Мәдениеттің жергілікті типі нақты бір аумаққа, мысалы ресейлік қазақтар мәдениетіне ғана қатысты алынады. Ұлттық мәдениет көбіне мемлекет қалыптасуымен тығыз байланысты, мысалы, Қазақстан мәдениеті, Ресей мәдениеті



бет1/2
Дата17.02.2023
өлшемі21,67 Kb.
#68933
  1   2
Байланысты:
Сапарбаева Маржан 102 биология


Баяндама
Мәдениеттің жергілікті типі нақты бір аумаққа, мысалы ресейлік қазақтар мәдениетіне ғана қатысты алынады. Ұлттық мәдениет көбіне мемлекет қалыптасуымен тығыз байланысты, мысалы, Қазақстан мәдениеті, Ресей мәдениеті. Этностық деп бір халыққа байланысты мәдениетті (қазақ, орыс, неміс мәдениеті) айтады. Аймақтық мәдениет деп табиғи немесе аумақтық жағынан жақындасқан халықтар мәдениетін, мысалы ТМД халықтарының мәдениетін айтуға болады. Өркениеттік мәдениет сапалық өзгешелігімен ерекшеленеді, нақты бір өркениет пайда болуымен, мысалы, кеңестік мәдениет сияқты, қалыптасады. Тігінен типтеу арқылы авторлар басым мәдениет, субмәдениет, қарсымәдениет (контркультура) деп бөліп көрсетеді. Басым мәдениетті қоғамның көпшілік мүшелері қабылдап, ол жалпыға ортақ мәдениет болып табылады. Субмәдениет басым мәдениетпен тығыз байланысты, бірақ одан айырмашылығы - қоғамның нақты топтарымен ғана қатысты. Бүл топтар ұлты, діні, жасы, еңбек түрі, қоғам жүйесіндегі орны жағынан ерекшеленуі мүмкін. Осындай бөлінуге байланысты ұлттық, конфессиялык (діни), жаска байланысты, кәсіптік субмәдениеттерді, билеуші элита субмәдениетін, әлеуметтік жағынан төменгі жіктер субмәдениетін бөліп көрсетуге болады. Мысалы, көпұлтты мемлекетте ұлттық (мемлекеттік) мәдениет басым болады, сонымен қатар әр түрлі ұлттардын өзінін этностык субмәдениеті болады. АҚШ-та Америка мемлекетінің басым ұлттык мәдениетіне қоса негірлер, үндістер, сонда тұратын қазақтар, орыстар, т.б. субмәдениеттері бар. Дінге келетін болсак Қазакстандағы барлық діни мәдениеттер субмәдениетке жатады, өйткені Қазакстанда мемлекеттік дін жоқ. Ал кейбір мұсылман елдерінде, мысалы, Иранда, ислам мәдениеті басым да, өзге діни мәдениеттер субмәдениетке жатады. Қарсымәдениет (контркультура) ұғымы мәдениеттер әрекеттестігі қақтығыстарынан туындайды. Мәдениет басым мәдениетке қарсы қойылғанда, онымен қақтығыска түскенде қарсымәдениет болады. Мысалы, патшалық Ресейде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының мәдениеті мойындалмады. Мұндай саясат «ұлыдержавалық шовинизм» деп аталады. XX ғасырдың 60-70 жылдарында Батыстағы жастар арасында хиппи қозғалысы орын алды,ол коғамдык қатынасқа қарсымәдениет болды. Хиппи жалпыға бірдей мораль нормасын мойындамады, кезбелікке салынып, еңбек еткісі келмеді. Олар тыйымсыз кеткен еркіндікті уағыздады. Этностык қайшылықтар кезінде өзге ұлт мәдениеті мойындалмады. КСРО тарап кеткеннен кейін кейбір жерлерде этноцентризм орын алғаны байқалды, мұнда өз ұлтынын мәдениеті асыра мадакталып, өзге ұлттар мәдениеті кемсітілді.
Мәдениеттер типологиясын А.И. Кравченко өзінің «Культурология» оқулығында неғұрлым толық қарастырған. Ол типология құрылымының принциптері мен өлшемдері жайлы айтады. Мәдениетті жіктеу өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Дінге қатысты мәдениет: діни және діни емес болады; аймақтық жағдайына қарай мәдениет батыстық, шығыстық, латынамерикалық бөліп бөлінеді; аймақтық-этностық өлшем бойынша орыстікі, қазақтікі болып бөлінеді; қоғамның тарихи типі туралы айтсақ, онда алғашқы кауымдық, ортағасырлық, индустриялық мәдениетті сөз етеміз; шеберлік деңгейі массалық және элиталық мәдениетті тудырады; мекен-жай-ауылдық немесе қалалық мәдениеттерді - осылай шексіз созыла береді. А.И. Кравченконың пікірінше, мәдениегті жіктеу өлшемдері мен негіздеулер тәртіпке келтірілген жағдайда мәдениет типологиясы да тәртіптке келмек. Профессор Кравченконың пікірінше, мәдениет формалары, түрлері, салалары мен типтері қалайша ажыратылады? Мазмұн мен форма бір-бірімен тығыз байланысты: мазмұн формаға келтірілуі тиіс, ал форма мазмұнға ие болғаны жөн. Көркем форманың мазмұны да көркем болады. Мәдениет формалары деп, автор элиталық, халықтық және бұқаралық мәдениетті айтады. Элиталық мәдениетті элита жасайды. Бұл термин биология саласынан алынған, онда «элита» сөзі іріктеу (таңдау) нәтижесінде алынған «ең жақсы, таңдаулы» тұқым, өсімдік немесе жануарлар дегенді білдіреді. Қоғамға байланысты «элита» деп қандай да бір топ, тап немесе қоғам қабатының неғұрлым көрнекті, таңдаулы өкілдерін айтады. Халықтық мәдениетті халық, ал бұқаралық мәдениет халық үшін жасалады. Мәдениеттің бұл үш формасы бір- бірінен авторлығы, аудиториясы, орындау шеберлігі деңгейімен, көркемдік құралдарымен жан-жақты ерекшеленеді.
Белгілі француз ойшылы Леви-Стросстың «ХХІ ғасыр – гуманитарлық ғылымның ғасыры болады, әйтпесе ол мүлде болмайды» дегені бар. Ал Тарту-Мәскеу семиотикалық мектебінің негізін қалаушы Юрий Лотман болса, «Адамзаттың зияткерлік тарихы – адам жады үшін күрес» дей келе, бұл мәселеге одан да кеңірек қарайды. Лотман мәдениет және тіл, мәдениет және мәтін, мә­де­ниет және тарих, мәдениет және ақпарат, мәдениет және мәтін функ­циясы, мәтін мен тарих, мәтін­нің тарихи заңдылықтары деген күрделі қарым-қатынастарды арнайы қарастырып, олардың түп негізін қозғайды.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет