1.Дін әлеуметтік құбылыс ретінде, оның қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі 2.«Мәдениет» ұғымы, мазмұны, түрлері 3.Мәдениеттің қоғамдағы орны мен ролі 4.Мәдениеттің формалары 5.Мәдениеттің негізгі элементтері
1Дін қоғамның құрамдас бөлігі, діннің адам мен қоғамға тигізетін ықпалы орасан. Әлеуметтанушылар дінді объективті түрде, ғылыми зерттеулерге сүйене отырып зерттейді. Сонымен бірге дінді құндылық ретінде қарастырады. Бүгінде дін – білімділік деңгейімен мәдениетпен, саясатпен, шиеленістермен біте қайнасып жатқан, қоғамдағы ең бір өзекті проблемаға айналып отыр.
Дін - адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін - имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ халықтың – болашағы жоқ
Діннің міндеті - қандай да бір норманы заңдастыру емес, нормативтік тәртіптің өзін қабылдау. Тиісінше, сөз жүріс-тұрысты саяси құқықтық немесе экономикалық реттеуге қарағанда діннің тереңірек қызметі жайында айтылып отыр. Бұл теориялық тұжырымдама дінді оның қоғамдағы алатын орнымен атқаратын рөлі жөнінде тәжірибелік біршама кең көлемді мәліметтерді түсіндіруге мүмкіндік беретін құбылыс тұрғысынан түсінуді ұсынады. Алайда ол бірқатар қиыншылықтармен кезігіп, міндетті түрде мойындауды кездестіре бермейді.
2 Мәдениет ұғымы латынның cultura сөзінен шыққан, яғни өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу деген мағынаны білдіреді. Мәдениет - әлеуметтік өнім, яғни мәдениет – адамның қолымен жасалған және ой-санасы арқылы өңделген еңбегінің жемісі. Мәдениет қоғамның дамуы үшін қажет. Мәдениеттер салыстырмалы. Мәдениет – проблеманы шешетін құрал. Мәдениеттің екі формасы: материалды және рухани. Рухани формасына – тіл, құндылық, норма жатады.
Мәдениет әлеуметтану үшін маңызы қоғамнан кем емес түсінік. Егер қоғам – адамдар жиынтығы болса, мәдениет – олардың іс-әрекеті қорытындысының жиынтығы.
XVIII ғ. еуропалықтар үшін мәдениет рухани, ақсүйектік (аристократия) белгіге ие болды. Бұл сөз адам сапасының жетілуін көрсетті. Мәдениетті деп оқыған, мінез-құлқы инабатты адамды атады. Осы дәуірдің өзінде-ақ мәдениетті біз сөз сөйлей білумен, картина галереясымен, опера театрымен, жақсы тәрбиемен байланыстырамыз.
Мәдениет түрлері: Әдет Мәнер. Этикет..
Салт. Церемония және ритуал рәсімі Ритуал. Құлық. Заңдар. Ұнам, сән және қызығушылық. Құндылықтар. Білім, аңыздар және сенім. Ар-ұждан кодексі. 3. Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам үғымындағы негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Осыған дейін қарастырылған ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар:
Адамды калыптастыру қызметі.
Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі
Танымдық қызметі
Реттеу қызметі
Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет
4. Формалары:
Элитарлы мәдениет.
Халық мәдениеті.
Бұқаралық мәдениет.
Бұқаралық мәдениет
Субмәдениет.
Контрмәдениет..
Мәдени әртүрлілік
5 Рухани мәдениет элементтеріне өнер, дін, мораль, ғылыми білім, саяси идеалдар мен құндылықтар, түрлі идеялар жатады. Құндылық жеке тұлғаның қызығушылығы мен қажеттілігі, борыш пен идеал, ынталандыру мен мотив сияқты элементтерді қамтиды. Егер рухани мәдениеттің элементтерін қоғамдық сананың бір түрі ретінде қарастырса, онда бұл негізде: