«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде 1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары



бет17/48
Дата31.12.2021
өлшемі4,87 Mb.
#23371
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Синтезді анализ арқылы бөлінген бөліктерді ойша немесе практикалық түрде біріктіру деп түсінеміз. Анализдеу үрдісінде күрделіден қарапайымға, бір түрліден екі немесе көп түрліге, нақтыдан абстрактіліге, белгісізден белгіліге, салдардан салдар туғызған себепке қарай қозғалады, ол синтезде керісінше жүреді.

Математиканы оқыту үрдісінде кең түрде қолданылатын аналитикалық және синтетикалық әдістерге тоқталайық:



Элементар анализ және синтез.

Математикада элементар анализ бүтінді құрамды бөліктерге ажырату, ал элементар синтез сол құрамды бөліктерді қайтадан бүтінге жинақтау ретінде қолданылады.



Қолдану мысалдары:

  1. Элементар синтез ұғымының елеулі қасиеттерін біріктіреді;

  2. Ұғымдарды жіктеуде (классификацияда) қолданылады;

  3. Көптеген математикалық сөйлемдерді дәлелдеу барысында оларды бөліктерге ажырату керек болады, яғни элементар талдау қолданылады,

  4. Мектеп геометрия курсындағы кез келген аксиома элементар синтездің мысалы болады;

  5. Бір жиынды екінші жиынға изоморфты бейнелеуде синтез жүзеге асады.

Индукция және дедукция.

Индукция және дедукция өзара байланысты таным әдістері. Индукциы (латын. Inducti – бағыттау), дедукция (латын. Deductio – қорытындылау) терминдерінің үш мәні бар:

1.ой қорытындысының түрлері

2.зерттеу әдістері

3.материалды баяндау формалары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет