір мадақтау жүйесін қолданған. Мақтау негізінде арнаулы тақта болған. Осы тақтаға оқушылардың аты жөні жазылған. Аты-жөндерінің жанына нүктелер қойған. Осы нүктелердің санына қарай тәрбиеленушілерге жеңілдіктер мен жетістіктерді тағайындаған. Жинақталған нүктелер санына қарай тәрбиеленушілерді қандайда бір үздік белгімен немесе тәттілермен марапаттаған. Нүктелердің саны он екіге шектелген. Кейінірек нүктелерді жеке жауаптарға және оның сапасы мен дұрыстығына қарай қойылған. Мектеп тәжірбиесіне енген әртүрлі елдердің бағалары әлеуметтік маңыздылығына ие болған. Оқытудың бағалау жүйесінің кемшілігі XIX ғасырда орта кезінде байқалған. Баллдық бағалау жүйесіне көптеген педагогтар қарсы болған. Себебі олардың ойынша балл /сан/ арқылы баланың адамгершілік сапалары мен баланың еңбек жағдайы бағаланбайды деп санаған. Педагог тек қана әр оқушының білім деңгейін, дағды мен іскерлігін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар әр оқушыға және олардың ата-аналарына оқытудың жетістіктерін оқуға үлгермеушілік жағдайларын түсіндіре отырып меңгерту қажет. Осының негізінде үлгермеушіліктің себебін анықтап беру міндеті жүктелген.
1917 жылы Ресейде бағасыз оқыту идеясы әрі қарай өз дамуын жалғастырды.
Баланың оқу және тәрбие саласындағы жетістігі тікелей мотивацияға байланысты. Барлық жинақталған білімді меңгерудегі ынталандырудың әсері, дағды мен әдеттерді қалыптастыруы, өзінің белгілі жеке сапалы қасиеттерін жетілдіруіне байланысты.
Барлық қабілеттер баланың жетістікке жетуіне кепілді бола алмайды. Қажетті мотивацияның баланың бойында болмауы оқу әрекетіне бейімделмейді және сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда да аз белсенділік көрсетеді. Мотивацияның тапшылығы болған жағдайда бар мүмкіндіктері қабілетке айналмайды, интеллектуальді және жеке қабілеттері өте бояу дамиды. Қолайлы жағдайдың болмауы да әсер етеді. Қорытынды нәтижесінде баланың жеке дамуы қалыптасып, жаңа біліммен, әдеттерді қажеттілік ретінде сезіп, өзін-өзі жетілдіруге және дербес дамуын жетілдіруге тырысады.