Мазмұндама Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Биоэнергетика Биомасса Биодизель және биоотын Қорытынды



бет1/4
Дата16.11.2023
өлшемі38,54 Kb.
#124221
түріМазмұндама
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті



БӨЖ
Тақырыбы: Фотосинтез күн энергиясының табиғи аккумуляторы ретінде

Қабылдаған: Қатпаева Қ.
Орындаған: Тұрсынбай Б.
Тобы: ЖФИ-111

Түркістан 2023ж


Мазмұндама
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Биоэнергетика
2.Биомасса
3.Биодизель және биоотын
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Фотосинтез (көне грекше: φῶς — "жарық" және σύνθεσις — "синтез") - жасыл жапырақ органоидтері, яғни хлоропласт арқылы күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 миллиард тоннадан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұл кезде олар 200 миллиардтай СО2 сіңіріп, оттегі бөледі.
Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж.Сенебье, Н.Соссюр және неміс химигі Ю.Майер болды. 19 ғасырдың 2-жартысында К.А.Тимирязев күн сәулесі энергиясы фотосинтез процесінде хлорофилл арқылы сіңірілетінін анықтады. 20 ғасырдың басында фотосинтездің физиологиясы мен экологиясына арналған маңызды зерттеулер жүргізіледі (В.В.Сапожников, С.П.Костычев, В.Н.Любименко, А.А.Ничипорович т.б.). 20 ғасырдың орта кезінен бастап фотосинтезді зерттеуде жаңа әдістер (газ анализі, радиоизотопты әдіс спектроскопмя. Электрондық микроскоп т.б.) дамыды.
Фотосинтез процесі екі сатыға бөлінеді. Жарық және қараңғы фазалары.Жарық фазасының реакциялары хлоропластың бетіндегі мембраналық түзілім — ламеллада жүрсе, караңғы фазасының реакциялары хлоропласт денесінде немесе стромасында өтеді. Фотосинтездің жарық фазасы реакцияларының әлементарлық өлшем бірлігі — квантосомалар болып табылады. Оның құрамына хлорофилдің 230 молекуласы және электрон тізбегін тасымалдауға қатысатын нәруыздар — цитохром b, с және ферредоксин кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет