Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: математиканы оқыту әдістемесінің негіздемелеріне, оның қазіргі даму жағдайларына қатысты мәселелерді шешу қабілетін білім алушыларға дарыта алу, ақпараттық технологияларды пайдалану, ғылыми жұмыстармен шұғылдану құзіреттіліктерін меңгеру.
Пререквизиттер: ЖОО-да өтілген Педагогика, Психология, Геометрия, Алгебра және сандар теориясы, Математикалық талдау.
Постреквизиттер: Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, педагогикалық практика
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер:
Пәнді меңгеру нәтижесінде студент келесі білімді игереді:
Математика пәні бойынша ұзақ және қысқа мерзімді жоспарлар құруды үйренеді;
Математиканы оқытудағы ғылыми әдістерді үйренеді;
Математикалық ұғымдар, сөйлемдер және оларды үйренудің әдістемесін меңгереді;
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасы бойынша жұмыстар жасауды меңгереді.