Математикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмалары



Дата05.04.2023
өлшемі20,5 Kb.
#79468
Байланысты:
Ìàòåìàòèêàëû? ñàóàòòûëû? áîéûíøà òåñò òàïñûðìàëàðû


Математикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмалары.
1. Бір аптада кассадан киноға сатылған билеттер диаграммасы көрсетілген. Бір күнде 500 билет сату жоспарланған. Қай күндері жартысынан көп, бірақ 300-ден аспайтын билеттер сатылды?
A) сәрсенбі, бейсенбі
B) сейсенбі, дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі
C) сейсенбі, жексенбі
D) дүйсенбі, бейсенбі
E) дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі
2. Әсем пойыздың басынан есептегенде жетін­ші вагонға отырды. Мадина пойыздың со­ңы­нан есептегенде жетінші вагонға отыр­ды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Пойызда неше вагон бар?
A) 13 B) 15 C) 11 D) 12 E) 14
3. Гүлдананың осыдан үш жылдан кейінгі жасы осыдан үш жыл бұрынғы жасынан үш есе артық. Гүлдана қазір неше жаста?
A) 9 B) 6 C) 4 D) 10 E) 86. 
4. Егер тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігі­нің 60%-ына тең болса, қазір сағат неше бола­тынын табыңыз.
A) 14 сағ
B) 14 сағ 40 мин
С) 15 сағ
D) 7 сағ 20 мин
E) 3 сағ
5. Сымды 18 бірдей бөлікке бөлді. Егер сымды 12 бірдей бөлікке бөлетін болса, онда бөліктің ұзындығы 8 см-ге артады. Сымның ұзындығын анықтаңыз.
A) 312 см 
B) 272 см 
C) 288 см
D) 256 см 
E) 264 см
6. Саматтың үйі мен тоғанның арасын қосатын жолдың жиегінде 17 ағаш өседі. Самат олардың кейбіреулерін қызыл таспамен мына ережеге сүйеніп белгіледі: тоғанға бара жатып ол бірінші ағашты, сонан соң әрбір екінші ағашты белгіледі. Үйге қайтып келе жатып, ол тағы да бірінші ағашты, сонан соң әрбір үшінші ағашты белгіледі. Белгіленбей қалған ағаштардың санын көрсетіңіз.
A) 7 B) 6 C) 5 D) 8 E) 4
7. Көк базарда салмағы бойынша екі қауын үш асқабаққа, ал үш асқабақ бір қар­быз­ға тең болса, онда бір қарбыз неше қауын­ға тең екенін анықтаңыз.
A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 6
8. Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 29 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 30 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз
A) 28 B) 25 C) 20 D) 26 E) 19
9. А, В, С, D нүктелері бір түзудің бойында жатыр. АВ ара қашықтығы 100 см, АС арасы 12 см, ал В-дан D-ға дейін 35 см. D-дан С-ға дейінгі қашықтық 123 см болса, В-дан С-ға дейінгі ара қашықтықты табыңыз.
A) 88 см B) 112 см C) 51 см D) 135 см E) 75 см
10. Кітап беттері 559 цифрмен нөмірленген. Егер кітап беттері оның үшінші бетінен бастап нөмірленсе, кітапта барлығы неше бет болғаны?
A) 222 B) 225 C) 224 D) 221 E) 223
11. Балауса мен Жансезім төмендегі тоғыз санды өзара бөлісіп алды:1, 3, 7, 8, 9, 11, 14, 25, 32Әркім өзіне төрт сан алды және бір сан артық қалды. Балаусаның сандарының қосындысы Жансезімнің сандарының қосындысынан үш есе көп болса, артық қалған санды анықтаңыз.
A) 3 B) 11 C) 14 D) 8 E) 9
12. Сымнан қабырғасы 16 см тең қабырғалы үшбұрыш құрастырылды. Егер осы сымды жазып, одан квадрат жасаса, онда оның ауданын табыңыз.
A) 144 см2 B) 100 см2 C) 81 см2 D) 36 см2 E) 64 см2
13. 5, 8, 4 және 1 төрт цифрымен жазылған ең үлкен және ең кіші төрт таңбалы сандардың айырмасын табыңыз.
A) 4393 B) 7056 C) 4356 D) 7083 E) 4383

14. Сандар белгілі бір заңдылықпен берілген. Бесінші санды табыңыз:22; 202; 2002; ...


A) 20002 B) 200000 C) 200002 D) 22000 E) 20000
15. Сыныпта математикадан 10 есептен құралған олимпиада өткізді. Әрбір дұрыс шығарылған есеп үшін 5 ұпай қосылатын, ал әрбір қате шығарылған есеп үшін 3 ұпай алынып тасталатын. Оқушылардың біреуі барлық есепті шығарып (дұрыс немесе қате) 26 ұпай жинады. Ол қанша есепті дұрыс шығарғанын анықтаңыз.
A) 5 B) 8 C) 6 D) 7 E) 4

Жауаптары:


1)C; 2)A; 3)B; 4)C; 5)C; 6)D; 7)A; 8)E; 9)A; 10)A; 11)C; 12)A; 13)D; 14)C; 15)D;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет