Мазмұндама жұмысының түріне материал жинақтау және жаздыру әдістемесін көсету



бет1/2
Дата17.04.2022
өлшемі40,98 Kb.
#31284
түріМазмұндама
  1   2

    1. Дайын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндама жұмысының түріне материал жинақтау және жаздыру әдістемесін көсету.

Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі. Мысалы, «Қарлығаш пен торғай» әңгімесін алайық. «Қарлығаш ұя салды. Дайын ұяға торғай орналасып алды. Торғайға қарлығаштың жалғыз өзінің шамасы келмеді. Ол көмекке басқа қарлығаштарды шақырды. Қарлығаштар түгел жиналды. Олар торғайды ұядан қуып шықты. Сөйтіп, қарлығаш өз ұясына қайтадан қоныстанды».

Бұл мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мұғалім үлкен қағазға алдын ала жазып дайындап алып келеді де, тақтаға іле қояды. Мәтінді оқымас бұрын мұғалім балалардың торғайды, қарлығашты көрген – көрмегендерін, бұл құстарды бір – бірінен қалай ажыратуға болатынын, яғни олардың бір – бірне қандай өзгешеліктері барын бұл құстар жөнінде қандай ертегілер, әңгімелер білетіндерін сұрап, ауызша ауызша әңгіме айтқызады. Мұндай әңгімені 1 – 2 күн бұрын ұйымдастыруға да яки сол мазмұндама жазатын күні ұйымдастыруғада болады. Торғай мен қарлығаштың үлкейтіп салынған сурет немесе муляжы болса, тіпті жақсы. Сабақ басталғаннан кейін дайын мітінді балалар оқып шығады. Мәтіннің ішіндегі дайын, орналасып алды, шамасы келмеді, қоныстанды сөздері түсіндіріледі. Бұл сөздер синонимдері арқылы (дайын - әзір, шамасы келмеу - әлі жетпеу, күші жетпеу, орналасып алу – ұяға кіріп алу, ұяны меншіктепніп алу, ұяны иемденіп т.б.)ұғындырылады.Сонан кейін балаларға орфографиялық жағынан қиындық келтіретін ұя, қарлығаш, орналасып алды, шамасы келмеді, көмекке, қоныстанды, дайын, торғай сияқты сөздер тақтаға жазылады. Орфографиясы қиын сөздерді немесе сөз тіркестерін сыныпта түбір күйінде я тұйық рай формасында бермей, мәтін формасында берген жөн. Ал кейбір әр түрлі жалғаулар жалғанып, бірнеше рет қайталанып, түрлі тұлғада кездесетін сөздерді түбір күйінде немесе тұйық рай формасында көрсетуге болады. Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мұнда балалар мәтіндегі сөйлемнің құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады, көру, есту анализаторлары қызмет атқарады.

Мәтін оқылып болғаннан кейін, сыныпқа сұрақ қойылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып, оқушылар тақтадағы мәтінге қарап сұрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді тұтас бір оқып шығады. Осындай жұмыстардан соң мұғалім тақтадағы мәтінді жауып қойып, екінші тақтадағы алдын ала жазылып қойылған сұрақтарды ашады.

Мазмұндаманың бұл түрінде мәтін бойынша қойылатын сұрақтар мәтін құрылысын, тәртібін өзгертпей тек ондағы сұраулардың орнына ғана бір – екі сөз қою мақсатын қамтиды. Мысалы, жоғарыдағы мәтін бойынша мынадай сұраулар қоюға болар еді. Қарлығаш не салды? Ұяға не орналасып алды? Қарлығаш басқа қарлығаштарды неге шақырды? Көп қарлығаш ұядан нені қуып шықты? Қарлығаш қайда қоныстанды? Бұл сұрақтарға оқушылар мәтін есте қалғандары бойынша тағы да ауызша жауап қайтарады. Әуелі әр сұраққа жеке – жеке жауап алынады да соңынан қорытынды ретінде барлық сұраққа бір оқушы немесе екі – үш сұрақтан екі оқушы жауап береді. Балалар осы қайырған жауаптарын, тақтадағы сұрақтарға сүйене отырып, жазуға кіріседі.

Жазуға кірісер алдында тақтадағы сұрақтардың құрылысы мен тәртібін өзгертпей, ондағы сұраулардың орнына ғана сөз тауып жазу керектігін балаларға аңғартқан дұрыс.

Дайын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндаманың ІІ түрі.

Мұнда мәтіннің мазмұн тәртібі сақталады да, сыртқы түрі аз – кем өзгертіліп жазылады. Мазмұндаманың бұл түрінде балалар қойылған сұрақтардың кейбір сөздерін қайталайды да, негізінен сұрақтарға өз сөздерімен жауап қайтарады. Мысалы, мына сияқты мәтін алынды делік:

«Қыс түсті. Өзен қатты. Марат пен Ерден конькилерін алды. Олар өзенге барды. Өзен жалтыр мұзға айналыпты. Олар мұз айдынында коньки тепті. Балалар онда ұзақ жүрді. Ерден қолын домбықтырып алыпты». (29 сөз).

Бұл мәтін бойынша жүргізілетін жұмыс та, алдыңдағыдай, яғни мұғалім: қыста ауа райының қандай болатыны, қысты гүні балалардың ойнайтын ойындарының түрлерін сұрақ – жауап арқылы әңгімелейді, қыста балалардың қандай ойынды жақсы көретіндіктерін айтқызады. Осындай әңгіменің жалғасы ретінде: - Енді сендер сияқты, Марат пен Ерденген балалардың да қыста қандай ойынды жақсы көретіндіктерімен танысайықшы, - деп, мұғалім мәтінді өзі біррет оқып шығады, сонан соң, алдыңғы көрсетілгендей, балалар екірет оқиды, талдайды; мұз айдыны, домбықтыру сөздерінің мағыналары түсініктеме сөздер арқылы түсіндіріледі. Коньки, мұз айдыны, домбықтырып сөздері тақтаға жазылып, оларды көшіру керектігі ескертіледі. Мәтін бойынша мынадай сұрақтар қоюға болады: Қыс жөнінде не айтылған? Өзен жөнінде ше? Марат 

пен Ерден конькилерін алды. Олар өзенге барды. Өзен жалтыр мұзға айналыпты. Олар мұз айдынында коньки тепті. Балалар онда ұзақ жүрді. Ерден қолын домбықтырып алыпты». (29 сөз).

Бұл мәтін бойынша жүргізілетін жұмыс та, алдыңдағыдай, яғни мұғалім: қыста ауа райының қандай болатыны, қысты гүні балалардың ойнайтын ойындарының түрлерін сұрақ – жауап арқылы әңгімелейді, қыста балалардың қандай ойынды жақсы көретіндіктерін айтқызады. Осындай әңгіменің жалғасы ретінде: - Енді сендер сияқты, Марат пен Ерденген балалардың да қыста қандай ойынды жақсы көретіндіктерімен танысайықшы, - деп, мұғалім мәтінді өзі біррет оқып шығады, сонан соң, алдыңғы көрсетілгендей, балалар екірет оқиды, талдайды; мұз айдыны, домбықтыру сөздерінің мағыналары түсініктеме сөздер арқылы түсіндіріледі. Коньки, мұз айдыны, домбықтырып сөздері тақтаға жазылып, оларды көшіру керектігі ескертіледі. Мәтін бойынша мынадай сұрақтар қоюға болады: Қыс жөнінде не айтылған? Өзен жөнінде ше? Марат пен Ерден не істеді? Ерденге не болды?

Дайын әңгіме бойынша мазмұндаманың үшінші түрі: мәтіннің мазмұнын сақтай отырып, сыртқы түрін өзгертіп жазу. Мұнда оқушылар 1 жақпен баяндалған оқиғаны ІІІ жақпен, немесе, керісінше мазмұндап береді.

Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың IV түрі – ықшамдап мазмұндау. Бұл кейде методикалық әдебиеттерде қысқаша түрде мазмұндау депте қолданылады. Мазмұндаманың алдыңғы түрлері сияқты, ықшамдап мазмұндау да балаларды шығармашылық жұмысқа дағдыландырады. Мұнда оқушылар мәтінді емін – еркін игеріп, қажетті жерін алып, өз ыңғайына икемдеп, қажетсіздерін қалдырады. Ал мұның өзі мәтіндегі негізгі ойды аңғаруға, мәтіннің мазмұнын сұрыптап, таңдап, талғап алуға үйретеді, ойды аз сөзге сыйғызып айтуға, сөзді таңдап қолдануға, Сөйлем құрауға дағдыландырады, тілдерін дамытады.

Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың V түрі – толықтырып мазмұндау. Бұл ықшамдап мазмұндауға керісінше, аз сөзден көп мағына тудыру, берілген сөйлемдердің төңірегінде жаңа ойлар тапқызу мақсатында жүргізіледі. Мұнда белгілібір әңгіменің жеке бөлімдерін сипаттайтын бірнеше сөйлем беріледі. Сол сөйлемдерді толықтырып, таға да бірнеше сөйлем қосып, балалар түсінікті бір сюжетке құрылған әңгіме айтып беруге және жазып беруге тиіс. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілдерін байытуға, сөйлем құрау шеберліктері мен ойын жүйелеу дағдысына төселуге үйретуде жұмыстың бұл түрінің атқаратын рөлі орасан зор.

Мұндай жұмысты ұйымдастыру үшін алынатын мәтін оқушылардың бұрын өз көздерімен көрген немесе оқыған материалдары шеңберінде болғаны жөн. Мысалы, балалар оқулықтан күз жөніндегі материалды оқығаннан кейін: «Балалар орманға барды. Қорықты. Қалың жеріне жүгірді. Адасып кетті. Дауысы естілді. Балалар үйлеріне оралды», сияқты мәтінді жазып қойып, балалардың орманды көрген – көрмегендерін, орманның қандай болатынын т.б. сұрайды. Сонан кейін балаларға: «Сен орманда адасып кетсең, не істер едің? Орманда қандай аңдар болады? Сен орманда аю көрсең, қайтер едің?» т.с.с. сұрақтар қояды. Бүгін балаларға бірнеше жұмбақ сөйлемдер берілетіні айтылып, соның шешуін табу керектігі ұсынылып, тақтадағы жазулы мәтін ашылады. Балалар аз – кем ойлағаннан кейін: Бұл жұмбақ – сөйлемдерде не жөнінде әңгіме болады деп ойлайсыңдар? (бұл сөйлемдерде балалардың орманға баруы адасуы жөнінде айтылады) – Балалар орманға көбіне жылдың қай мезгілінде барады? Балалар орманға неліктен күзде барады? (Күзде орман іші өте әдемі онда жеміс жидектер де піседі.) – Олар неден қорықты деп ойлайсыңда? (қасқардан, аюдан, сыбдырдан т.б.). Орманның қалың жеріне неге жүгірді? (Балалар қорыққасын орманның қалың жеріне жүгірді.)

– балалар неден адасып кетті? (Олар жолдан адасмып кетті.) – Дауыс естілді сөйлемін қалай шешшер едіңдер? (Арбаның, машинаның, олрды іздеген адамның дауысы естілді.) – Сол кезде балалар не істеді? (Олар дауыс шыққан жаққа қарай жүгірді.) т.с.с. Балаларға ат қойылады, барлық сөйлемдер осылайша толықтырып, әңгіме құрастырылады, оған ат ойластырады, жоспар жасалады, жоспар тақтаға жазылады. Сөйтіп, жоспар бойынша балалар әңгімені ауызша мазмұндайды, қажет болса, жазады.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет