Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, оны өткізу əдістері
Lesson Objectives:
1.Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны
жəне негізгі түрлері.
2. Математикадан факультативтік жұмыстар.
Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар – жалпы білім беретін
мектептердегі оқу–тəрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты –
оқушылардың
математикаға
деген
қызығушылығын
арттыру,
шығармашылық қабілеттері мен дербестіктерін жан–жақты дамыту.
Сонымен бірге, оқушыларды өзіндік жəне ғылыми–зерттеу жұмыстарының
ең қарапайым дағдыларын үйретуге баулуға жол ашу.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды міндеттері:
а) оқушылардың танымдық белсенділігі мен пəнге
деген ынтасын
қалыптастыру;
б) математикалық білімдерін тереңдету;
в) дүниеге ғылыми көзқарастарын кеңейту болып табылады.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды мазмұны жағынан
екі топқа бөлуге болады.
1. Бағдарламадағы материалды қосымша өту.
2. Математиканы ерекше қабілетпен
қызығып оқитын оқушылармен
жүргізілетін жұмыстар.
Бірінші бағыт əр түрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген
оқушылармен жүргізіледі. Мұндай оқушылармен дайындық мүмкіндігінше
жүйелі түрде, əр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Оның негізгі
мақсаты математика курсы бойынша оқушы
білімі мен дағдарысындағы
кемшіліктерді дер кезінде жою.
Екінші бағыты математиканы ынтамен оқитын оқушыларға арналады. Ол
төмендегідей мақсаттарға жауап береді.
оқушылар ерікті түрде пікір алмасып, өз ойларын жасқанбай ортаға
салулары қажет.
Математика үйірмесінің мазмұны мына мəселелерді қамту керек.
- жалпы білім беретін теориялық бағдарламалар;
- математика тарихынан хабарлар;
- ұлы математиктердің өмірі мен қызметі;
- қызықты, логикалық жəне тарихи есептерді шығару; - қиынырақ есептер
шығару (стандарт емес есептер); - қолданбалы есептер қарастыру;
- математикалық кеш өткізуге дайындық жүргізу;
- оқушыларды математика жөніндегі жаңа əдебиеттермен таныстыру.
IV-VIII сыныптардағы үйірме жұмыстары мен математикалық кештер
оқушыларға ерекше қиындық келтірмейтіндей,
олардың ғылымилығынан
гөрі қызықтылығы басым болуы керек.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды түрлерінің бірі –